Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 29

2021-10-12 17:09:36 2-3 ЖАС АРАСЫНДАҒЫ ДАМУ

1.Көру арқылы қабылдауы
- 2 жаста бала теледидар қарағанда өзіне таныс заттарды танып атайды, көп суреттерді қарайды, таниды
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала суретке қарап әңгіме құрастыра алады, үлкен кіші дегендей, қайда тұрғанын айтады

2.Есту арқылы қабылдауы
- 2 жастан бастап сыртқы ортаның дыбыстарын ритмін жақсы түсіне бастайды

3.Ірі моторика (крупная)
- 2 жаста бала еркін жүгіреді, отырып тұрады, бір аяқта еркін ештеңенің
көмегінсіз тұра алады
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала баспалдақтан екі аяғымен кезек-мезек шығып түсе
алады
- 3 дөңгелекті велосипедте жүре алады

4.Ұсақ моторика (мелкая)
- 2 жаста бала көрсетілге вертикальды, горизонтальды сызықтарды сыза алады
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала карандашты дұрыс ұстай алады, демек
КАРАНДАШПЕН фигураларды үлгіге қарап сыза алады

5.Импрессивті сөйлеуі
- 2 жас 5 айлық кезеңде бала қысқа ертеңгі әңгіме айтсаңыз түсінеді
- сол айтқан ертегіңізден сұрақ қойсаңыз жауар береді
- бір іс-әрекет барысында 10 түрлі инструкциясы болса, соларды жасай алады

6.Экспрессивті сөйлеуі
- 2 жаста бала 3-4 сөзден тұратын қысқа сөйлемдерді құрастыра алады
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала "қайда" "кім" "неге" деген сияқты сөздермен
сөйлем құрастырып бастайды
- айтылған сөйлемдерді тез қайталайды

7.Интеллект
- 2 жас 6 айлық кезеңде бала 2-3 бір-бірімен байланысқан іс-әрекеттен тұратын
өтінішті орындай алады. Мысалы, шкафқа барып, кукланы алып, маған әкел деген сияқты

8.Конструктор құрастыру
- күрделі конструкторларды
құрастырып бастайды

9.Өз – өзіне қызмет етуі
- 2 жаста бала қатты тағамдарды өзі жейді
- өзі қолын бетін жуа алады
- өзі күндіз горшокқа отырғыз деп айта алады
- қасықпен, вилкамен тамақ жей алады
- қарапайым киімдерін өзі кие алады: шапкасын, қолғабын

10.Ойын ойнауы
- 2 жаста бала белсенді ойындар ойнайды, телефонмен сөйлесіп
- 2 жас 6 айлық кезеңде балада рөлдік ойындардың алғашқы элементтері пайда
болады, яғни куклаға тамақ беруі мүмкін

11.Эмоциясы
- «мен», «сен» деген сөздерді дұрыс қолдана алады, жақсы түсіне бастайды

Жалғасы @anabala_kz каналында
603 views14:09
Ашу / Түсініктеме
2021-10-11 18:58:21 НӘРЕСТЕНІҢ АУЗЫНАН СІЛЕКЕЙ АҒУЫ

Сілекейдің көп бөлінуінің медициналық атауы — ГИПЕРСАЛИВАЦИЯ.

Мыналарда қалыпты жағдай болып есептеледі:
2 айдан бастап 3-4 жасқа дейінгі балалар үшін.
тісі шығып жатқан балалар үшін

Сілекей не себепті көп бөлінеді?

Алла Тағала әр дене мүшені, қызметін босқа жаратпаған!!!

Сілекей бұл ағзаның қорғаныстық реакциясының бірі. Кіші жастағы балалар аузына кез-келген затты салады. Ауызға зиянды бактериялар түсу қаупі бар. Ал сол бактериялар сілекеймен шайылып сыртқа шығарылып отырады.

Сілекей құрамында бактерияларға қарсы тұратын лизоцим деген зат болады. Ол көптеген зиянды микроорганизмдерден ауыз қуысын тазартады. Яғни, балада сілекейді көп ағуы пайдалы.

Кей жағдайларда сілекейдің көп бөлінуінің себебі мыналар болуы да мүмкін:

Сілекей бездерінің қабынуы;
Асқазан-ішек жолдарының аурулары;
Аллергия
Стоматит
Молочница

Егер бала тынымсыз, мазасыз болса, температурасы көтерілсе дәрігерге апарып, емін алу керек.

Ал, бала тыныш, көңіл-күйі жақсы, тамақтануы жақсы, температурасы болмаса, сілекей ағуы қалыпты деген сөз.

Ақпарат пайдалы болды ма?
489 views15:58
Ашу / Түсініктеме
2021-10-10 16:44:33 НЕГЕ СІЛЕКЕЙ АҒАДЫ?

Гиперсаливация дегеніміз сілекейдің көп бөлінуі. Бұл 2 айдан бастап 3-4 жасқа дейінгі балалар үшін қалыпты жағдай. Және де тісі шығып жатқан балалар үшін де норма.

Сілекей неге бөлінеді?

Бұл ағзаның қорғаныстық реакциясының бірі. Алла шебер жаратушы. Ол жағын да қарастырып қойған. Кіші жастағы балалар аузына кез-келген затты салады. Ауызға зиянды бактериялар түсу қаупі бар. Ал сол бактериялар сілекеймен шайылып сыртқа шығарылып отырады. Оның құрамында бактерияларға қарсы тұратын лизоцим деген зат болады. Ол көптеген зиянды микроорганизмдерден ауыз қуысын тазартады. Яғни, балада сілекейді көп ағуы алаңдайтын жайт емес.

Сонымен қатар, гиперсаливация мына жағдайларда болуы мүмкін:

Сілекей бездерінің қабынуы;
Асқазан-ішек жолдарының аурулары;
Аллергия
Стоматит
Ауыздағы кандидоз (молочница)

Егер
бала мазасыз болса
тамақтан бас тартса дәрігерге апарып, емін алу керек.

Ал, егер
бала тыныш
көңіл-күйі жақсы
тамақтануы жақсы болса, сілекей ағуы қалыпты деген сөз.

Сіздің балаңызда сілекей көп аға ма?
543 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-09 17:55:09 БАЛА ҚАШАН ОТЫРУ КЕРЕК?

Мен-дәрігер ғана емес, анамын. Ата-анасына баласының пайда болған әр қызығы-үлкен қуаныш. Алайда, кейде шыдамсыздық танытып: "Қашан отырады?","Еңбектемей ма?","Анау Жеңістің баласы 10 айында жүріпті.Қашан жүрер екен?" деген сияқты әңгімелер айтылып жатады.

Шындығына келгенде әр баланың дамуына жеке дара қараған жөн. Кейбір балалар 6 айға қарай отырып үйреніп кетсе, кейбіреулер 7-8 айда үйренеді. Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 6-9 айда отырып үйренуі қалыпты.

Баланың артына жастық тіреп отырғызып үйрету дұрыс па?

Болмайды.Себебі, баланың омыртқасына күш түседі.

Баланы отырғызып үйрету үшін не істеген дұрыс?
Ол үшін арқа мен іш бұлшықеттерін жаттықтыру қажет. Ол үшін баланы шалқасынан жатқан күйінде екі қолынан ұстап, алға қарай тартасыз, отыруға дейін жеткізбей қайта жатқызасыз. Осылай күнделікті жаттықтырасыз.

Ертең сторизде қалай дұрыс жаттықтыруға болатынын көрсетемін.

Сіздің балаңыз неше айында отырды?
590 views14:55
Ашу / Түсініктеме
2021-10-07 16:15:15 ВНУТРИЧЕРЕПНОЕ ДАВЛЕНИЕ

Қазіргі таңда жиі кездесетін диагноздардың бірі. Көп аналар:
"Баламның басында черепной давлениясы бар деді. Ол неден пайда болады? " деген сұрақтарды өте көп қояды.

-Внутри черепное давление-ми қабықшаларының ішіндегі сұйықтық қысымы. Қарапайым тілмен айтқанда - ми және жұлын сұйықтығының қысымы.

Внутри черепное давление қалай пайдаболады?:

Негізгі себебі: ми қабықшаларындағы сұйықтықтың түзілуі мен сіңірілуі арасындағы тепе-теңдік бұзылуында; сонымен қатар бастың веноздық қан айналымының бұзылуынан.

Бұл жағдайға қандай себептер алып келеді?
Анасының жүкті және босану кезіндегі қиындықтар:
Токсикоз
Жүкті кездегі күйзеліс
Жатырішілік инфекция болуы
босану кезіндегі баладағы гипоксия (оттегі жетпеу)
баланың мойнына кіндігі оралуы
бала басының және мойнының босану кезіндегі жарақаттары
ұрық жолдасының ерте ажырауы.

Егер, бас ішілік қысым көтерілсе, мидың қысылуына алып келеді. Ол өз кезегінде ми қызметіне кері әсер етеді. Содан көптеген неврологиялық бұзылыстар пайда болады.

Внутри черепное давление бар екенін қалай білуге болады?

Баланың түнгі ұйқысы бұзылады, бала мазасыз болады.

Лоқсу, құсу (емізуге байланыссыз) және де баланың емуінде проблемалар болуы мүмкін.

Еңбегінің ісінуі және қатты пульсациясы, бастың тері асты веналары ұлғаюы, бас сүйек жіктерінің дұрыс бітпеуі, бас көлемінің үлкеюі, маңдайының тым үлкен болуы.

Өсе келе псиxикалық, сөйлеу, внимание, есте сақтау, ойлау қабілеттерінде қиындықтар туындауы.

Физикалық өсуідің артта қалу.

Бұлшықеттерінің гипертонусы, судороги болуы.

Бас ауыру, көз көруінде қиындықтар және т.б проблемалар болуы мүмкін.


Егер де, сіздің балаңызда жоғарыдағыдай симптомдар кездессе невролог маманның толық тексеруінен өтіңіз. Қажет болса нейросонография, бас МРТ немесе КТ-сы, доплерография, реоэнцефалография (РЭГ) тағайындайды. Емін де невролог маман өзі жазып береді.

Сіздің балаңызда внутри черепное давление болды ма?
510 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2021-10-06 17:08:42 Горшокқа баланы қалай үйретуге болады?

Негізі дұрыс үйретілген балалар 1ж8 ай дегенде өздері горшокқа сұрануды біледі.

Менің өз балаларым осы уақытта 1жас 8 айда уже горшокқа өздері отырып үйренді.

Мен бала 3 айға толып, ет жинағанда белін бүкпей тосам.Ал 6 айдан асқан соң смело белін бүгіп тосам. Уже 1 жастан түнде памперс кигізбеймін
Ол үшін не істеу керек

Ең бастысы: бала кішетіп қойса ұрыспау,ұрмау, кедергі жасамау

Пайғамбарымыз (с.а.у) бір өсиетінде кішетіп қойған балаға кедергі жасамауды,ұрып-соқпауды,ұрыспауды өсиет еткен.

алдын-ала горшок сатып алу керек. Ең бастысы қарапайым, ыңғайлы болғаны дұрыс.
Сосын горшокқа жиі-жиі отырғызып, баланың есін шығармаңыздар, до того горшокты көрсе жылайтындай дәрежеге жеткізбеңіздер.Мен ондай адамдарды көргем, анау баланың есін шығарып 5 мин сайын отырғызадыенді

Егер үйде үлкенірек балалар болса, солармен бірге отырғызу. Егер балалар жоқ болса, баласы бар үйге қонаққа барып тұрыңыздар
Сосын айту керек, сол отырған баланы көрсетіп: "Қарашы, Әли, молодец! Пи-пи болды"- деп шапалақтау керек.

Аю ойыншықты горшокқа отырғызу керек, дұрысын айтқанда ойнау керек. Тоже солай шапалақтап, пи-пи болғанына қуанып .Баланың көзінше аюға түсіндіру керек, неге горшокқа кішету керек екенін. Соңында шапалақтап, мақтапаюды, астын сүртіп. .осылай аптасына 2-3рет істеп тұрыңыздар

сосын дауыстап айту керек, мысалы,үйдегілердің біреуі дәретке кетсе, пи-пи болуға кетті деп айтып отырған дұрыс.

Менің балаларымның бәріне шапалақтау әдісі көмектесті. Кейбіреулер айтады, бала соған үйреніп алады деп. Ол қып-қызыл өтірік
Кейін өзі отырып үйреніп алған соң ұмытып кетеді. Проверено

Әрине, бұл уақытқа дейін арасында болсын тосып үйрету керек.

3 жағдайда өте тез үйренеді

Ұйқыдан тұрған кезде
тамақ ішіп болған соң
даладан қыдырып келген соң
Осы жағдайды 1 жастан асқан балаларға қорықпай қолдана берсеңіз болады.

Сіз қалай үйреттіңіз?
509 views14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 17:26:19 ҚЫМБАТ ДӘРІНІҢ АРЗАН ТҮРІ

Қымбат дәрінің бәрі күшті- деген ой қате. Дәрігер жазып берген дәріңіздің құрамы тура сондай арзан түрі (аналогы) бар екенін бірі білсе, кейбірі білмейді.
Мезим Панкреатин

Дифлюкан Флуконазол

Зовиракс Ацикловир-Акри 1

Имодиум Лоперамида Гидрохлорид

Инфлюцид Афлубин

Кавинтон Винпоцетин

Лазолван Амброксол

Лиотон Гепарин-Акригель

Максидекс Дексаметазон

Мидриацил Тропикамид

Мирамистин Хлоргексидина биглюконат

Мовалис Мелоксикам

Нейромультивит Пентовит

Нормодипин Амлодипин

Но-шпа Дротаверина гидрохлорид

Нурофен Ибупрофен

Омез Омепразол

Панадол Парацетамол

Панангин Аспаркам

Плавикс Зилт

Санорин Нафтизин

Трихопол Метронидазол

Троксевазин Троксерутин

Ультоп Омепразол

Фастум гель Кетопрофен

Фурамаг Фурагин

Энап Эналаприл

Бұл ақпарат қажет болар деген таныстарыңызға жіберіп , өзіңізге сақтап алыңыз.
663 views14:26
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 17:22:04 ТҰМАУ (ОРВИ) КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

ОРВИ кезінде шұғыл дәрігерге қарататын немесе жедел жәрдем шақыру керек жағдайлар болады.

Жаман жаңалық- жиі кездесетін ауруларды емдей алмайсыз. Себебі, балалар өздері сауығып кетеді. Бұл- жақсы жаңалық . Ал, сіз тезірек сауығуы үшін жағдай жасайсыз: көбірек сұйықтық беру, күштеп тамақтандырмау, таза ылғалды ауа, пассивті шылым шегуді болдырмау.

Ең бастысы қауіпті белгілерді жіберіп алмау керек.

Мына симптомдар болса, дәрігерге 12-24 сағат ішінде бару керек:
- 3 күннен артық 38С жоғары дене қызуының көтерілуі;
- дәрінің көмегімен түсіп, қайтадан дене қызуының жоғарылауы;
- жалпы жағдайының нашарлауы;
- қиын тыныс алу ( одышка);
- дем алу кезінде сырыл пайда болуы(хрипы, свист);
-жиі құсуға дейін апаратын приступты жөтел;
- құлақ, тамақ ауруы ( түнде ЛОРды іздемей-ақ ауырсынуды басатын дәрі беріңіз, ал таңертең дәрігерге барсаңыз болады;
- ОРВИмен бірге бөртпе, құсу немесе іш өту пайда болса.

Тез арада Жедел жәрдем шақыру керек жағдайлар:
- бала ояу кезінде сандырақтаса;
- қозғалыстың(координацияның) бұзылуы;
- судорога (тырысулар);
- айқын ауажеткіліксіздігі( удушье);
- дене қызуының 40С болса, дәрі бергеннен кейін түспесе;
- басқан кезде ағармайтын бөртпенің пайда болуы;
- бас пен іштің қатты ауыруы;
- суды аз не мүлде ішпесе;
- қан кетулер( мұрын, ауыз, ішек);
- баланың әдеттегіден жағдайының нашарлауы.

Сіздің балаңызда мұндай белгілер болмауын тілеймін . Алайда, біліп жүргеніңіз дұрыс деп ойлаймын .
422 views14:22
Ашу / Түсініктеме
2021-10-03 18:55:34 ЖӨТЕЛ КЕЗІНДЕ ЖАСАМАУ КЕРЕК

Бала жөтелінің ерекшеліктері
"құрғақ" не "ылғалды" жөтел екенін көзбен анықтау мүмкін емес. Қарап тексергеннен кейін ғана анықталынады. Емдеу жүргізу жөтелдің түріне байланысты жүрмеуі керек. Емдеу жөтелдің СЕБЕБІНЕ қарай жүргізіледі.

Құрғақ жөтелді ылғал жөтелге айналдыру міндетті емес . Кейбір ата-аналар ылғал жөтелгп айналдыруды мақсат қылып алады.

Балаларды МУКОЛИТИКТЕРМЕН емдеу міндетті емес. Сенсеңіз, көп жағдайда қажеті жоқ!

Көрсеткішсіз шөпті сироптарды пайдаланбаңыз.

Бір айдан асқан жөтел мен бронхитті антибиотикпен емдепей-ақ қойыңыз. Аллергиялық жөтел болып шығуы мүмкін.

жөтелді "йод сеткасымен" емдемей-ақ қойыңыз

Жас балаларға булы ингаляция (картошкамен) МҮЛДЕМ ЖАСАМАҢЫЗ. Эффект 0. Бірақ шырышты қабатын точно күйдіресіз

Сіз балаңыздың жөтелін қалай емдейсіз?
891 views15:55
Ашу / Түсініктеме
2021-10-02 18:01:50 АУЫРҒАН БАЛАНЫ ШОМЫЛДЫРУҒА БОЛА МА?

Көп тараған аңыздың бірі- ауырған кезде шомылуға болмайды деген

Ауру деп кез келген респираторлы ауруларды айтып отырмын. ⠀
Мұрның аққаны төмен түсіп#бронхит не пневмония болып кетеді деуі мүмкін. Немесе бронхитті созылмалы түріне ауысып кетеді деуі де мүмкін!

Ауырған кезде шомылуға қарсы көрсетілім жоқ!
Щомылу процедуралары асқынуға алып келмейді.
Апта бойы жуынбау- гигиенаға жатпайды
Бронхит и #пневмония баланы шомылдырғаннан дамып кетпейді
Адам организмге вирусов не бактерия түскеннен ауырады.
Басты жуа берсеңіздер болады!
Температура мен жөтел кезінде бала белсенді болып,жуынғысы келсе шомылдыра беріңіз.
Бөлме температурасындағы душ,тіптен ыстығын түсіруі де мүмкін.

судың Оптимальді #температурасы 34 - 37 градус.
Ыстық суға жуындыруға болмайды.
Моншаны кейінге қалдыруға тура келеді
жуынатын бөлменің ылғалдылығы жоғары болады, бұл өз кезегінде тыныс алу жолдарының ылғалдануына оң әсер етеді және мұрын-жұтқыншақ пен бронхтан шырыштың шығуына көмектеседі.
532 views15:01
Ашу / Түсініктеме