Get Mystery Box with random crypto!

Етеккір циклі - физиологиялық жағдай, әйел адамның жыныстық | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Етеккір циклі - физиологиялық жағдай, әйел адамның жыныстық жүйесі қызметінің циклдік өзгерісі.

Етеккір циклі кезінде әйелдің ағзасы жүктілікке дайындалады, егер жүктілік болмаған жағдайда процесс(етеккір келуі) қайталанады.

Етеккір циклі 21-35 күн аралығын қамтиды, яғни алғашқы келгеннен бастап 21-35 күннен кейін қайталанады. Көбінесе цикл 28 күнді құрайды. (28күнді цикл әйелдердің 60% -да болады)

Етеккір ұзақтығы 3-6 күн болуы керек. Егер 7 күннен асып кетсе дисфункциональді жатырлық қан кету болып есептеледі!
Етеккір циклін Орталық жүйке жүйесі реттейді

Етеккір ауырсынусыз келуі керек Егерде ауырсынумен келетін болса себебін анықтап емделу керек!

Етеккірдің келуінің бұзылу себептері:
Күйзеліс (стресс)
Жүйке жүйесінің аурулары
Авитаминоз
Семіздік
Жыныстық жетілу бұзылыстары
Қалқанша безі аурулары
Гормональді өзгеріс
Климакс
Инфекциялық аурулар
Эндокринді бездердің бұзылысы

⚕ Етеккір циклі периодтылығы бұзылып, 1ай немесе бірнеше ай келмесе ( жүктілік туындамаған жағдайда), гинеколог консультациясына бару, және анализдер тапсыру керек! Міндетті түрде себебін анықтау керек

Жыныстық жүйе денсаулығы жақсы болғанын қаласаңыз! Жыныстық гигиенаға көңіл бөліңіз! Егер қызыңыз болса, қызыңызға жыныстық гигиенаның маңыздылығын кішкентайынан үйретіңіз, етеккір циклі туралы ақпараттандырыңыз

Интимді гигиена: Әртүрлі сусабындармен немесе интимді гельдердің құрамына көңіл бөліңіз, өйткені олар жыныстық микрофлораның балансын өзгертуі мүмкін. Микрофлора балансы өзгерсе молочница сияқты әртүрлі инфекциялар дамиды.
Таза сумен жуынудың өзі жеткілікті!

Гигиеналық төсемелерді күнделікті қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда 2сағ артық болмау керек ауыстыру керек!

Қорғану, яғни ұрықтануға қарсы дәрілер қолданудан бас тартыңыз! Басқа жолдарын іздеңіз.
Ұрықтануға қарсы дәрілердің: зиянды кері әсерлері өте көп, бірнешеуін атап өтейін:
- эмоциональды өзгеріс
- көктамырларды варикозды кеңеюі
- акне, терілік бөртпелер
- вагинальды кандидоз
- иммунитет төмендейді.
Ақпарат сізге керекті болды ма?

Құрбыңызбен бөлісіңіз