Get Mystery Box with random crypto!

Саумал – жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім. Саумалд | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Саумал – жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім.

Саумалдың құрамында белок, амин қышқылы, тез еритін май, оттегі және организмге керек кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром сияқты минералдар, С, А, В1, В2, В6, В12, Е, РР дәрумендері бар. Жалпы саумалдың құрамында 80-ге жуық биологиялық белсенді қоспалар бар екендігі анықталып отыр.
Ол ағзаға сіңірілу кезінде, ас қорыту процесіне қатысатын органдарға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сондықтан, дененің қалыпқа келу процесін жылдамдатады.

Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, суық тию мен тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады.

Ол қан айналымын жақсартып, ер азаматтардың потенциасын күшейтеді.

Сондай-ақ, саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасын емдеуге болады.

Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Айта кету керек, бұндағы кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді.

Ал құрамындағы С дәруменінің мөлшері, сиырдың сүтінен 7 есе жоғары.

Еуропаның ғалымдары саумалды емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді.

Негізінде саумалды күніне 4-5 рет, тамақтанудың алдында 20-30 минут бұрын, 250 милиграммнан ішкен абзал.

Осылай жалғасса бір аптадан кейін, адамның көңілі көтеріліп, ұйқысы жақсарып және тәбеті ашылады.

Емделу уақыты – 1 ай.

бие сүті сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде негізгі қасиеттерін жоғалтады.

Бірақ саумалды мұздату арқылы "өмірін" ұзартуға болады. Сол уақытта табиғи өнім барлық биологиялық белсенді компоненттер мен дәрумендерін сақтайды.

Ал сіз саумал ішіп тұрасыз ба
Егер ақпарат ұнаса комментарий жазып ,сақтап алыңыздар.

Құрбыңызбен бөлісіңіз