Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 31

2021-09-21 16:10:47 БАЛАМНЫҢ БАСЫН СҮЙСЕМ КҮЙІП ТҰР

Температура өлшеуге ерінді емес градусник пайдаланамыз

Бастың ыстық болуы онда қанайналым жоғары болады. Баланың аяқ-қолы мұздаса да басы ыстық болып тұрады. Өйткені өмірлік маңызы бар органдар яғни бас-ми, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек сынды ағзаларға жылу кетіп жатыр.

Температураның нақты көрсеткішін балада қолтық астынан есептейміз.

⚕️ҚАЛЫПТЫ ТЕМПЕРАТУРА МӨЛШЕРІ

Қолтық асты
1 жасқа дейін 37.2-37.5 С
2 жастан жоғары 37.2-37.5 С

Құлағы, тік ішегі
1 жасқа дейін 38.2-38.5 С
2 жастан жоғары 37-37.9 С

Ауызы
1 жасқа дейін 37.7-38 С
2 жастан жоғары 35.5-37.7

Сонымен қатар температура түсіруші препараттарды 4 сағаттан жиі қолдануға болмайды.

Тырыспа(судорог) бар балалардың температурасын максималды деңгейге жеткізбей түсіру керек.

Алдымен сылау, қолтық, шат, бас, мойынын салқын сулы дәкемен сүрту арқылы түсіріп көріңіздер. Нәтежие бермесе ғана ыстық түсіретін дәріге жүгінеміз.

Баланы сылауға тікелей спирт, уксус қолдануға болмайды

Балада температура түссе де участкелік педиатрға көрсетіңіз.

Сіз балаңыздың температурасын түсіру үшін не істейсіз?
940 views13:10
Ашу / Түсініктеме
2021-09-20 16:29:10
СҮЙІҢІЗ БІРАҚ ТӨТЕНІНЕН ЕМЕС

⚕️ Медицинада баланы жиі құшақтап, сүю иммунитетін нығайтады.

ХАДИС былай дейді:

«Перзенттеріңді көп сүйіңдер, әр сүйгенде жәннаттағы дәрежелерің көтеріледі.» (Бұхари)

«Сәбидің иісі – жәннат иісі.» (Табарани)

«Нәресте – дүниеде нұр, ахиретте бақыт.» (Шира)

«Балаларды жақсы көріп, бастарын сипаңдар, олар көңілдің жемісі, көздің нұры.» (Әбу Яла)

«Перзенттеріміз – сүйіктілеріміз.» (Б.Арифин)

«Перзентті жақсы көру – тозақ отына қарсы перде болады. Балаларға жақсылық жасау – сырат көпірін өтуге себеп. Олармен бірге ішіп-жеу – тозақтан құтылу деген сөз.» (Шира)

«Жәннаттағы "Қуаныш сарайына" тек балаларды қуантқандар ғана кіреді.» (И.Адий)

«Перзенттеріңе сый-сияпат көрсетіңдер, ата-ананың сендерде ақылары бар болғанындай, перзенттеріңнің де сендерде ақылары бар.» (Табарани)

«Перзентіне жақсылық жасау үшін перзентіне жәрдемші болған әкеге Аллаһ рахмет етсін!» (И.Хиббан)
259 views13:29
Ашу / Түсініктеме
2021-09-18 20:12:44
Керемет мүмкіндік

Таргетолог мамандығын меңгеру

Тегін МАРАФОН

Білім алып пайдаңызға жаратасыз

Таргетолог маркетолог СММ мамандығын игеріп шығасыз

Кез келген КӘСІПКЕ реклама жасап уйренесіз

Баннер жасап уйренесіз

Барлық сабақтарды табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік

Сертификат беріледі

Серіктес болганыңыз үшін жобаны сатуға болады

Толығырақ
Перейдите по ссылке, чтобы вступить в мою группу в WhatsApp: https://chat.whatsapp.com/IgiwXaWr6LzIjsNPy0kev5
296 views17:12
Ашу / Түсініктеме
2021-09-18 17:02:01 ХОДУНОК БАЛА ҮШІН БЕ ӘЛДЕ АНА ҮШІН БЕ?

Маған жиі қойылатын сұрақтың бірі баланы ходунокке қашан отырғызсам болады?

Дамыған елдерде ходунокты базардан да басқадан да таппайсыз. Зиянын дәлелдеп, қолданыстан алып тастаған. Ресей педиатрлары осыны үнемі үндеу жасап айтып жүреді.

Біз әр нәрсеге құмартып белі қатпаған баланы ходунокқа салбыратып отырғызып қоюға бейімбіз.

Бала алдымен жүруді үйрену үшін аяқ-қолының бұлшық еттері жақсы дамуы керек.

Ол үшін бала алдымен ұзақ еңбектеу керек.
Ал ходунокке отырған бала еңбектей алмайды. Өзін тік ұстай алмайды.

Егерде бала ешкімнің көмегінсіз, өзі тұра алмайтын болса, яғни баланың аяғы мен омыртқасы аяғын басуға дайын емес деген сөз
Ал ходунокке отырған бала, өзін зорлап, аяққа тұруға мәжбүр болады.

Денесі қатаймаған баланы ходунокке отырғызған кезде, омыртқаға салмақ түсіп, қисаюы ықтимал.

Ходунокке отырған бала, аяққа салмақ түскеннен кейін аяқтың ұшымен жүріп, аяқты ішке/сыртқа басу, майтабандылық т.б пайда болуы мүмкін.

Ходунок тек аналардың қолын ұзарту үшін жасалған. Балам әр жерде емес ходунокта отыр, еш жерге құлап қалмайды, қауіпсіз деп қолдарын босатып тірліктерін жасап жүре береді.

Балаңыздың денсаулығына алаңдайтын көзі ашық, оқыған ана ретінде балаңызды ешқашан ходунокке отырғызбаңыз! Тіпті қанша жерден ортопедиялық болса да.

ХОДУНОКТЫҢ ЕШҚАШАН ПАЙДАСЫ БОЛҒАН ЕМЕС!
Бала табиғи жолмен, өзі еңбектеп, өзі отырып, өзі жүруі қажет

Ал сіз балаңызды ходунокқа отырғыздыңыз ба? Осы жазбаны оқығаннан кейін отырғызасыз ба?
174 views14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 17:25:13 БӘРІН ҚОЙЫП ШӨП ЖЕЙМІЗ БЕ?

Жоңышқа - кәдімгі жайылымда өсірілетін, малдың азығы. Бірақ біз мал жейді деп жүрген жоңышқаның қаншалықты емдік қасиеті бар екенін білмейді екенбіз.

Бұл өсімдік нағыз витаминнің қайнар көзі, иммундық жүйені күшейтіп, ағзаны қыздырады екен дейді халықтық ем.

Жоңышқа жерді құнарландыру мақсатында да егіледі. Оны тіпті жер санитары деп атаса да болады. Себебі жапырақ, сабағына құрт түспейтін таза өсімдік.

Қазіргі дүбелеңде дертіне шипа іздеп шабылғандар бір сәт табиғаттың бергенінен ем де алсын.

Жоңышқаның пайдасы мен қолдану әдісі:

Денені қуаттандыру үшін: жаңа көктеп шыққан жоңышқаның жапырағын шекер қосып жаншып жеп тұрса, қанды көбейтеді, денені қуаттандырады, сірке қышқылына жаншып, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.

Қолдың және аяқтың қалтылдағанына: жоңышқаның жапырағын мол алып қайнатып, қалтылдаған мүшеге күніне екі уақыт таңады немесе бұлаулайды, сондай ақ жоңышқа ұрығының майын қыздырып, әр күні жағып сылайды.

Асқазан-ішек жолдарын тазалауға (сау адамда) мамыр айының басында жаңа көктеген жоңышқа жапырағынан манты жасап жесе Іштегі жиналған қалдық заттарды (қыл-қыбыр және басқаларды) айдап түсіреді. Адам денесі сергіп, ас қорыту жолдарының жұмысы күшейеді.

Халық емшілерінің тәжірибесінде көктем мезгілінде жоңышқаның жаңа шыққан кезіндегі жапырағын көкөніс ретінде ет, майға араластырып тағам істеп азықтану денсаулыққа пайдалы. Ол кезде улылығы жоқ, жапырағы балғын болады.

Не болмаса ыстық суға шай етіп тұндырып ішсеңіздер де болады.

Басты құрамы: жабайы өскен жоңышқа мен екпе жоңышқаның дәрілік құны ұқсас. Құрамында А, В, С, Е витаминдері және белок, амин қышқылы бар.

Ескерту!!! Жүктілер мен балаларға
қарсы көрсетілім бар.

Пост пайдалы болса лайк басып сақтап алыңыздар. Жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Сіздер халықтық емге сенесізер ме?
501 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2021-09-15 17:18:50 Жоғарғы қан қысымы

Бакалаврда оқып жүргенде құрбым екеуміз ғылыми жұмыс қорғадық. Тақырыбымыз – инсульт, оның ішінде ишемиялық инсульт. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында, Қазақстандағы инсульттан кейінгі оңалту орталықтарын, инсульт алған пациенттерді де көрдік. Алысқа бармай-ақ қояйық, кеше ғана апамыз инсульт алды деп естідік. Одан бөлек инсульт орталығында істейтін құрбым, 20 адамға арналған инсульт орталығында 40 адамның жатқанын айтты. Ауруханаға артериалдық кризбен түскен әр екінші науқасқа ( 220/120 мм.рт.ст) МРТ жасасақ, бастарынан микроинсульт анықталады. Бұны ойдан шығармадым. Инсульт орталығындағы әріптестерімнің сөзі, жүргізген статистикасы.

Өзім де стационарда жұмыс істеп көрдім. Тіпті қабылдау бөлімінде де болдым. Сонда істегенде қан қысымы түспей қойған науқасқа неврологты шақыртып, инсультқа тексеретінім есіме түсті. Бүгін «инсульт жоқ» деген нәтиже болғанымен, ертеңіне сол пациентім инсультпен оралғанда не істерімді білмейтінмін. Стационар жұмысы өте ауыр. Кеше күліп жатқан адам, ертең сөйлей алмай қалуы мүмкін. Тіпті таңертең оянбай қалуы да ғажап емес.

Енді сол инсульттың көп себебін былай ысырып қойып, қарапайым ғана бір себебін айтайын. Ол – қазір екінің бірінде кездесетін қан қысымы. Сізде қан қысымы бар ма? Сізге тұрақты түрде дәрі іш деді ме? ТҰРАҚТЫ? Онда тұрақты ішіңіздер! Иә, тұрақты дәрі ішкен қиын, иә, жанама әсері болуы мүмкін. Бірақ ішу керек. Ішілу керек. Әйтпесе соңы инсультке әкелуі ғажап емес.

Тағы бір сұраққа жауап. Қан қысымын дәрісіз тұрақтандыруға бола ма? Иә, болады. Ол үшін еңбектенесіз. Өттің жұмысын реттейсіз. Дұрыс тамақтанасыз. Холестеринді түсіресіз. Спорт қосасыз. Дефициттерді толтырасыз. Еңбектенгіңіз келмей ме, ең құрығында дәрі ішіңіз.

P.S Ал сіздің айналаңызда инсульт алған адам болды ма?
391 views14:18
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 17:34:46 Тершеңдік дегеніміз - тердің шамадан тыс бөлінуі.

Тер бөліну арқылы біздің ағзамыздағы жылу бөлу реттеледі. Қарапайым тілмен айтсақ, егер ағзада жылу көп болса, сол жылуды шығару мақсатында тер бөлінеді.

Ал тершеңдік дегеніміз - сол тердің шамадан тыс бөлінуі. Көп жағдайда, тершеңдік өзі ауру болмайды. Ол бір аурудың фонында жүретін екіншілікті симптом болуы мүмкін. Кейде тек аяқ-қолдың, қолтықтың терлеуімен жүруі мүмкін. Кейде барлық денені тер басады. Кейде түнде тер бөлінуі күшейеді. Бұндай жағдайларда, мынандай ауруларды жоққа шығару керек:

1. Қалқанша безінің аурулары (гипертиреоз, тиреотоксикоз )
2. Қандағы қант құрамын тексеру (қант диабеті)
3. Орта жас әйелдеріндегі менопауза
4. Созылмалы стресс ( егер әрдайым стрессте жүре берсеңіз, біраз ауруға алып келуі мүмкін екенін ұмытпаңыз)
5. Жүйке-жүйесінің бұзылысы (әсіресе терморегуляция орталығының бұзылы)
6. Әртүрлі онкологиялық (ісіктік) аурулар
7. Туберкулёз, бруцеллез сияқты инфекциялық аурулар.

Гипергидрозды қалыпты тер бөлінуімен шатастырмағаныңыз жөн. Адамнан тердің бөлінуі қалыпты жағдай. Тер бөліну арқылы ағзадағы біраз керексіз дүниелер сыртқа шығады. Сондықтан тер бөлінетін пораларды бекітіп тастауға болмайды. Қарапайым қолтыққа жағатын дезодоранттың әсері 6 сағаттан аспағаны жөн.
Кез-келген аурудан құтылғыңыз келсе, ауруға не істеймін деген сұрақты бірінші қоймаңыздар. Аурудың себебінде не жатыр деген сұрақ мазаласын. Сонда ол аурудан айығуға болады

Ақпарат пайдалы болды ма? Әдеттегідей сұрақтарыңыз болса
1.1K views14:34
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 17:58:22 Тәттіден қалай бас тартамыз?

Ал енді неге біз тәттіге сонша құмармыз? Егер сіз күнделікті тәтті жейтін болсаңыз, сізде психологиялық емес, физикалық тәуелділік пайда болады. Яғни, қант сіздің зат алмасуыңыздың құрамына кіреді.
Енді тәттіден бас тарту үшін сіз расымен "ЛОМКА"-дан өтуіңіз керек. Бұл оңай емес! Бірақ, қиын да емес!

Күнделікті тәтті жеу, аштық сезімін күшейтеді
Тәттіні жеген сайын, қарныңыз аша береді Сосын, салмақ жинайсыз

Өзіңізге 1 апта бөліңіз. Алғашқы 3 күн сізге өте қиын болатыны сөзсіз. Тіпті, басыңыз ауырып, денеңіз қақсауы мүмкін. Көңіл күйіңіздің төмен болатыны сөзсіз, елді жақтырмайсыз 100%
1 аптадан асқанда сіз тәттіні іздеуді қоясыз. Тек шыдап кету керек!

Ішіңізден мен тәттіні жақсы көремін, тәттісіз өмір сүре алмаймын деп ойлауыңыз мүмкін. Расында, ол сіз емес, сіздің денеңізде физикалық тәуелділік пайда болады. Сондықтан, сіздің кінәңіз жоқ

Ал, енді тәттіні жегім келген кезде не істеймін?

Жеміс

Көөөөп жейміз. Егер сізді тәттіге тартса онда сізге жеміс пен жидек жетпейді деген сөз. Сол себепті де сізді тәттіге тартады. Ал жемістің орны толған кезде, тәттіге құмарлықта азаяды.

Алма, апельсин, киви, малина, бүлдірген.... Не бар соның бәрін жей беру

Қазір барлығымыз үйдеміз. Соны пайдаланып, тәттіден бас тартып көрейік! Күннің соңында мені белгілеп, сториз салыңыз. Мен сізге мотивация беріп жігерлендіремін, қосымша кеңестер беремін
Және коментарийге +++ қойып кетіңіздер
Сіздің қолыңыздан келеді!

Ал, кім қосылады? Жекеме " Мен тәттіден бас тартамын" деп жазыңыздар, алғашқы 10 адам

P.S Қандай шоколад пайдалы екенін жазайын ба?
563 views14:58
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 17:28:39 Терім таза болсын десеңіз....

1. Балыыық Жап-жақсы майлы балық. Балық құрамындағы омега-3 және нәруыздар терінің эластикалығын сақтап, УФ-сәулелерден қорғайды.
Омега-3 ең бай балықтар: • лосось • Скумбрия • Сельд
Ал, балықтың құрамындағы Е витамині, теріні бос радикалдардың зақымдануын қорғайды, қабынуға қарсы тұрады.

2. Авокадо

Табиғат пайдалы майға және де Е витаминіне бай.
Теріні ылғалдандырады.
Зерттеуге 700 әйел алып, рационға авокадо қосқаннан кейін, олардың терілеріндегі үлкен өзгерісті байқаған. (более упругий)
Ал құрамындағы С және Е витамині күннен және теріні қартаюдан сақтайды.

100гр немесе жарты авокадо да
10% витамин Е
17% витамин С бар.

3. Сәбіз

Бета-каротин немесе провитамин А
Каротиноидтар, тіпті теріге күннен қорғайтын крем сияқты әсер көрсетеді.
Ылғалдылығын сақтайды.

4. Брокколи
Құрамында витамин А және С, цинк, пайдалы минералдар бар.
Құрамындағы лютеин теріні құрғақтанудан және әжімнен сақтайды. Ал, сульфорафан ракқа қарсы әсер көрсетіп, коллагеннің мөлшерін сақтап тұрады.

Лаб.зерттеулер нәтижесінде сульфорафан өлген теріні 29% тазартқан, 48 сағат бойы қорғаныштық қызмет атқарған.

Сіздер қандай өнімдерді білесіздер?
Пайдалы ақпаратпен бөлісуге асығайық

Ақпарат пайдалы болса басуды ұмытпаңыз
609 views14:28
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 16:51:41 Қан қысымының неге көтерілетінін нақты себебі әлі күнге дейін анық емес.

Тек оған алып келетін қауіп факторлары белгілі.
Қауіп факторларының өзін 2 топқа бөліп қарастырамыз.

1. Өзгермейтін
Яғни, сіздің қолыңыздан оны өзгертуге келмейді.
Тұқымқуалаушылық. Егер сіздің ата-анаңыз, жақын туыстарыңыз қан қысымының жоғарлауымен зардап шегетін болса, онда сізде де қан қысымының жоғарлауы болуы мүмкін
. Жас. Жас ұлғайған сайын ауруда көбейе беретіні сөзсіз.

2. Өзгеретін

Семіздік. Тамақтану. Өмір салты.
Бәрі-бәрі әсер етеді.

Алкоголь. Тек қана қан қысымын көтеріп қоймайтыны анық.

Темекі. Тамырдың қабатын құртатын бірден- бір жау

Ас тұзын шектен тыс қолдану. Салатқа, тамаққа көп тұз салу.

Қандағы xолестерин деңгейінің жоғары болуы. Соңғы рет қашан тексеріп көрдіңіз?

Калиий мен магний жеткіліксіздігі.

Стресс. Кім өзін стресске түспеймін деп айта алады?

Міне, осы факторлар қан қысымының көтерілуіне алып келуі мүмкін. Сізде осы факторлар бар ма? Қан қысымының көтерілуінің алдын аласыз ба? Жоғарыда айттым, өзгеретін деп. Яғни, сіз қаласаңыз бұл факторлар сізде болмайды деген сөз
520 views13:51
Ашу / Түсініктеме