Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 35

2021-07-24 15:57:50
538 views12:57
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 13:07:16 СӘБИ ТЕРІСІНЕ 8 ТҮРЛІ КҮТІМ

Жас аналарға алтын сырғаның біреуі Давайте бүгін сәбидің обязательно жасау керек тері күтім түрлерімен танысатын боламыз.

Сәби терісі өте құрғақ(атопический дермотитпен) ауыратын болса ғана ылғалдандыратын крем мен бальзам, эмоленттер жағу керек.

7 айға дейін сәбиді күнде шомылдырамыз , ал 7 айдан асқаннан соң күнара шомылдырған жөн.

Шомылдыратын судың температурасы 36,37 градус болсын

Суға түсіп болғаннан соң, буындары, яғни қолтығы, шаптарын, тізе мен құлақтың арқасын құрғатып сүртіңіз

Киімдерін сразу кигізбеңіз баланы құрғатып сүртсеңіз де кішкене уақыт ауа ваннансын сыйлаңыз.

Памперсті ұзақтығын 3 сағаттан асырмаңыз,үлкен дәретке шыққаннан соң сразу ауыстырыңыз!

Үлкен дәретке отырған кезде влажный салфеткамен сүртіп қана қоймай, көтенін рН нейтралды сабынмен ж/е арнайы пенкалармен жуып, міндеттітүрде құрғатыңыз!

Балаңыз обычный ваннандан бөлек күніне бір мезгіл ауа ваннасын алып тұрса, ағзасы мен терісіне өте пайдалы болмақ.

Ал сіз сәбиіңіздің терісіне қаншалықты көңіл бөлесіз?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
737 views10:07
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 16:18:24 Егер сәби 9 айға дейін ЕҢБЕКТЕМЕСЕ?

Күні кеше жас мамаша дайректке осындай хат жіберді.Баласына 2 аптадан соң 9 ай болады екен.Бірақ сәби әлі күнге дейін еңбектемейді.

Таак оның негізі бірнеше себептері бар.Атап өтетін болсақ

Біріншіден, баланың босану кезеңі қиын болған жағдайда, еңбектеуі кеш болуы мүмкін

Екіншіден, ана сүті немесе қосымша тамақ жеткіліксіз болып, бала салмағы аз болған жағдайда.

Үшіншіден, күтімі нашар болса(нақтырақ айтсақ, даже бөлме температурасы да балаға қатты әсер етеді)

Төртіншіден, егер сәбиді иммунитеті нашарлап, жиі ауырған жағдайда.

Егер осындай жағдайлар болса ең бірінші баланы тез арада НЕВРОПОТОЛОГқа көрсету керек.

Сіздің кішкентайыңыз қанша айында еңбектеп бастады? Комментке жаза кетіңіз

Құрбыңызбен бөлісіңіз
750 views13:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 16:42:16 МАТКАНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ

Келіншектердің опрос қойғанда сұрақтарының көбі матканың төмендеуі, оның белгілері мен емі қандай деген.Постты соңына дейін оқысаң сұрақтарға жауап аласың.Ал кеттік

Матка-бұлшық етті мүше.
Формасы-алмұрт тәрізді
Қызметі-жүктілік және босану.

Матка бұлшықетті мүше болғандықтан, созылмалы және қозғалмалы болады.И әр жағынан байламдар ұстап тұрады.

Матка төмендеуінің главный түрлері
Летерофлекция-матканың аналық безге қарай ығысуы.Бездің қанайналымын бұзып, жүктілік болмауына алып келеді.
Ретрофлекция-матканың тік ішекке қарай ығысуы.Тік ішектің қызметінің бұзылуына алып келеді.
Антефлекция-жатырдың қуыққа қарай бұрыш жасап ығысуы.Бала босанғаннан кейін нормально болады.

Матканың төмендеуінің себептері.
Бұлшықет және байламдарыдың өте әлсіз болуы
Ауыр заттарды герой болып көтере беру.(Негізі өзін сыйлайтын және денсаулығына алаңдайтын келіншек 5 кг дан ауыр зат көтермеуі керек)
Абортты жиі жасату

Матканың төмендеуінің емі қандай?
Ваккум, уддиян, наули жаттығуларын жасау(Ютубтан көріңіз)
Қабынған аурулардың барлығын ерінбей емдеу, но гинекологтың тағайындауымен.
Байламдар және бұлшықеттердің бейімділігі үшін пайдалы витаминдер ішу.

Сұрақтарыңыз болса комментарийға қалдырыңыз

Құрбыңызбен бөлісіңіз
2.4K views13:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-16 18:32:10 Сіз АНА болуға дайынсыз ба?


Қыздааар шын айтам,Ана болу жүктіліктен де күшті сезім Тек қана арасында болып тұратын кішігірім қиыншылықтарға төтеп бермей, депрессияға түсіп кетпесеңіз болды
Ана ретінде кеңесім
Жүктіліктің соңғы айларында көбірек таза ауада жүріңіз
Йогамен айналысыңыз
Роддомға сумканы асықпай,киімдер таңдағанда асықпай(балапаныңызды қолыңызда құшақтап тұрғандай сезініп ) алыңыз
күйеуіңізге еркелеп алыңыз(как маленькая девочка)
жүрегіңізге тыныштық сыйлайтын музыка тыңдап, кино көріңіз
кімді сағынып жүрсіз,солармен кездесіп,қыдырып алыңыз
өз қажеттілігіңізге керек ,жаныңызға жақын заттарды алыңыз
Ұйқыңыздың режимі бұзылуына,қысқаруына дайын болыңыз (былайша жүкті кезіңізде от души ұйықтап алыңыз )
Қасыңызда сізді өмірінің мәні мен сізсіз өмір сүре алмайтын,кішкентай ғана періштенің қасыңызда күні түні қасыңызда болуына дайындалыңыз (негізі алғаш ана атанған әйелдер нәрестенің қасында болуына үйренуі в среднем 2-3 ай кетеді екен)
Баланың жылауына ,іш кебуі кезінде өз өзіңізді жоғалтып алмай, сабырлылықпен шешім қабылдау керек екеніне дайын болыңыз

АНА атанғаныңызда керегіңізге жарап жатса мен қуаныштымын

Босанып келген соң қалай күтіну керек? Балаға қандай күтім қажет ?деген секілді сұрақтарға келесі посттарымда өз опытыммен міндетті түрде бөлісемін

Құрбымен бөлісіңіз
3.0K views15:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 17:56:27 Жүктілік кезінде рұқсат етілмеген


Жүктілік-әйел адамның өмірінің ең керемет кездерінің бірі
Әрі болашақ ана өзінің денсаулығына және құрсақтағы сәбиін аман сау дүниеге алып келуі қажет.
Жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп мәжбүрлі түрде дәрі қабылдайтын сәттер болып жатады
Дәрілеріміздің барлығы сырқатымызды жеңуге көмектесетін шығар, бірақ құрсақта жатқан сәбидің дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін
Яғни
кез- келген дәрілік препарат жүктіліктің 12 аптасына дейін қарсы көрсеткіш болып табылады, себебі бұл уақытта эмбрионның жасушалық деңгейдегінде түзіліп, қалыптасады.

50/50 — әйел адамның денсаулығына дұрыс әсер ететін болса, қабылдауға болады.Бірақ медицинада жануарларға да ,жүкті әйелдерге де зерттеулер толық жасалынбаған...Дегенмен осындай дәрілер тобын былайша бөліп қарастырсақ болады:
Практикада қолданыста бар, салыстырмалы түрде қабылдауға болатын дәрілер:
Ыстық түсіретін(парацетамол)
Вирусқа қарсы(нақты дәлелденбеген,бірақ та 2 триместрден бастап,жедел ауырғанда тағайындалады)
гормональді:(инсулин, преднизолон, дексометазон,прогестерон)
антибиотиктер(пенициллиндер,цефолоспариндер,сульфаниламидтер,аминогликозидтер) ,
қан қысымын түсіруге арналған(допегит,фенобарбиталдар)
антидепрессанттар
астмаға қарсы(эуфиллин, теофиллин)
асқазан-ішек жолдарының бұзылысы кезінде т.с.с. Айта берсек көп...

Ал мүлдем қабылдауға болмайтын дәрілерге :
рак ауруына қарсы қолданылатын препараттар
антибиотик кейбір топтары (хинолондар,тетрациклин, стрептомицин)
психотропты дәрілер

Бұл препараттар жүйелі түрде ұзаақ қабылданса, ұрыққа әсер ету қауіптілігі жоғарылай түседі. Сондықтан жеке дәрігеріңіздің қарауынан, барлық зерттеулерден өтіп тағайындаған соң ғана қабылдаңыз!

Ал сіз жүктілік кезінде қандай дәрі қабылдадыңыз? Не үшін?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
3.0K views14:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 18:49:44 Ұйқысыздық сізді мазаласа...

Ұйқысыздық – кең тараған проблема. Ұйқының бұзылуы күндіз қатты ұйықтағың келеді, күш-қайратың болмайды. Мұндай ұйқының бұзылуы ұзаққа созылатын болса, адам ашушаңдыққа немесе депрессияға бой алдырады;

ұйықтау мен оянуға жауап беретін мелатонин және кортизол гормондары. 

Мелатонин – ұйқы гормоны. Ол қараңғы түскенде түзіледі. "Ұйықтайтын уақыт болды!" деген хабарді жеткізеді. Таңға жуық мелатонин синтезі қысқарады. Жарық түскен сайын қанда кортизол көбейе түседі. Бұл гормон бізді ұйқыдан оятып, сергітеді, жаңа күнге жетерлік қуат береді. Қысқы мезгілде жиі маужырап, жазды күндері жарқырап жүруіміз де осы гормондарға, циркадты ырғаққа байланысты.

Ұйқысыздықты тудыруы мүмкін

* Кейбір өкпе немесе жүрек аурулары
* Стресс немесе депрессия
* Дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын дәрілік препараттар
* Дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын кофеин, темекі, ішімдік сияқты заттар
* Ұйықтау уақытының бұзылуы немесе жағымсыз орта сияқты қоздыратын факторлардың әсері.

Жақсы ұйықтау үшін

Ұйықтар алдында дене жаттығуын жасамаңыз, ауыр тамақ жемеңіз, сусын аз ішіңіз

Жатын бөлмеңіз тыныш ,шусыз жайлы болуы керек

Денеге бас пен мойынға жасалатын массаждар жаксы ұйықтауға көмектеседі.

Тіпті демалыс күндері де бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдырыңыз.

түнгі уақытта жұмыс істемеңіз

Кофеин,темекі сияқты қоздыратын нәрсе қабылдамаңыз, кофеиннің әсері 8 сағатқа дейін созылады.

Ұйқыны қалпына келтіруге жатар алдында серуендеп келу, жылы сулы ваннаға түсу көмектеседі.

Сізді ұйқысыздық мазалайдыма?

Аналарға кеңестер
2.9K views15:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 18:19:47 Әйелдер бедеулігі және оның себептері.

       Бедеулік – Ұрпақты болу жасындағы ерлі-зайыптылар қандай да бір контрапцептивтік құралдарды қолданбай бір жылдың ішінде тұрақты жыныстық қатынас жүргізуге қарамастан, жүктілік орын алмайтын неке

Себептері:

Гормональды дисбаланстан

Жас ерекшелігі – маңызды фактор, жүкті болу және бала көтеру мүмкіндігін төмендетеді. Әйелдің ұрпақты болуы 35 жастан соң біршама төмендей бастайды және олардың жүкті болу мүмкіндіктері аз.

Әйел ағзасындағы майдың көптігі оның жүкті болу мүмкіндігіне әсерін тигізеді.

Жамбас мүшелерінің қабынуы (ЖМҚ) – әйелдердің жыныстық мүшелеріндегі әртүрлі инфекциялық аурулар Фаллопиялық түтіктің (сальпингит) инфекциялық аурулары – әйелдер арасындағы бедеулік дамуының себебі.

Аналық бездің поликистозы
Сонымен қатар ауру еркек гормондарының андроген және тестостерон деңгейін көтеді, бұл жұмыртқа жасушасының жетілуіне алмауына әкеледі. Поликистозды анабездегі анабезі симптомы – беттегі акне және бедеулердің көбеюнен білуге болады.

Кейбір әйелдердің ағзалары спермаға қарсы антителін бөледі,
бұл бедеулікке және сәтті ұрықтандыру кезіндетүсік тастауды тудырады.

Адреналин жетіспеушілігі және қалқанша безінің аурулары мерзімінен бұрын ұрықтандыру қызметін тоқтатып, бедеулікке әкеледі.

Аналарға кеңестер
2.8K views15:19
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 18:16:46 Жүктілік кезінде Токсикоз мазаласа…

Жүктілік кезінде әйелдерде токсикоз пайда болады. Кейбір келіншектердің токсикозы қатты болса, енді бірі оның не екенін де білмейді.

Токсикоз дегеніміз не

Алғашқы токсикоз әйел организіміндегі зат алмасу процесінің өзгеруінен пайда болады. Бала мен оның жолдасы өздерінің қажеттіліктерін «сұрау» арқылы әйелдің ағзасындағы зат алмасу процесін өзгертеді.

Ол неден пайда болады

Жүктілікке дағдыланбаған әйелдің ағзасында өзгерістер пайда болады. Ол өзгерістер токсикоздың пайда болуына әкеп соғады.

Алғашқы токсикоз жүктіліктің 6-12-ші аптасына дейін созылады.

Бұл кезеңде

әйелдің көңіл-күйі болмай,
жүрегі айнып, лоқсиды.

Токсикозды қалай басады

токсикозды басу үшін жақсы тамақтану керек.
Яғни, жүкті әйел мейлінше көбірек сұйықтық ішіп, құнарлы тағам жеуі керек.

Жеңіл түрдегі жаттығулар Жасау керек
Ол денедегі қан айналымын жақсартады.
Қан айналымы токсикоз үшін де маңызды рөл атқарады. Себебі, қан айналымы дұрыс болмаса, зат алмасу да дұрыс болмайды. Ал зат алмасу токсикоздың негізгі себебі болып саналатынын естен шығармау керек.

Аналарға кеңестер
3.0K views15:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 16:33:19 Тілге қарап қай жеріңіз ауыратынын Қалай анықтауға болады.

Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді.

Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар:

Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі.

Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады.

Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін.

Қоңыр тіл – ішек қызметінің бұзылуынан болатын өзгерістер, дәрілерге аллергияның нәтижесінде де болуы мүмкін.

Тегіс жылтыр тіл - бауыр қызметінің көрінісі. Тілдің құрғақтығы ұзақ уақыт бойы сақталса, ол қант диабетінің әсері болуы мүмкін.

Жарық тіл – асқазан, ішек жолдарының бұзылыстарынан пайда болады.

Таңертеңгілік ұйқыдан тұрғанда тілде тіс іздерінің болуы шаршаудың және жүйке күйзелістерінің белгісі.

Ақ немесе сарғыш-қоңыр қалың қабықтың болуы – иммунитеттің әлсіреуі немесе асқазан-ішек жолдары ауруларының көрінісі болуы мүмкін.

Бұл белгілер түндегі және ашыққан кездегі және тамақтанудан 2-3 сағаттан кейін пайда болатын ауру сезімімен бірге болса, дерттің шынымен-ақ болуының мүмкіндігі 100 пайызға дейін жетеді.

Аналарға кеңестер
3.0K views13:33
Ашу / Түсініктеме