Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 36

2021-07-08 17:53:14 ІШ ӨТУІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕЙМІЗ

Диарея  – іштің өтуі немесе тәулігіне үш реттен артық сұйық нәжіс ретінде пайда болады.

БЕЛГІЛЕРІ:

Іштің ауырсынуы

Іштің кебуі( метеоризм)

Жүрек айну және құсу

Жоғары дене қызуы

Бас ауруы

Түршігу

Іш өтуі кезіндегі диета:

Диарея кезінде көп су пайдалану.

Егер де тамаққа тәбетіңіз тартпаса, ішіңіз ауырса тамақтанудан бас тарта тұрған жөн.

Асты аз-аздан ішу.

Егер еметін бала диареямен ауырса оны емізуді жалғастыра беру.

Іш өтуі кезінде жеу керек тамақтар:

Қайнатылған күріш, сұлы және тағы басқа дақылдар

Ақ наннан жасалған қатқаннандар

Картоп және тағы басқа қайнатылған көкөністер

Майсыз еттерu

Алма пюресі

банан

Дәрі-дәрмекті дәрігердің қабылдауында болған соң мұқият анықтама бойынша қолдану

Аналарға кеңестер
3.2K views14:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 17:32:37 Аузыңыз құрғап, су іше бергіңіз келе ме

ШӨЛДЕУ-Ол организмдегі су қоры азайғанда пайда болады.

Ауыз неліктен жиі құрғайды

антигистаминдерді(Аллергиягы басатын)

тыныштандыратын

қан тамырларын кеңейтетін

несеп жүргізетін дәрілерді қолданғанда ауыз құрғап, шөлдеу белгілері орын алады.

Көрсетілген белгілерді жою үшін, осы препараттарды қабылдауды тоқтату немесе орнын ауыстыру керек.

ауыз қуысының дұрыс гигиенасы сақталмауынан

темекі шегу;

ащы, татымды, ашты тамақтарға жақын болу;

үнемі қорылдау, ауызбен демалуды әдетке айналдыру (шырышты қабат үнемі құрғап тұрады);

Ауыздың үнемі құрғақтығы мен шөлдеу сезімі ауруға байланысты

мұрынның шырышты қабығының ісінуі – адам ринит, аденоид, аллергия сияқты аурулар кезінде ауыз арқылы дем алады.

ағзаның сусыздануы — қатты улану жағдайында, сондай-ақ дене температурасының жогарылауы кезінде кездеседі.
Ауыздың үнемі құрғауы ,шөлдеу дәретке жиі отыру Қант диабетінің белгісі.

Аналарға кеңестер
3.3K views14:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 16:42:41 Тіс жарудың белгілері ⠀

1. Көп мөлшерде сілекей бөліну⠀
2. Аузына қолын,ойыншығын сала беру⠀
3. Мазасыздық,жылау⠀
4.Тіс иектерінің ісінуі⠀
5.ұйқының бұзылуы⠀
6.кейде нәжістің аздап сұйылуы (диарея болмайды)⠀
7.температураның шамалы көтерілуі (кейбір балаларда ол 38 градустан жоғары болуы мүмкін).⠀
⠀⠀
Қарап тексергенде қызыл иектің ісінуі анық байқалады. Сондай-ақ, баланың мұрын шырышты қабығының ісінуі байқалады. Мұрыннан мөлдір шырыш шығарылуы мүмкін.⠀

Ең бастысы тіс жаруды барлық жағдайда вирусты инфекциядан (салқын тиюден) ажыратып алуымыз керек. ⠀

Көптеген ата-аналар температураның көтерілуін тіптен 39 градусқа дейін немесе одан да жоғары болуы тіс жарумен байланыстырады.Кейбір вирустық инфекциялар симптомсыз , тек бір ғана жоғары қызбамен өтуі мүмкін.Сонымен бірге несеп шығару жүйенің аурулары бар, олар да жоғары температура береді. Сондықтан бәрін тіс жарумен байланыстырудан аулақ болыңыз, жоғары температурада дәрігерге баланы тексеріп алғаныңыз жөн ⠀

⠀ Балаға қалай көмектесеміз ⠀
1. Қызыл иекке жайлап массаж жасаймыз( марлены саусағымызға орап суға малып)⠀
2. Тіс жарғанда пайдаланатын резинка/силиконды ойыншығын тоңазытқышқа 30 мин.салқындатып алып,иекті басамыз,өте жақсы көмектеседі.⠀
Қорықпаңыз, салқын ауырсынуды басады.⠀
3. Аузынан ағып жатқан істемейді қайта-қайта сүртіп алып отырыныз, теріні тітіркендіріп ауыз айналасына бөртік шығып кетуі мүмкін⠀
4. Қатты мазасызданса ауырсынуды басатын ибуфен,парацетамол қолдануға болады.⠀
5. Тіс жару процесі әр балада әртүрлі өтеді,сол себепті балаңызды көтеріп, жиі емшекке салып, мазасыздығын басып ,өз жылулығыңызды аямаңыз ⠀
⠀⠀
Аналарға кеңестер
3.7K views13:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 19:16:40 Мұрыннан су ағуды(насморк) қалай емдейміз?⠀

Біріншіден:⠀
Оңтайлы климаттық жағдайды сақтау: бөлме температурасы 20-21 °C, ылғалдылық 50-60% немесе ауа ылғалдандырғыш пайдалануға болады(ауа ылғалдандырғыш туралы келесі постымда толығырақ ақпарат беремін)⠀

Теңіз суының ерітінділерімен-мұрын шырышты қабатын ылғалдандыру (мысалы, Аква марис тамшылары) немесе тұзды сумен(NaCl)⠀

Теңіз суы- мұрынның шырышты қабатың тек ылғалдандырмай, сонымен қатар пайдалы теңіз микроэлементтерімен байытады. ⠀

Эпителийдің жұмысын қалпына келтіріледі;⠀

NaCl концентрациясы жоғары болғандықтан, жасушааралық кеңістіктен сұйықтықты тартып алады.⠀

Жинақталған шырыш сұйылады және жойылады.⠀

Аквамарис тамшылары мен спрейлердің артықшылығы қандай?⠀

қан тамыр тарылтқыш препараттарға (мыс.Нафтизин) табиғи альтернатива бола алады.⠀

мұрын БІТЕЛГЕНДЕ шырышты қабығының ісінуін жоюға ықпал етеді және мұрынның тыныс алуын жеңілдетеді. ⠀
тәуелділік туғызбайды⠀

пайдалану ұзақтығына және жиілігіне шектеулер жоқ⠀

жүкті әйелдерге қолдануға болады⠀

Ылғалдандыру қажеттілігі туралы халықаралық консенсус құжаттарында бекітілген. ⠀

Бір жасқа дейінгі балаларда тек ТАМШЫЛАРДЫ қолдану керек

Аналарға кеңестер
3.7K views16:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 16:41:19 НЕГЕ ТІСІН ҚАЙРАЙДЫ?

Тісті бір-біріне қайрауы-бұл БРУКСИЗМ деп аталады.

Бала ұйықтап жатып тісін қайрап жатқанын өзі білмейді, тек жанындағы адам естейді. Егер күндіз бала тісін қайрап жүрсе онда психологиялық жағдайын анықтау қажет.

НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ: сан алуан.

Медицина саласында бұл жайт әлі күнге дейін толықтай зеттелмеген.
Ұйқы режимінің болмауы.
Ересектердің 7 сағаттан, балалардың 10-12 сағаттан кем ұйықтауына байланысты.
Ұйқы кезінде астыңғы және үстіңгі жақтардың дұрыс жабылмауынан да.
Нәрестелердің тіс жаруы кезіндегі мазасыздық болуы.
Жақтардың дұрыс орналаспауынан болуы.

Бруксизмнің зиянды жағы,тістің эмальна зияны тиіп, тістерге ауру сезімін тудыруы мүмкін.

ЕМІ:
Негізгі себептеріне байланысты болады.Иектеріне зақым келмеуі үшін тісіне арнайы КАПП-ды кигізіп қоюға болады.
Стоматологқа қаралу қажет.

Сіздерде осы жайт болды ма?

Аналарға кеңестер
3.5K views13:41
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 14:16:00 НӘРЕСТЕ КОЛИКАСЫ.


Нәрестеңіз мазасызданып, тоқтаусыз жылайды ма? Онда оқимыз:

Нәресте ішінің желденуі бірінші аптада басталып 3 айға дейін іш желдену процессі міндетті түрде болатын ауырсыну.
Нәрестенің іш желденуі 3сағаттан кем емес мазасыздануы.

НЕГЕ НӘРЕСТЕЛЕРДЕ КОЛИКА 3 АЙҒА ДЕЙІН ЖИІ БОЛАДЫ?

НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ:
Асқазан ішек жолдары енді ғана қалыптасуынан.
Ас-қорыту жолдарындағы сәйкес емес тамақтануы(мыс: сиыр, ешкі сүті).
Дұрыс емізбеуі, көп ауа жұтуынан.
Анасының көңілсіз, ашушаң болып жүруінен сүттің тартылуы, осы жайттардан балада колика басталады.

КОЛИКАНЫҢ ПРИЗНАКТАРЫ:
Баланың бір мезетте қатты шыр етіп жылауы.
Аяқ-қолдарын ішіне тартып жылауы, жұдырығын қысып алу, ішінің үлкен болып үрленуі.
Беттері қызарып,кейде көгеріп дірілдеп жылауы, аз мөлшерде құсуы.

ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТЕМІЗ?
Ең алдымен анасына САБЫРЛЫҚ сақтауы керек.
Баланы бос қоямыз,қымтанып тұрған киімдерін шешеміз, жылы етіп жаялықты ішіне басамыз.
Қолға алып ішімен көтереміз.
Емшек салып тербетіп тынышталдыру.
Ішіне сағат тілімен массаж жасау, немесе велосипед тепкендей(яғни бүгіп, жазу).
Тыныштандыратын баяу музыка қосу.

Анасы емізу кезінде:кофе, школад, сүт өнімдерін, брокколи т.б шектеген дұрыс.

КОЛИКА КЕЗІНДЕ ДӘРІЛЕРДІҢ ӘСЕРІ БАР МА?

Колика кезінде ең алдымен анасы сабыр сақтау керек.Бұл пайдасы күшті дәрі.
Диета сақтау керек.
Дәрілік заттардың әсер етуі аз,бірақ шамалы уақытқа ауырсынуды басады.

Тиімділігі жақсы дәрілер:

БиоГая.
Рела Лайф.
Укропты сулар.

Балаларыңызда колика кезінде қандай көмек көрсетіңіз?

Аналарға кеңестер
4.2K views11:16
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 17:51:53 ТАМАҚ НЕГЕ ҚЫЗАРАДЫ?

Тамақтың қызаруы ол симтом болып табылад. Ешқандай ауру емес.
Тамақтың қызаруын, ісінуін емдейміз.

ОРВИ кезінде: мұрыннан су ағу, жөтелу, тамақтың ауруы, дене қызуының аурулары байқалады.

Тонзилит, фарингит, ангина кезінде жөтел, мұрыннан су ағу болмайды, тек тамақтың ауырсынуы мен лимфа түйіндерінің ұлғаюы, дене қызуы болады.

Дәрігер балалардың тамағы қызарып тұр десе қорқудың қажеті жоқ, себебі ол ОРВИ.
Тек тамағы қызарып тұрса, басқа шағымдары болмаса емдемейміз. Көбірек жылы суды жиі жиі береміз.

Тамақтың қызаруының алғашқы себебі-сырттан түскен инфекцияға жауабы, жұтқыншақтың артқы қабырғасы яғни бадамша бездерінің қабыну процессі жүреді.

Кей жағдайларда тамақ ауырғаны мазалайды. Балаға шынында қолайсыздық туғызып жатады. Тамақтың шырышты қабаты жақсы нервтелген.

Егер бала еме алмай, су іше алмай, тамақ іше алмай әлсізденуі мүмкін.
Сол кезде балаға көмектесу қажет.

Аналарға кеңестер
3.9K views14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 16:46:04 Ветрянка

Қоздырғышы- вирус Varicella zoster.

Қалай көрінеді?

ауырған адаммен контактта болған соң 7-21 күн ішінде пайда болады
ауа-тамшылы жолмен жұғады
ЖРВИ сияқты басталады, жоғары температура( кейде болмайды)
әлсіздік, шаршау, кішкене жөтел болуы мүмкін
бөртпе 1- 3 күн ішінде шығады: бөртеді
томпияды
көпіршік
көпіршік жарылып
қабығы ашылып
ветрянкадан кейінгі даққа айналады
бөрткен жер қышиды
бөртпе бірден шықпайды, этаппен пайда болады

_____________________

Ұсынылады:

үй тәртібінде болу
сұйықтық көп беру
3-5 күн жуындырмау
ыстық түсіретін препарат
қатты қышу сезімі болса, антигистаминдер
бөртпеге Каламин ерітіндісін жағу

Жаңа бөртпе шығып біткен соң жұқпайды!

ҚАУІПТІ ТОП: жүкті әйелдер, қариялар, жаңа туылған нәрестелер мен иммунитеті төмен кісілер. ИСХОД- жазылу

Сіздің балаңыз ветрянкамен ауырды ма?

Аналарға кеңестер
3.9K views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 16:51:37 БАЛАҢЫЗ ҮШІН КАЛЬЦИЙДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

Кальций адам денсаулығына пайдалы элементтердің бірі. Ол:
жүрек
сүйек
бұлшықет
жүйке жасушаға
қан ұю қызметінде маңызды рөл атқарады.

Бала өсіп келе жатқан ағза болғандықтан, кальций өте өте қажет. Ағзаға табиғи түрде түсуі өте қажет.

Біз пайдаланатын сыйыр сүтінде 100граммында не бары 120мг кальций болса,ал сүзбеде 80мг кальций болады.Сонымен қатар секілді өсімдіктерде де бар.

6-айға дейінгі балаға-400мг.Яғни бұл АНА сүтімен түседі.
6-12ай аралығында 600мг.қосымша тағамдармен түседі.

Бір тәулікте кальциді қанша мөлшерде қабылдау керек
3жасқа дейін 600мг.
4-10жаста 800мг.
10-13жаста 1000мг.
13-16жаста 1200мг.

Ағзаға міндетті түрде Д вит.қажет.
Д вит.жеткіліксіз ағзаға түскен Кальцидің тек 15-20% ғана сіңеді.Сіз қанша Кальций мол тағам берсеңізде,ол ағзаға толық сіңбейді.Сол үшін Д вит.беруді ұмытпаңыз.

Сіз кальций көп тағамдар бересіз бе балаңызға?Балаңыздың тісі үгілкіш пе?

Аналарға кеңестер
4.1K views13:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 12:38:35 Жүрек айну немесе КИНЕТОЗ-адам ағзасының бір қалыпты емес , ауыспалы жылдамдыққа патологиялық жауабы...
Кинетоз ұшақта, көлікпен ұзақ жолға шыққанда, лифтіде пайда болуы мүмкін деп айтып өттік. Ал, енді жүрек айнудың алдын алу үшін:
Күнделікті көзге және вестибулярлы аппараттың қызметін нығайту үшін жаттығулар жасауға болады,бірақ ол ұзақ уақытты алады және күнделікті қолға алуды талап етеді...ал балаға жаттығуды күнделікті ұзақ уақыт жасату қиындыққа соғады,бала жасына толмаса жасай да алмайды...
Күнделікті эмоцияға берілу, дұрыс емес ұйқы кері әсерін тигізеді,сондықтан жолға шығарда өзіңіз де балаңыз да тынығып ұйықтап алғаны дұрыс!
Көлікте ауаның таза болуы маңызды, ең қарапайым,жеңіл жолы фильм қарап, кітап оқу. Бірақ планшет, телефоннан емес. Кітап мүмкіндік болса аудиокітап болғаны дұрыс. Ал, бала барынша ұйықтағаны дұрыс.
Терезеден қарап отырған кезде жеке емес жалпы табиғат пейзажына қараған дұрыс.
Міндетті түрде жеген тамағыңыз майлы емес ,жеңіл тамақ болуы тиіс...және де баланы да 30-40 мин бұрын тамақтандыру керек.
Жоғарыдағы тәсіл көмегін тигізбейді десеңіз, 60 мин алдын антигистаминді препарат ішіп алуға болады. Себебі, антигистамінді препараттар вестибулярлы аппараттың шектен тыс қозуын төмендетіп отырады, ал, жүрек айнып басталғанда ішсеңіз әсері аз болады...Вестибулярлы аппарат денеміздің кеңістікте тепе-теңдігін сақтайды деп айтқан болатынмын...
Балаға бір жасқа дейін дәрі қабылдауға болмайды, бір жастан кейін тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана рұқсат етіледі...себебі препарат құрамына мән беру керек...
Ағзаңызды артық улағыңыз келмесе, лимон мен имбирь бөлігін алып немесе леденцы алып сорып отыруға болады...себебі біріншіден қышқыл және сілекей бөлінгендіктен, еріксіз жұтынған сайын жүрек айну басылады.

Аналарға кеңестер
4.1K views09:38
Ашу / Түсініктеме