Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 34

2021-08-12 17:33:02 Варикозды вена тамырлары кеңеюі - әйелдерде жиі кездеседі. Вена тамырларының эластикалығы төмендеуі нәтижесінде пайда болады.

Варикоз себептері:

Тұқымқуалаушылық
Гиподинамия
Артық салмақ
Ауыр физикалық жүктемелер
Ішкі қан қысымын көтеретін аурулар
Оральды контрацевтивтер және гормонадьды дәрілер қабылдау
Жүктілік және босану
Бұлшықеттік тонус әлсіздігі

Варикоздың алдын- алу:

Бұлшықеттік тонус жоғарылату, жаттығулар жасау
Ауыр күштеме түсірмеу
Артық салмақтан арылу
Оральды контрацевтивтер қолданудан бас тарту
Спортпен айналысу

Варикозды вена тамырының кеңеюін анықтау:

УЗИ - төменгі аяқ тамырларын қарау
Ультрадыбысты допплерография

Жалпы қан анализі
Биохимиялық анализ
Коагулограмма

Варикозлы кеңею бар болса және варикозды кеңею мүмкіндігі жоғары болса: арнайы жаттығулар жасау керек.
Жаттығуларды карусельді жылжыту арқылы көре аласыз.
Жаттығуларды күнде 30 мин уақытыңызды бөліп жасасаңыз, варикозға жоқ дейсіз

Варикозды кеңею болса: ұзақ жүру және бір орында ұзақ тұруға болмайды.
Венозды іркілісті болдырмау керек!

Варикозды кеңеюдің асқынысы:
ТЭЛА - Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)

Варикозды кеңею кезінде веналық тамырларда қанның іркілісі пайда болады, ол ағзаға өте зиянды асқыныстарға алып келеді. Тромб түзілуі мүмкін. Тромбтың ТЭЛА- ға алып келу мүмкіндігі жоғары.

Емі: тек дәрігер тағайындауымен

Гепаринді мазь немесе гельдер қолдану.
Гепарин тері астылық енгізу
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер: диклофенак, ксефокам
Физиотерапия: электрофорез гепарин немесе детралекспен. Дарсонваль: микроциркуляцияны жақсартады.

Көп мөлшерде су ішу- қанның қоюлануының алдын алады

Варикозды вена кеңеюі мазалайды ма? Ем қабылдап жүрсіз бе?
987 views14:33
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:54:03 Етеккір циклі - физиологиялық жағдай, әйел адамның жыныстық жүйесі қызметінің циклдік өзгерісі.

Етеккір циклі кезінде әйелдің ағзасы жүктілікке дайындалады, егер жүктілік болмаған жағдайда процесс(етеккір келуі) қайталанады.

Етеккір циклі 21-35 күн аралығын қамтиды, яғни алғашқы келгеннен бастап 21-35 күннен кейін қайталанады. Көбінесе цикл 28 күнді құрайды. (28күнді цикл әйелдердің 60% -да болады)

Етеккір ұзақтығы 3-6 күн болуы керек. Егер 7 күннен асып кетсе дисфункциональді жатырлық қан кету болып есептеледі!
Етеккір циклін Орталық жүйке жүйесі реттейді

Етеккір ауырсынусыз келуі керек Егерде ауырсынумен келетін болса себебін анықтап емделу керек!

Етеккірдің келуінің бұзылу себептері:
Күйзеліс (стресс)
Жүйке жүйесінің аурулары
Авитаминоз
Семіздік
Жыныстық жетілу бұзылыстары
Қалқанша безі аурулары
Гормональді өзгеріс
Климакс
Инфекциялық аурулар
Эндокринді бездердің бұзылысы

⚕ Етеккір циклі периодтылығы бұзылып, 1ай немесе бірнеше ай келмесе ( жүктілік туындамаған жағдайда), гинеколог консультациясына бару, және анализдер тапсыру керек! Міндетті түрде себебін анықтау керек

Жыныстық жүйе денсаулығы жақсы болғанын қаласаңыз! Жыныстық гигиенаға көңіл бөліңіз! Егер қызыңыз болса, қызыңызға жыныстық гигиенаның маңыздылығын кішкентайынан үйретіңіз, етеккір циклі туралы ақпараттандырыңыз

Интимді гигиена: Әртүрлі сусабындармен немесе интимді гельдердің құрамына көңіл бөліңіз, өйткені олар жыныстық микрофлораның балансын өзгертуі мүмкін. Микрофлора балансы өзгерсе молочница сияқты әртүрлі инфекциялар дамиды.
Таза сумен жуынудың өзі жеткілікті!

Гигиеналық төсемелерді күнделікті қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда 2сағ артық болмау керек ауыстыру керек!

Қорғану, яғни ұрықтануға қарсы дәрілер қолданудан бас тартыңыз! Басқа жолдарын іздеңіз.
Ұрықтануға қарсы дәрілердің: зиянды кері әсерлері өте көп, бірнешеуін атап өтейін:
- эмоциональды өзгеріс
- көктамырларды варикозды кеңеюі
- акне, терілік бөртпелер
- вагинальды кандидоз
- иммунитет төмендейді.
Ақпарат сізге керекті болды ма?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
516 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 16:35:19 Жүктілік кезінде аяғыңыз істі ме?

Еш уайымдамаңыз, егер аяқтың ісуі жүкті емес әйелде, ер адамдарда т.б. кездесіп жатса, міне сол ойландыратын мәселе...

Жүктілік кезінде әсіресе 7 айдан кейін аяқтың ісуі қарқын ала бастайды, себебі жүктілік кезінде жатыр 500 есе ұлғаяды да ұлғайған жатыр аяқ қан – тамырларын қысып, қысымды жоғарылатып, аяқтың ісінуіне алып келеді.

Жүкті әйелдің гормональді фонының өзгеруіне де байланысты аяқ ісуге бейім келеді. Бұл босанғаннан кейін еш із қалдырмай кетеді.

Аяғы ауыр оқырман, егер аяқтың ісінуі мен қоса қол, бет, іш қуысы ісіне бастаса, зәрде белок табылса, артериальді қан қысымыңыз жоғарыласа жедел түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Егер тек аяқ ісінуі мазаласа аяқты көтеріп жиірек жатыңыз, күнделікті шынтақ-тізелік позада тұру жаттығуын жасасаңыз болады.
Күніне 3-10 минуттан 5-6 рет.Бұл жаттығу арқылы сіз, қантамырды қысып тұрған жатырды босаңсытып, аяқ қанайналымын реттеу арқылы ісінуді болдырмайсыз. (суретін жылжытып көріңіз).

Жүктілік кезінде осы жағдай сізде болды ма немесе дәл қазір мазалап жүр ме? Жаза отырыңыздар
276 views13:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 18:49:25 Конъюнктивит - бір немесе екі көздің конъюнктивасында дамитын қабыну процесі. Бұл ауру кішкентай балаларда жиі кездеседі және көбінесе иммунитеттің төмендеуіне байланысты болады.

Конъюнктивиттің түрлері:
бактериялық
вирустық
аллергиялық
аденовирустық

Ең көп кездесетін түрі бактериялық түрі

Балалардағы аурудың белгілері

Баланың жасына қарамастан, бұл ауру дерлік келесі белгілермен бірге жүреді:

жарыққа сезімталдықты арттыру;

көздің қызаруы, ісіну;

жабық көздермен ұзақ уақыт болғаннан кейін, мысалы, ұйқыдан көздің желімделуі;

сары қыртыстардың қабақтарында пайда болуы;

аурудың бактериялық түрінде көру органдарының іріңді ағуы;

тәбет болмауы

ұйқының бұзылуы.

үлкен жастағы балалар көздің көру қабілетінің төмендеуі болуы мүмкін

Балаларда бактериялық конъюнктивитты емдеу

Егер аурудың себебі баланың денесінің бактериялық зақымдануымен байланысты болса, онда баланың бір немесе екі көру органынан іріңді кетуі міндетті. Мұндай жағдайларда

жергілікті антибиотиктерді пайдалану міндетті болып табылады. Әдетте бұл категорияда левомицетин тамшылары және тетрациклин майлары сияқты препараттар қолданылады.

Сонымен қатар, альбукид тамшыларының балалардағы іріңді конъюнктивит емінде қолданылуы. Кейбір жағдайларда бұл ауру ауыр аурулардың көріністерінің бірі бола алатындығын түсіну керек.

фурациллин ерітіндісімен күніне 2-3рет сүрту керек

Егер қабылданатын шаралар қалаған нәтижеге жетпесе және аурудың барлық жағымсыз белгілері сақталса, сіз офтальмологты мүмкіндігінше тезірек тексеріп, тиісті емдеуді тағайындауға тиіссіз.

Сіздің балаңызда көз ауруларымен ауырды ма? Қалай емдедіңіз?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
549 views15:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 15:55:55
Еңбектеудің пайдасы

Еңбектеу кезінде баланың аяқ-қолдары бір уақытта қимылдап, миы үнемі жұмыс үстінде болады. Оң қолы алға жылжығанда сол аяғы қимылдайды. Ал сол қолы қимылдағанда керісінше оң аяғы жұмыс істейді. Бұл кезде баланың қан айналымы жақсарып, денесі шынығады. Еңбектеген бала ширақ болып өседі.

Негізінде дені сау бала 6-7 айдан бастап еңбектеуді бастайды. Ал кейбір балалар төрт айында-ақ аударылып, артқа қарай қозғалады.

Ал кейбіреулер 1 жасына жақындағанда бір-ақ еңбектей бастайды. Бұл үшін алаңдаудың еш қажеті жоқ. Бастысы бала еңбектеуге талпынып, қозғалыста болса болғаны

Баланы еңбектеуге қалай үйрету керек?

1. Кеңістікті шектемеңіз.

Бала еңбектеуді үйрену үшін кең әрі таза жер керек. Манежге салып қоймаңыз. Өз еркімен бөлмеде жүруіне жағдай жасаңыз.

2. Еденді дайындаңыз.

Еденнің үстіне кілем төсеп қойыңыз. Линолеум мен паркетте баланың аяқ-қолдары сырғанап, еңбектеуге мүмкіндігі болмайды.

3. Мақтап ынталандырып отырыңыз.

Барлық бөлмелерге бір-бір ойыншықтан немесе баланы қызықтыратын заттар қойыңыз. Бала соған жету үшін талпынады.

4. Еңбектенуге үйретіңіз.

Егер бала жатса немесе отырса, онда қолы жетер-жетпес жерге ашық түсті ойыншық қойыңыз. Бала соны алу үшін әрекет етеді.

5. Қауіпті заттарды жоғарыға қойыңыз.

Бала еңбектейтін бөлмеде артық заттардың болмағанын қадағалаңыз.

6. Балаға қалай еңбектеу керектігін көрсетіңіз.

Оның көкірегінен ұстап жоғары көтеріңіз де қозғалуға үйретіңіз. Өзіңіз де еңбектеп көсетсеңіз, бала соны қайталайды.

7. Жаттығу жасаңыз.

Балаға міндетті түрде күн сайын жаттығу жасау керек. Ол баланың бұлшық еттерін қатайтады әрі тезірақ еңбектеуге, жүгіруге үйретеді.

Сіздің балаңыз неше айдан бастап еңбектеді

Құрбыңызбен бөлісіңіз
90 views12:55
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 17:07:56 Қойдың майымен емделесіз бе?

Кішкентайымыздан мамамыз қай жеріміз ауырсада ішіміз, арқамыз, тұмау болғанда қойдық майымен сылап өсірді, ол кезде иісі ұнамайтын, ысытып тұрып жағып беретін.

Сөйтіп оқуға Қарағанды қаласына түскенде, мама бірінші очред қойдың майын дайындайтын болды, еще өзім сол қалаға баратын алдында операция жасатып, күтініп, жылы жүру керек болды. Қарағандының суық екенін білесіздер ғой, ол жақта жағып беретін ешкім жоқ, өзім үшін жағатын болдым, қасымда қойдың майының иісіне шыдай алмайтын қыздар пайдасын көріп, оларда қолданатын болды

Ең қызыға жаңадан келін болып түскенде үйдегілірдің қай жері ауырса да, қойдың майын жағыңыз қойып қалады дейтінмін. Сол кезде мама(енем) біз өзі врач қыз алдық па деп күлген болатын, врачтар қарсы ғой деп , мен қойдың майымен емдеймін дегенмін, әлі солай айтамын.

Қазір күйеуім басым ауырып тұр, суық ұстап қалған сияқты,қойдың майымен массаж жасап берші дейді

Жұмыс істеп жүргенімде үлкен кісілер аяқ қолым қақсайды дегенде,қойдың майын жағып қойыңыз деп айтып қоятынмын

Аяғым ауыр кезде де ішімнің төмен жағына жағып қоятынмын.

Балаларға да пайдасы көп, егер білгілеріңіз келсе лайк басып, комментарий жазып кетіңіздер

Қойдың майының пайдасының сырын білгіңіз келе ма?

Сіз қойдың майын қолданасыз ба?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
240 views14:07
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 18:20:11 МОЙЫН ҚИСЫҚТЫҒЫ

Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерінің, қаңқасының және нервтерінің өзгерісінен туындаған ауру, ол бастың еңкеюімен және қарсы жағына бұрылуымен көрініс береді.

Мойын қисықтығын емдемеген жағдайда:

✓ мойынның қан айналымы бұзылады
✓ баланың басы ауырады
✓ зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды
✓ мойынның артқы жағында қан қоюланады
✓ өкпенің тыныс алуы бұзылады.

Емдеу жолдары:
— емдік массаж
— емдік жаттығулар
— физиотерапия
— ортопедиялық жастық (подушка)
— ортопедиялық мойын орағыштарды тағу, әсіресе Шанц мойын орағышы
— суда жүзгізу
— жоғарыда көрсетілген емдердің ешбірінен нәтиже болмаса, 1 жастан кейін ота жасау арқылы дәрігерлер қалпына келтіруге тырысады.

Көп жағдайда мойынның қисықтығы- баланың бір жаққа қарай ыңғайланып емуінен, жатуынан болады. Баланы неғұрлым ертерек емдей бастасаңыз, соғұрлым тез мойынын қалпына келтіресіз. Мойын қисықтығын қалпына келтіретін ең шипалы ем—массаж.

Мойын қисықтығын қалай емдедіңіз? Бөлісе отырыңыз

Құрбыңызбен бөлісіңіз
891 views15:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 12:23:23 Саумал – жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім.

Саумалдың құрамында белок, амин қышқылы, тез еритін май, оттегі және организмге керек кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром сияқты минералдар, С, А, В1, В2, В6, В12, Е, РР дәрумендері бар. Жалпы саумалдың құрамында 80-ге жуық биологиялық белсенді қоспалар бар екендігі анықталып отыр.
Ол ағзаға сіңірілу кезінде, ас қорыту процесіне қатысатын органдарға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сондықтан, дененің қалыпқа келу процесін жылдамдатады.

Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, суық тию мен тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады.

Ол қан айналымын жақсартып, ер азаматтардың потенциасын күшейтеді.

Сондай-ақ, саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасын емдеуге болады.

Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Айта кету керек, бұндағы кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді.

Ал құрамындағы С дәруменінің мөлшері, сиырдың сүтінен 7 есе жоғары.

Еуропаның ғалымдары саумалды емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді.

Негізінде саумалды күніне 4-5 рет, тамақтанудың алдында 20-30 минут бұрын, 250 милиграммнан ішкен абзал.

Осылай жалғасса бір аптадан кейін, адамның көңілі көтеріліп, ұйқысы жақсарып және тәбеті ашылады.

Емделу уақыты – 1 ай.

бие сүті сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде негізгі қасиеттерін жоғалтады.

Бірақ саумалды мұздату арқылы "өмірін" ұзартуға болады. Сол уақытта табиғи өнім барлық биологиялық белсенді компоненттер мен дәрумендерін сақтайды.

Ал сіз саумал ішіп тұрасыз ба
Егер ақпарат ұнаса комментарий жазып ,сақтап алыңыздар.

Құрбыңызбен бөлісіңіз
842 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 16:28:19 Құрманың пайдасы

Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады.

Құрманың құрамындағы окситоцин деген химиялық зат медицинада босанатын әйелге жәрдем беретін препарат ретінде қолданылады. Окситоцин- босану процесін жылдамдатады. Сондықтан аяғы ауыр қыз-келіншектер құрманы көп жеңіздер,әсіресе босанар алдында және босанғаннан кейін жеу өте пайдалы себебі: құрма сүттің көп шығуына көмектеседі

- Құрма 50 пайыз қанттан құралған, бірақ семіртпейді. Ол ағзада тез таралады, қант шырыны жүйке жүйені тыныштандырады.  Құрма мидың қызметіне өте пайдалы, себебі 2.2 % ақуыздан тұрады. Ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады.

-А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады.

-В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді.

- Құрма В9 (фолиевая кислота) дәруменіне өте бай.Құрманың нәрлілігі тұқымдағы адам жасушаның түзілуіне қатысушы маңызды дәрумен.

- Жүкті әйелдерге керекті калий бар, ол болашақ ананың ағзасындағы судың тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі. Калий ағзаға миға қажетті оттегіні алуға көмектеседі және де ойдың сергектігін қамтамасыз етеді

- Қан аздықтың алдын алады және де баланың дұрыс жетілуіне көмек береді. Құрма темірге бай, сондықтан да күніне 15 құрмадан артық жеген адам ағзаға қажетті темірді алған болады.

- Құрмада кездесетін кальций және фосфат қаңқа мен тіреуіш әрі қозғағыш аппараттарының дұрыс қалыптасуын қамтмасыз етеді. Бұл жемісті үзбей жеу- ағзаны сынғыш сүйек пен остеопороздан сақтайды.

-Құрманың құрамындағы магний бүйрекке ең пайдалы зат. Күніне 2-3 тал құрма жеген адам ағзасына қажетті магнийдің тәуліктік мөлшерін алған болады.

Сіз тағы құрманың қандай пайдасын білесіз,бөлісіп кетіңіз.

Құрбыңызбен бөлісіңіз
524 views13:28
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 15:28:37 Баланың арқасында тiкенек қалай пайда болады?

Нәресте туылғанда оның терісі қызарып тұрады. Терінің қызаруы кеткен соң орнында эпителий қабаты мен түктер түзіледі. Сол туктер сәбидің бір қалыпта ұзақ жатуы әсерінен ұйпаланып, түйіршіктеліп қалады.

Бұл жағдай кез келген нәрестеде бола бермейді. Егер белгілері нәресте дүниеге келген алғашқы айда білінсе, қажетті шараны жасау керек. Егер алғашқы айында «тікенек» байқалмаса, одан кейін пайда болмайтын көрінеді

Нәрестеде «тікенек» бар екенін қалай анықтайды?
Сәбиді жақсылап шомылдырып, оны екбетінен жатқызады да, арқасына арнайы маймен массаж жасап уқалайды. Егер 3 минуттық уқалаудан соң ештеңе шықпаса немесе түйіршіктелген түктер байқалмаса, «тікенек» жоқ деген сөз. Ал қолға түктер байқалса, демек алып тастауға тура келеді. «Тікенегі» бар баланың белгілері:

Жақсы ұйықтамау және түнде көп мазасыздану
⠀ Қыбырлап бір орында жатпай қимылдау беруі
Арқасынан немесе басқа да жерінен сипағанда қолға шаншылудың әсерін сезу
Уақытынан ерте - 2 апта бұрын өмірге келген нәресте
Шомылдырған соң массаж жасағанда ірі түктердің түйіртпектеліп пайда болуы

Сiздер қалай алдыныздар? Осындай жағдай болды ма?

Пайдалы кеңестер
206 views12:28
Ашу / Түсініктеме