Get Mystery Box with random crypto!

Жүктілік кезінде аяғыңыз істі ме? ⠀ Еш уайымдамаңыз, егер а | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Жүктілік кезінде аяғыңыз істі ме?

Еш уайымдамаңыз, егер аяқтың ісуі жүкті емес әйелде, ер адамдарда т.б. кездесіп жатса, міне сол ойландыратын мәселе...

Жүктілік кезінде әсіресе 7 айдан кейін аяқтың ісуі қарқын ала бастайды, себебі жүктілік кезінде жатыр 500 есе ұлғаяды да ұлғайған жатыр аяқ қан – тамырларын қысып, қысымды жоғарылатып, аяқтың ісінуіне алып келеді.

Жүкті әйелдің гормональді фонының өзгеруіне де байланысты аяқ ісуге бейім келеді. Бұл босанғаннан кейін еш із қалдырмай кетеді.

Аяғы ауыр оқырман, егер аяқтың ісінуі мен қоса қол, бет, іш қуысы ісіне бастаса, зәрде белок табылса, артериальді қан қысымыңыз жоғарыласа жедел түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Егер тек аяқ ісінуі мазаласа аяқты көтеріп жиірек жатыңыз, күнделікті шынтақ-тізелік позада тұру жаттығуын жасасаңыз болады.
Күніне 3-10 минуттан 5-6 рет.Бұл жаттығу арқылы сіз, қантамырды қысып тұрған жатырды босаңсытып, аяқ қанайналымын реттеу арқылы ісінуді болдырмайсыз. (суретін жылжытып көріңіз).

Жүктілік кезінде осы жағдай сізде болды ма немесе дәл қазір мазалап жүр ме? Жаза отырыңыздар