Get Mystery Box with random crypto!

Варикозды вена тамырлары кеңеюі - әйелдерде жиі кездеседі. Ве | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Варикозды вена тамырлары кеңеюі - әйелдерде жиі кездеседі. Вена тамырларының эластикалығы төмендеуі нәтижесінде пайда болады.

Варикоз себептері:

Тұқымқуалаушылық
Гиподинамия
Артық салмақ
Ауыр физикалық жүктемелер
Ішкі қан қысымын көтеретін аурулар
Оральды контрацевтивтер және гормонадьды дәрілер қабылдау
Жүктілік және босану
Бұлшықеттік тонус әлсіздігі

Варикоздың алдын- алу:

Бұлшықеттік тонус жоғарылату, жаттығулар жасау
Ауыр күштеме түсірмеу
Артық салмақтан арылу
Оральды контрацевтивтер қолданудан бас тарту
Спортпен айналысу

Варикозды вена тамырының кеңеюін анықтау:

УЗИ - төменгі аяқ тамырларын қарау
Ультрадыбысты допплерография

Жалпы қан анализі
Биохимиялық анализ
Коагулограмма

Варикозлы кеңею бар болса және варикозды кеңею мүмкіндігі жоғары болса: арнайы жаттығулар жасау керек.
Жаттығуларды карусельді жылжыту арқылы көре аласыз.
Жаттығуларды күнде 30 мин уақытыңызды бөліп жасасаңыз, варикозға жоқ дейсіз

Варикозды кеңею болса: ұзақ жүру және бір орында ұзақ тұруға болмайды.
Венозды іркілісті болдырмау керек!

Варикозды кеңеюдің асқынысы:
ТЭЛА - Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)

Варикозды кеңею кезінде веналық тамырларда қанның іркілісі пайда болады, ол ағзаға өте зиянды асқыныстарға алып келеді. Тромб түзілуі мүмкін. Тромбтың ТЭЛА- ға алып келу мүмкіндігі жоғары.

Емі: тек дәрігер тағайындауымен

Гепаринді мазь немесе гельдер қолдану.
Гепарин тері астылық енгізу
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер: диклофенак, ксефокам
Физиотерапия: электрофорез гепарин немесе детралекспен. Дарсонваль: микроциркуляцияны жақсартады.

Көп мөлшерде су ішу- қанның қоюлануының алдын алады

Варикозды вена кеңеюі мазалайды ма? Ем қабылдап жүрсіз бе?