Get Mystery Box with random crypto!

МОЙЫН ҚИСЫҚТЫҒЫ Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерін | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

МОЙЫН ҚИСЫҚТЫҒЫ

Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерінің, қаңқасының және нервтерінің өзгерісінен туындаған ауру, ол бастың еңкеюімен және қарсы жағына бұрылуымен көрініс береді.

Мойын қисықтығын емдемеген жағдайда:

✓ мойынның қан айналымы бұзылады
✓ баланың басы ауырады
✓ зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды
✓ мойынның артқы жағында қан қоюланады
✓ өкпенің тыныс алуы бұзылады.

Емдеу жолдары:
— емдік массаж
— емдік жаттығулар
— физиотерапия
— ортопедиялық жастық (подушка)
— ортопедиялық мойын орағыштарды тағу, әсіресе Шанц мойын орағышы
— суда жүзгізу
— жоғарыда көрсетілген емдердің ешбірінен нәтиже болмаса, 1 жастан кейін ота жасау арқылы дәрігерлер қалпына келтіруге тырысады.

Көп жағдайда мойынның қисықтығы- баланың бір жаққа қарай ыңғайланып емуінен, жатуынан болады. Баланы неғұрлым ертерек емдей бастасаңыз, соғұрлым тез мойынын қалпына келтіресіз. Мойын қисықтығын қалпына келтіретін ең шипалы ем—массаж.

Мойын қисықтығын қалай емдедіңіз? Бөлісе отырыңыз

Құрбыңызбен бөлісіңіз