Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 30

2021-10-01 17:53:44 Горшокқа баланы қалай үйретуге болады?
.
Негізі дұрыс үйретілген балалар 1ж8 ай дегенде өздері горшокқа сұрануды біледі.
.
Менің өз балаларым осы уақытта 1жас 8 айда уже горшокқа өздері отырып үйренді.
.
Мен бала 3 айға толып,ет жинағанда белін бүкпей тосам.Ал 6 айдан асқан соң смело белін бүгіп тосам. Уже 1 жастан түнде памперс кигізбеймін
Ол үшін не істеу керек
.
Ең бастысы: бала кішетіп қойса ұрыспау,ұрмау,кедергі жасамау
.
Пайғамбарымыз (с.а.у) бір өсиетінде кішетіп қойған балаға кедергі жасамауды,ұрып-соқпауды,ұрыспауды өсиет еткен.
.
алдын-ала горшок сатып алу керек. Ең бастысы қарапайым,ыңғайлы болғаны дұрыс.
Сосын горшокқа жиі-жиі отырғызып,баланың есін шығармаңыздар,до того горшокты көрсе жылайтындай дәрежеге жеткізбеңіздер.Мен ондай адамдарды көргем,анау баланың есін шығарып 5 мин сайын отырғызадыенді
.
Егер үйде үлкенірек балалар болса,солармен бірге отырғызу. Егер балалар жоқ болса,баласы бар үйге қонаққа барып тұрыңыздар
Сосын айту керек,сол отырған баланы көрсетіп: "Қарашы, Әли,молодец! Пи-пи болды"- деп шапалақтау керек.
.
Аю ойыншықты горшокқа отырғызу керек, дұрысын айтқанда ойнау керек. Тоже солай шапалақтап,пи-пи болғанына қуанып .Баланың көзінше аюға түсіндіру керек,неге горшокқа кішету керек екенін. Соңында шапалақтап,мақтапаюды,астын сүртіп. .осылай аптасына 2-3рет істеп тұрыңыздар
.
сосын дауыстап айту керек,мысалы,үйдегілердің біреуі дәретке кетсе,пи-пи болуға кетті деп айтып отырған дұрыс.
.
Менің балаларымның бәріне шапалақтау әдісі көмектесті. Кейбіреулер айтады,бала соған үйреніп алады деп. Ол қып-қызыл өтірік
Кейін өзі отырып үйреніп алған соң ұмытып кетеді. Проверено
.
Әрине,бұл уақытқа дейін арасында болсын тосып үйрету керек.
.
3 жағдайда өте тез үйренеді

Ұйқыдан тұрған кезде
тамақ ішіп болған соң
даладан қыдырып келген соң
Осы жағдайды 1 жастан асқан балаларға қорықпай қолдана берсеңіз болады.
11айлық ұлымды 5-6 айынан бастап ұйқыдан тұрғанда тосам.
4.6K views14:53
Ашу / Түсініктеме
2021-09-30 17:48:54 «ТӘРБИЕСІЗ БАЛА» ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Бала сорғыш (губка) секілді...
Сүтпен келетіннің сүйекке бітетінін ескерсек, ананың мінезі, жасаған әрекеттері, ықылас-ниеті, тіпті, қылықтарына дейін баласына дариды. .
Ата-ана - бала үшін тәрбие эталоны. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Әкенiң баласы үшiн жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ!» - деген өсиетін еске алсақ, балаңыздың алдында өзіңізді дұрыс ұстаудың, еркелетудің, мән-мағынасы бар жақсы сөз сөйлеудің нәтижесі бар екендігіне уақыт өте келе көз жеткізесіз. .
Бала бір сорғыш (губка) іспетті. Көргенінің барлығын бойына сіңіріп алады. Сорғышты қысқанда суы шығатыны секілді, бала бойындағы қасиеттер де түрлі әрекеттер жасап, сынаққа алынғанда көріне бастайды.
. Балаңызға үнемі дауыс көтеріп ұрыспаңыз. Айқайды жиі еститін бала қорқақ, жасқаншақ келеді. Жаңа, бейтаныс орталарда жалтақтық жасап, мүмкіндіктері мен қасиеттерін толық көрсете алмайды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Балаларыңа қарғыс айтпаңдар, ол қабыл болуы мүмкін» – деп балаларға ұрсып, қарғап-сілемеу керектігін ескерткен.
.
Осы орайда «Алдамаққа бала жақсы» дейтін сөзге амал етудің реті келетін сыңайлы. Әрине, өтірік айтып, баланы алдауға, алдануға үйрету емес, оны еркелетіп, жасағалы тұрған теріс қылығынан айныту үшін ойын бөлу мақсатында амалға асыратын дүниелеріңізді жатқызамыз. Сабыр сақтап, басынан бастап балаңызға жай түсіндіріп, ненің дұрыс, ненің бұрыстығын үйрете білсеңіз, тәрбиенің тетігін дөп бастым деп есептей беріңіз..
.
«Болмайдыға» басқа жол табыңыз
Балаңыздың амал-әрекеттеріне тыйым салып, «болмайдыны» көп айту да - бала тәрбиесінде құпталмайтын әрекеттерден. Әрине, бұл баланы еркінсітіп жібер, шектеу қойма деген сөз емес. Бала үйдегі біреуден сес көріп, тыйылып өскені жақсы. Алайда, тәрбиесінде кем-кетік болмауы үшін түрлі тыйымдардың орнына балама зат, әрекет ұсынып, соған қызықтырып көру керек. Мәселен, ас үйдегі пышақпен ойнағысы келсе, оның орнына ойыншық пышақ ұсынып немесе соған ұқсас басқа бір затпен алдандырыңыз. Бала таңсық дүниелерді тез қабылдайды. Бағыт-бағдар берсеңіз тіпті жақсы.
577 views14:48
Ашу / Түсініктеме
2021-09-29 17:52:30 104 ЖАСАР АҚСАҚАЛДЫҢ ӨСИЕТІ

1. Айналаңдағы тіршілікті жан-жүрегіңмен көруді үйрен, көз көргеннің бәріне қуана біл – шөпке, ағашқа, құсқа, жануарға, жерге, көкке. Оларға мейірімді көзбен, сезімтал жүрекпен қара – сонда кітапта жазылмаған білімді көресің. Сен олардан өзіңді көресің – жуасыған әрі жаңарған өзіңді.

2. Жылдың кез келген уағында бірнеше минут жерде жалаңаяқ тұруды әдет қыл. Жер өзі шақырып алмай тұрғанда тәніңе жердің лебін сездір.

3. Судың жағасында отыруға мұрсат бөл. Су шаршағаныңды басады, ойыңды тазартады.

4. Шөлдемесең де сәті түскен жердің бәрінен таза су ішуді әдет қыл. Су бәріне ем.

5. Дастарқаныңда күнделікті көкөніс болатын болсын. Күнннің жылуымен піскен көкөніс өте пайдалы. Бірінші орында – қызылша, жер бетінде оған жететін көкөніс жоқ. Сосын – бадана (фасоль), асқабақ, жидектер, сәбіз, қызанақ, бұрыш, саумалдық, салат, алма, жүзім, алхоры.

6. Жаман тамақ – шұжық, қуырылған картоп, пішінә, тәттілер, консервілер, маринадтар. Менің асым – дақылдар, бадана, көк шөп. Жыртқыш ет жеп алады да, тойғаннан әрең қозғалады. Ал, жылқы сұлы жеп алады да, күні бойы арба сүйрейді. Шегіртке шөп жеген соң ұшып-қонып жүреді.

7. Бір уыстан, бірақ жиі-жиі жеген жақсы. Аз тамақ ішу үшін суды көп ішем. Компот ішіп, дақыл тамақты көп жеймін. Шикі көкөністі жеймін. Бейсенбінің кешінен бастап жұманың кешіне дейін ауыз бекітемін. Тек су ішем.

8. Ораза – барып тұрған қазына. Ораза ұстағаннан артық ештеңе де мені жасартып, жеңілдетпейді. Сүйектерім жеп-жеңіл, құстікіндей болады. Жүрегім жас жігіттікіндей жалындап тұрады. Ораза ұстаған сайын бірнеше жасқа жасарамын.

9. Таңның атуы мен күннің батуы – сен үшін. Жұмыс тек таң атқанда қызады. Соған дағдылансаң, тәнің де, рухың да мықты болады. Кеш батқанда ми тезірек тынығып, ұйқыда тазарады. Монахтар мен сарбаздар осылай өмір сүреді. Сондықтан қызмет етуге күші көп.

10. Ашық аспан астында көбірек жүруге тырыс. Салқын үйде тұрып үйрен. Аяқ-қолың жылы болса болғаны. Ал, басың – салқын ауада тез тынығады. Жылы үйден тәнің тез қартаяды. Уссурия ормандарында қарт қытай бар еді. Ол ылғи мақталы шалбар киетін, бірақ үйіне от жақпайтын.
497 views14:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-28 18:22:44 ЕМІЗУШІ АНАЛАРҒА НЕ ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?!

Босанғанша тиылмаған ауызды босана салысымен сап тиятын сол біздің қазақтар ғана шығар

Сіз емізуші анасыз. Сізге жеуге болмайтын тағамдар тізімі :

Алкоголь (онсыз да ішпейтін шығарсыз)
консервіленген өнімдер (кез-келген)
цитрустар (сезоннан тыс, бұрын соңды жеп көрмеген жаңа жеміс түрі)
бал (аллергия тудыруға бейім)
газды сусындар (қош бол кола, фанта)
жасанды қоспалы көмірсулар (чипсы бастаған, КФС қоштаған жеңіл сатып ап жейтіндер)
сүтті шай ("мәәә мынау не деп отыр" демеңіз, балаңызға түрлі бөртпе диатез шыққыш болса қантты емес, сүтті шайды тиыңыз. Нәтежиесін 1 айда көріп маған рақмет айтып отарсыз)
бор, кесек, саз, топырақ, қабырға, әк (бұлар тамаққа жатпаса да осыны тамақ ретінде жейтіндер аз емес. Баланың да, өзіңіздің де іш қатып геморрой болуды қаламасаңыз қазір тастаңыз)

ЕНДІ НЕ ЖЕУГЕ БОЛАДЫ?

Бәрін, шын айтам бәрін жеуге болады . Тіпті қауын-қарбызды да . Бірақ нормасымен . Босанғанша бәрін жеген болсаңыз, босанған соң да соларды жей аласыз. Сізбен кіндік арқылы байланыс жасаған балаңыз енді сүт арқылы байланысып жатыр . Іші ауырады, тісі ауырады деп тек сорпа, суға, қара нанға диетаға отырмаңыз. Ананың ауызын тиятын арнайы кездер болады. Оны баладағы диагнозға қарай жеке тағайындайды.

Жеміс жеуге рұқсат алдым деп бәрін ауызға тыға беру жоғанан. Бүгін 1 тілім алма жеп көріңіз, ертең 2 тілім, арғы күні бүтін 1 алманы жей аласыз. Солай реттілікпен енгізген дұрыс. Жаңадан жеген өнімді күннің алғашқы бөлігінде жесеңіз дұрыс. Балада аллергия, іш өту байқалса күннің қалғанында анықтау оңай болады.

Ананың рационы әртүрлі, құнарлы, жеміс те, көкөніс те, дәнді дақылдар да болғанда сүті жақсы шығады. Қазір сүт арқылы беріп үйретсеңіз, бала сол тағамдарды өзі жегенда жақсы қабылдайды. Әр өнімді өз сезонында жеген дұрыс. Қазір жаз, витаминдеріңізді толықтырып үлгеріңіздер!

Сіз қауын-қарбыз жеп жүрсіз бе?
59 views15:22
Ашу / Түсініктеме
2021-09-27 17:34:21 БАЛАМ ТІСПЕН ТУЫЛДЫ

Таң қалмаңыз, естімеген елде көп, бірақ солай туылатындар да бар. Барлық бала кітапта жазылғандай бірдей бола бермейді. Әрқайсысының жеке дамуы бар.

Қалыптыда балаға
6-7 ай 2 тіс
8-9 ай 4 тіс
10-12 ай 8 тіс
12-16 ай 12 тіс
16-20 ай 16 тіс
24-30 ай 20 тіс шығуы керек.

Сүт тістер 5-6 жастан 10-12 жасқа дейін түсіп қайта шығады.

Тіс шығуы үлкен процесстерден өтеді.

СҮЙЕКТІ ЖАРУ
Бұл балада 2.5-3 айдан басталады. Баланың ауызына қолын сала беретін, сілекей ағуы көбейетін уақыт. Сүйек жаруын баланың ауызын ашқанда бірден байқайсыз. Қызыл иегі томпайып, астында тіс ізі байқалады. Бірақ сіз күткеніңізбен тіс шыға қоймайды. Баланың ұйқысы, емуі жақсы, бірақ ызыңдап жылауы мүмкін.

ҚЫЗЫЛ ИЕКТІ ЖАРУ
Қызықтың бәрі осы кезде басталады. Бағанағы ауызындағы күнде аңдып жүрген тістің көрінетін кезі. Әр балада әртүрлі болады. Бірінде тіс шыққаннын байқамай қалған болсаңыз, кейбір балада ауыр өтеді. Белгілері: мазасыздық, температураның субфебрильді (37.1-38.0) көтерілуі, тәбеті жоғалу, қолына түскен затты ауызына апарып тістелеуге тырысу, қызыл иектің қызарып, ісінуі, іш өту, кейде құсу. Бұл белгінің барлығы болуы міндетті емес. Болмаса тіпті жақсы.

Тіс шығуын жеңілдету үшін не істейміз?

Баламен бірге қосылып жыламай, балаға көмектесуге ниеттенесіз
Тісжарғыш резина ойыншықты салқын суға салып не мұздатқышқа қойып ап балаға береміз (қызыл иектегі қызару мен ісікті басуға көмектеседі)
қызыл иекті массаждаймыз (қолға стерильді қолғап киіп уқалауға болады) немесе аптекадан арнайы силиконды щётка алып сонымен массаждаңыз
1 стақан суға 0.5 шай қасық ас содасын ерітіп сұқ саусаққа бинт орап қызыл иекті сүртіп отырамыз (ауырсынуды басады)
Аптекадан ауырсынусыз тіс шығуына көмектесетін арнайы гель алып жағып қойсаңыз болады (түрі көп, қалтаңыз көтергенін ала беріңіз бәрінің құрамы бірдей)
Баланың жеке жағдайына қарай: температура болса қызу түсіретін препарат деген сияқты дәрігерлік тағайындаумен қосымша бересіз.

Тіс шығуы кешеуілдесе мамандарға көрсетіп сүйек құраушы элементтерді беру керек(кальций, Д3, фосфор)

Сіздің балаңызда неше айда тіс шықты?
566 views14:34
Ашу / Түсініктеме
2021-09-26 16:13:10 Ананың 40 күн күтімі

Бала, бала деп анасы шетте қалмасын. Бүгінгі пост сіздер үшін. Ал, мен үшін жүрекше

"Ешкім, өз-күнімді өзім көрдім"
"қарасатын адам болмады"
"үйде ер адамлар көп, мені дұрыс түсінбей қалар дедім"
"енем қатал, тіршілігіме кірісіп кеттім"

Қалжа қайда қалды? Бел қатаюы қайда?

40 күн босанушылар үшін (әсіресе тұңғышын) күтім маңызды. Күтімді тізіп шығайық.

ТЕРЛЕУ
Бір ұрттам су ішсеңіз де босанғанда терлейсіз. Босану сөзі босаңсудан шыққан. Яғни бойыңыз толық балқып, босап тұр. Ағзадағы баладан қалған артық қан, шлак, токсин 9 ай бойыңызға жиналған қалдықтарды шығару үшін терлеу керек. Босанғанда тер шықпаған анадан, кейін түрлі ауру шығады.

ЖЫЛЫ КИІНУ
Ең бірінші жылы ұстайтын жеріңіз төс(омырау,емшек). Балаңызды тамағынан ерте айырығыңыз келмесе, түрлі асқынулы сүт безінің ауруларының алдын алу үшін жылы орап ұстаңыз. Әйелдің ең нәзік, сезімтал, ауырса жанды жері де осы.
Екінші табан .Табанда түгелдей ағзамен байлансатын нүктелер бар. Табаннан суық кірсе, маңдайдан тесіп шығады.

СУЫҚ ҰСТАМАУ
Баланың киім шая салайын, далаға жая салайынның артында саусақ буындары қақсауы жатыр. Ұстап алып отырмасаңыз да, морозильникке ет алуға қолды 1 салғанның өзі суық тигізуге жеткілікті.

АУЫР КӨТЕРМЕУ
Сіздің 12 мүшеңіз шашылып, қайта жинала алмай, 62 тамырыңыз иіп жатыр. Жүкті кезде 1 шелек суды босанғанша көтерген шығарсыз, бірақ қазір емес. Жатыр жиырылып, бел-сегізкөз-құйымшақ бөлімдерінде үлкен өзгерістер болып жатқанда 3 кг нан артық зат көтермеңіз.

ВАННА, БАНЯ, БАССЕЙНГЕ ТҮСПЕУ
40 күн бойы денеге су тигізбей ұстау мүмкін емес. Қажетінше жылы душ қабылдаңыз. Оған әжеңіз ұрыспаса, медицина рұқсат беріп қойған. Тек су толтырып ваннаға жатпаңыз, ыстық баняға бармаңыз, көлге, бассейнге балықша жүзудің керегі жоқ.

СОРПАЛАНУ(ҚАЛЖА ЖЕУ)
Сорпа дегенде ҚАЗАҚ болып туғаныма қуанып кетем
Жас малдың етінен сорпа қайнатып 40 күн үзбей ішіңіз. Сиыр, ешкі емес қой мен жылқы еті жақсы күш-қуат береді.
80 views13:13
Ашу / Түсініктеме
2021-09-25 17:19:28 Балаға массаждың пайдасы

Кезінде массаж алмай-ақ өстік қой, сендер қайдан шықтыңдар?-депті бір декретте іші пысып отырған ана

Сіз қайдан білесіз, анаңыз бен әжеңіз осы қыздың жауырыны жабыспасын деп массаж жасағанын, үнемі шомылдырған сайын сылап-сипап өсіргенін

Балаға массаждың пайдасы ұшан теңіз. Нақтырақ айтайық:

Адаптация(қоршаған ортаға бейімделеді)

Өз жасына сай дамуы(басын ұстау, аунау, еңбектеу, отыру, жүру)

Танып білуге қабілеттің артуы(массаж кезінде қанайналым жақсы болған соң бас-ми жақсы жетіледі)

Қорқынышты диагноздардың алдын алу(Қисықмойын, дисплазия, гипоксия, гипо-гипертоус, майтабан, Рахит, вальгус, варусты табан т.б)

Мықты Иммунитет(массаж алушы балалар алмайтындарға қарағанда сирек ауырады)

Салмақты нормасымен қосу(бала арық болса массаждан соң қарыны ашып еміп салмақ қосады, ал артық салмағы болса тастайды)

Барлығына икемді(болашақта балаңыз спортқа, биге, көркем гимнастикаға қай салаға болсын ебі келетін икемді болады)

Күн көрмей, дұрыс күтім жасалмаған өсімдік гүл ашпайды, солады не қурайды. Үйіңіздегі кішкентай ғана өсікініңіз ГҮЛ болғанын қаласаңыз массаж жасаңыз.

СІЗ БАЛАҢЫЗҒА НЕШЕ РЕТ, ҚАНША АЙЛЫҒЫНДА МАССАЖ АЛДЫҢЫЗ? Тек шыныңызды жазыңызшы
504 views14:19
Ашу / Түсініктеме
2021-09-24 16:57:44 БАЛАҢЫЗДЫҢ ТАМАҒЫ АУЫРСА...

Ауызға су толтырып, тамағын шаюды бала 3 жастан бастап өздігенен жасай алады. Оған дейін балаларда ангина болса қалай шаямыз

10 не 20 гр шприцке ерітіндіңізді құйып аласыз;
Шайған су төгілетіндей тазик, қасыңызға көмекші адам дайындаңыз;
Баланы тізеңізге ішімен жатқызып, басын төмен қаратасыз. Мұрынын қысқанда немесе жылағанда ауызын ашады. Сол кезде көмекшіңіз баланың ауызына шприцпен ерітіндіні шашады. Ішімен жатқан бала жұтына алмайтындықтан, барлық сұйықтық сыртқа тазигіңізне ағады.
Осы әдісті күніне 3-4 ретке дейін жасай аласыз.

Шаюға 1 стақан жылы суға 1 шай қасық ас содасын қосасыз.

Тағы бір әдіс 1 стақан жылы суға 1 шай қасық теңіз тұзы, 2 тамшы йод араластырып шаюға қолдануға болады.

Сіз қалай жасайсыз? Ақпарат пайдалы болды ма?

Пікір қалдырыңыз. Сақтап алыңыз керек болады. Бүкіл баласы барларға жіберуді ұмытпаңыз.
648 views13:57
Ашу / Түсініктеме
2021-09-23 16:56:34 БЫЛШЫҚТАНЫП ТҰРАДЫ

Нәресте үнемі шалқасынан жатқандықтан көзіне түрлі шаң-тозаң түседі. Үлкен адамдарша оны уқалау, күнделікті қажетінше жууды жасай алмайды. Осыған орай инфекция түсіп көз былшықтануы пайда болады.

Көз күтімінде ескеретін 3 әдіс бар:
Көзді сыртынан ішіне қарай сүрту; Күнделікті жасалады.
Жылы суға малынған мақтамен ғана тазалау;
Бала әрбір оянғанда көз жолын массаждау.

Бала ауырғанда әсіресе суықтау, тұмауратқанда көз-мұрын каналы бітеледі. Нәтежиесінде көзде іріңді бөлініс болады.

Басқа қандай тақырыпта посттар күтесіздер Төменге жазыңыз
487 views13:56
Ашу / Түсініктеме
2021-09-22 17:39:41 ШАЛАБАЙЛАР ҚАТАРЫНАН ОЗА ШАБАДЫ

Мен айтпадым, статистика айтады. Әлем бойынша 1.5 млн, елімізде 250.000 бала шала туылады екен.
Шала туылу деген 22-37 апталық мерзімде өмірге келген нәресте. Ерте туылудың себебі көп. Аса қатты күтімді қажет етеді.

Бастапқы 1 жыл дамуында басқа балалардан өзгешелігі

Бұлшық ет тонусы әлсіз
Жылу реттеуі қалыптастапған
Салмақ қосуы жай
Басын ұстау, аунау, еңбектеу, отыру, жүруі қатарынан кеш дамиды.
Бұл ерекшеліктер баланың туылған аптасына қарай әртүрлі болады.

Айналып келіп, мұндай балаларға массаж жасауға бола ма дегіңіз келіп тұрғанын білем. ИА БОЛАДЫ, ТІПТІ МАССАЖ ЖАСАУ МІНДЕТТІ.
Бала гистациялық емес, айлық уақытпен есептеп қырқынан шыққан соң массаж бастайсыз.
(40 күнде ет пен сүйек бірігеді)

Массаждан соң бала тез ширайды
Адаптация(бейімделу) жақсы жүреді
Қарыны ашып еміп, салмақ қосады
Дамуы өз уақытына сай болады

Кімнің баласы Шалабай? Неше аптада босандыңыз? Қазір дамуы қалай?
642 views14:39
Ашу / Түсініктеме