Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-25 15:42:59 Адам қанша сағат ұйықтауы керек?

Барлық жас топтары үшін ұйқы қажеттілігі келесідей: Нәрестелер (0-3 ай): 14-17 сағат Кеуде (4-11 ай): 12-15 сағат Балалар (1-2 жас): 11-14 сағат Мектепке дейінгі балалар (3-5 жас): 10-13 сағат Оқушылар (6-13 жас): 9-11 сағат Жасөспірімдер (14-17 жас): 8-10 сағат Жастар (18-25 жас): 7-9 сағат Ересектер (26-64 жас): 7-9 сағат Егде адамдар (65+ жас): 7-8 сағат Ең қатерлі аурулар да, ең болмашы аурулар да дұрыс ұйықтамағандықтың салдарынан келеді. Егер біз денемізге, миымызға қажетті демалыс алмасақ, біздің психикалық және физикалық функцияларымыз нашарлайды. Ұйқының жеткіліксіздігі нашар физикалық жағдаймен, мысалы, салмақ жинаумен, иммундық жүйенің жұмысындағы бұзылулармен және жүрек ұстамалары мен инфарктілердің қаупін арттырады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан біздің психикалық функцияларымыз көңіл-күйдің ауытқуының жиілеп кетуінен, шешім қабылдау қабілетінің төмендеуінен, әлсіз креативтіліктен және когнитивтік бұзылыстардың жоғары қаупінен зардап шегеді. Бұл ұйқы дефицитінен тері аурулары да жиі кездесетін көрінеді. Сондықтан өз ұйқыңыз бен демалысыңызға жақсы уақыт бөліңіз.
1.8K views12:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 17:12:56 Кір жууға 10 кеңес

1. Жүннен тоқылған қысқы киімдеріңізді жуып жатқанда, кір соңғы шайылар алдын 1 шәй қасық глицерин қосыңыз, бұл сіздің киіміңізді жұмсақ қылады! 2. Егер түрлі түсті киімдеріңізді жуатын болсаңыз онда ішіне 2-3 ас қасық тұз қосыңыз, киіміңізді жарқын әрі ашық түсті етеді! 3. Синтетикадан жасалған киімдер ерекше әрі көп күтім қажет етеді, сол үшін басқа киімдеріңізге қарағанда көбірек жуыңыз! 4. Егер де 1 көйлекті 5-6 рет кисеңіз ол киім өзіне көп шаң тартатын болады, қозғалыс кезіндегі үйкелістің арқасында магниттік тартыс күші көбею себебінен, бұдан бөлек адам денесінен бөлінген ылғалмен қосылып майлы болып киім тез кірлейді! 5. Жүннен тоқылған киімдеріңізді жуып жатқанда суға 1 ас қасық ас содасын салыңыз ол: түсін жаңартып, жаман иісті кетіріп және жағымсыз иістердің ұзақ уақыт жұқпауына әсер етеді! 6. ақ нәскидің және гольфидің кірі оңай кетсін десеніз: суға 1-2 ас қасық борная кислота қосып бүкіл кіріңізді сол суға 1-2 сағатқа салып қойыңыз, жуған заттарыныз жарқырап шыға келеді! 7. Сүлгіңізді және xалаттарыңызды жуып болған соң тұздалған суға батырып алыңыз, үлпілдек, жұмсақ болып шыға келеді! 8. Перденің түл матасын жуып жатқанда ішіне кішкене сүт қоссаңыз жап жаңа болып шыға келеді! 9. жуылған затыңызды ыстық сумен ағартқыңыз келсе заттарыңызды салмас бұрын суға нашатыр спиртін қосыңыз: 1 ас қасықты әр 10 литірге! 10. Майда-ұсақ заттарды жол үстінде немесе қолайсыз жерде дереу жуып алу керек болса: полителен пакетине заттарыңызды салып ішіне кішкене су қосып (өз қалауыңызбен парошок немесе, ас содасын қоссаңыз болады, лимон сығындысын, этил спиртін, сабын қосуыңызға болады)
1.8K views14:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 16:20:01 Ас содасының емдік қасиеті

Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады. Айта берсек, оның кәдеге асар кезі көп. Енді оның қасиеттеріне тоқталар болсақ:
1. Жүрек тарсылдап, қатты соққан кезде де жарты шай қасық соданы тілдің астына салып қою керек.
2. Ауыр жарақаттанғанда, тамақтан уланғанда немесе көп мөлшерде қан жоғалтқан жағдайда жарты шай қасық ас содасы мен бір шай қасық тұзды бір литр қайнаған суға ерітіп, әр бес минут сайын бір ас қасығын ішіп отыру керек.
3. Ас содасының қан қысымын түсіруге де септігі зор. Ол денедегі артық ылғалды шығарып, қан қысымының төмендеуіне көмектеседі.
4. Жөтеліп жүрген адам жатар алдында бір стакан қайнаған сүтке бір шай қасық ас содасын салып ішу керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сүт ішпейтіндер бір литр қайнаған ыстық суға бір ас қасық ас содасын ерітіп, тамағын буласа, жөтелі кетеді.
5. Баспа кезінде бір стакан жылы суға екі шай қасық ас содасын салып, күніне бес - алты рет тамағын шайса, тамақтың қызарғаны басылады.
6. Тұмауратып ауырғанда адамның мұрнынан су ағатыны белгілі. Сондайда күніне үш - төрт рет сода ерітіндісін тамызу керек.
7. Көз былшықтанған кезде ас содасын суға салып, мақтамен сүртсе, көз тазарады.
8. Саусаққа жара шығып, іріңдеп, қабыну байқалса жарты литр жылы суға екі ас қасық ас содасын ерітіп, саусақты батыру керек. Ауырған саусақты осылайша күніне үш - төрт рет батырса, іріңі басылады.
9. Тіс ауырмау үшін ауыз қуысын ас содасы қосылған сумен шайып тұру керек.
10. Ас содасын сабынның көбігімен араластырып, аптасына екі рет жуса бетті жасартып, «өлген» жасушаларды қалпына келтіреді.
11. Көп терлейтін адамдар күнделікті таңертең ас содасы қосылған суға мақтаны батырып, қолтығын сүртсе күні бойғы жағымсыз иістен құтылады.
12. Көп жүргеннен аяқ талып ауырғанда бес ас қасық соданы 10 литр суға ерітіп, он бес минут аяғын салып отырса, аяқтың шаршағаны басылады.
1.8K views13:20
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 15:37:17 Аяқ тамырлары көрініп тұрса...

Кейбір арулар көктамырлардың түйнеліп кеңеюі мәселесіне шалдығады. Оны қалай емдейміз? Дәстүрлі медицинаны қолданып, «варикозды» кетіруге бола ма?

Сарымсақ Ақ сарымсақтың тазартылған тілімдерін ұсақтап кесіңіз. Оны сары маймен 1:2 қатынасында араластырыңыз. Дайын қоспаны тамырлары көрініп тұратын жерге жағып, жылы орамалмен орап тастап, ұйықтаңыз. Таңертең аяқты жақсылап жуып, жылы шұлық киіп алыңыз. Қызанақ 2 жасыл қызанақты кесіп, тамырдың үстінен басып, бинтпен орап тастаңыз. Үш сағаттан соң бинтті шешіп, аяқты жылы суда 15 минуттай ұстау керек. Шөпті қоспа Құрғақ жусанды жылы, қыздырылған сүтпен араластырыңыз. Нәтижесінде паста тектес қоспа болуы керек. Оны аяққа жағып, бинт немесе жылы орамалмен ораңыз. Шөп сусыны Бұл ем ұзақ болғанымен, өте пайдалы әрі қауіпсіз. 5-7 ай бойы арнайы дайындалған сусынды ішіп жүруіңіз керек. 2 ас қасық ұнтақталған қалақайға су құйып, бір сағат жылы жерде қақпағын жауып, тұндырыңыз. Содан соң сусынды сүзіп, күніне үш рет ¼ стақаннан ішіп отырыңыз. Үш-бес апта бойы ішіп жүрген соң он-он төрт күн демалу керек. Содан соң қайтадан емді жалғастырған жөн. Сонымен қатар майлы, қуырылған тағамнан бас тарту керек. Құлмақ сусыны Құрғақ құлмақ түйініне бір стақан қайнаған су құйып, үш минут баяу отқа қойып, қайнатыңыз. Жылы жерде қақпағын жауып, тұндырыңыз. Бұл сусынды үш ай бойы күнде тамақтану алдында 20 минут бұрын ішу керек. Жұпар жаңғағы Бірнеше жұпар жаңғағын ұн тектес болғанынша ұсақтаңыз. Ол үшін кофетартқышты пайдалануға болады. 1 ас қасығына 1 стақан қайнаған су құйып, 5-10 минуттан соң 1 ас қасық балмен араластырыңыз. Тұнбаны бірнеше сағат жылы жерде ұстау керек. Бұл сусынды күніне 3 мезгіл, тамақтануға 20 минут қалғанда ¼ стақан көлемінде ішіп тұрыңыз.
1.8K views12:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-21 16:25:25 Өкше жарылып, тілімденсе

Жаздыгүні жалаңаяқ жүргеннен өкшенің терісі тілімденіп, жарылып кетеді. Оның қараған көзге оғаш көрінгені былай тұрсын, денсаулыққа тигізер зияны да көп. Тілінген, қиылған жерлерден қан жолдарына инфекция кіріп, түрлі ауруға шалдығу қаупі де жоқ емес. Сондықтан егер өкшеңіз жарылса, төмендегі масканы жасап, дереу емдеңіз!

Шағын легенге 1,5 литр ыстықтау (бірақ аяқ күйдірмейтіндей) су құйып, 4 ас қасық сутек тотығын (перекись водорода) қосыңыз. Осы суға аяғыңызды салып, біраз отырыңыз. Егер өкшеңіз тым қатты жарылған болса, ұзағырақ отыру керек. Аяқты судан шығара салып, өкшеңізді пемзамен ысқылаңыз. Ал одан кейін сумен шайып, құрғатып сүрткен соң, дәріханадан алған глицериннің үстінен құты толғанша қарапайым алма сірке суын қосыңыз.

Жақсылап шайқап, осы қоспадан өкшеңізге жағып, аяғыңызға полиэтилен қап киіңіз. Бұл масканы жатар алдында жасап, қапты таңертең шешсеңіз, аяғыңыздың терісі жұп-жұмсақ болып, тілімденгені тез жазылады.

Аяқты суға аптасына бір-ақ рет салу жеткілікті, ал масканы күнделікті жасаған жөн.
1.9K views13:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 16:03:46 Құрманың қасиеті

Құрма – арабтардың күнкөрісінде маңызды орын алатын иісі мүлдем білінбейтін бірақ дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының 3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.

Құран Кәрімде де құрма жайлы бірнеше жерде баяндалған: «Көктен су түсірген де – Алла. Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтүн, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген ғибраттар бар» (Әнғам сүресі, 99).

Адамзаттың ардақтысы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) бірде Сахабаларға қарап: «Ағаштар арасында жапырағы еш түспейтін ағаш бар, ол ағаш мұсылмандарға ұқсайды. Оның қандай ағаш екенін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сонда сахабалардың бәрі ағаш атауларын атай жөнеледі. Хадисті жеткізуші Ибн Омар (Алла ол кісіден разы болсын) ішімнен құрма ағашы шығар деп ойлап отыр едім, лезде сахабалар Алла Елшісі жақсы біледі деді жамырай. Сол сәтте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ол құрма ағашы», – деді. (Муслим. Тирмизи) Алла Елшісі (с.а.у) құрманы қатты ұнатқан. Мәселен, құрма маусымында өзіне сыйлық ретінде тартылған жас құрмаларды кері қайтармайтын. Тағы бір сөзінде «Құрмасы жоқ үйдің адамдары анық аш қалғаны» деп, құрманың Мәдиналық кедейлердің күнкөрісінде қаншалықты орын алғанын байқатқан (Ибн Мәжә). Шаңырағында айлап қазан асылмаған уақыттардың өзінде де оларға арқау болған құрма мен қара су еді. Айша анамыз (р.а.) сол күндерді: «Алла елшісі (с.ғ.с) қайтыс болғанда да, қара құрма мен қара судан басқа ештеңе таппағанбыз», – деп еске алған (Бұхари). Бірақ тек құрма жеп күнелткен уақыттарда сахабалардың ешбірі ауруға ұшырамаған.

Себебі, құрма жемісі тек қана азық емес, сан түрлі дерттің таптырмас шипасы. Құрма адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті барлық дерлік пайдалы заттарға ие.
2.0K views13:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 15:49:45 Тырнаққа арналған маска

Бұл маскалардың барлығын үйде жасауға болады. Нәтижесі салонда жасалатын процедуралардан кем емес. Сенбесеңіз, жасап көріңіз Зәйтүн майы Зәйтүн майынан 3-4 ас қасық, 2-3 тамшы лимон шырыны және 2 тамшы йодты араластырыңыз. Осы қоспаға тырнағыңызды салып 5-10 минут ұстаңыз. Сабынсыз сумен шаю жеткілікті. Лимон Тырнағыңыз сына берсе, осы масканы жасаңыз. Лимонан қалыңдау етіп екі тілік кесіңіз. Осы тіліктерге тырнағыңызды тығыңыз. 5 минут ұстау жеткілікті. Лимоннан соң, тырнағыңыздың айналасына қарақат, мүкжидек шырынын жағуға болады. Айтпақшы, лимонның қалға қалдыңын тізеңізге, білектің қатты тұстарына жақсаңыз, қатып қалған тері жұмсарып, ағарып қалады. Өсімдік майы Кәдімгі өсімдік майына лимонның эфир майын немесе лимон шырынын қосыңыз. 3 ас қасық өсімдік майы, 2 тамшы эфир майы немесе 3-4 тамшы лимон сығындысы. Бұл масканы 10 күн қатарынан жасаңыз. Е витамині Дәріханадан Е витаминін алыңыз. Әдетте ол капсулада сатылады. Күнделікті кешке тырнағыңызға жақсаңыз, тырнағыңыз қатайып, сынбайтын болады. Процедураны бір ай бойы жасаған жөн. Балауыз Табиғи балауыз тырнағыңызға өте пайдалы. Маска түнде жатар алдында жасалады. Алдын ала бір ыдысқа суық су құйып, бір ыдысқа балауызды буға ерітіп дайындаңыз. Еріген балауызға саусақтарыңыздың ұшын мала қойыңыз. Содан дереу суық суға сала қойыңыз. Саусақтарыңыздың ұшындағы балауыз қатып қалады. Енді сыртынан қолғап киіп, ұйықтай беріңіз. Процедураны аптасына екі рет жасау жеткілікті. Ал барлығы 6 процедура болуы тиіс.
1.9K views12:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 16:20:46 Үй жағдайында кілем тазалау

Кір кілемдерді әртүрлі қоспалардың көмегімен мұнтаздай таза қылуға болады: - 1 литр қайнаған суға жарты шай қасық кір жуу ұнтағы мен скипидар қосып араластырады. Сосын кілемнің беткі жағына осы құрамды жағып, алдымен ылғалды, кейін құрғақ шүберекпен сүртеді. - 1 литр суға ас қасықпен мүсәтір спиртін қосып, кілемнің бірінші сыртқы жағын, кейін бет жағын щеткамен жуады. Сосын кілемді екі-үш рет жылы сумен ысқылайды, ал соңғы рет жуғанда суға аздап сірке суын қосады. Майлы дақтарды былай кетіруге болады: бензинге електен өткізілген ағаш үгіндісін қосып, үгіндіні даққа жағып біраз уақыт күте тұрады. Ашық түсті кілемдерді осы әдіспен тазалаған жөн. Сондай-ақ, майлы дақты бензин мен кір жуу ұнтағы араласқан қосындымен де кетіруге болады. Бұл қосындыны түнде кілемге жағып қойып, таңертең ыстық сумен жуып тастайды. Кілемге сіңіп қалған дақтарды да кетірудің жолы бар: спирт, лимон шырыны қосылған қосындыға мақтаны батырып, кір жерді мақтамен сүртеді. Кейін көпірік сумен жуып тастайды. Қыс қаһары басылып, көктем жақындағанымен, кейбір аймақтарда әлі де қар жатыр. Кілемді қармен тазалау - ең оңтайлы әдістердің бірі. Кілемді қарға жайып қойып, үстіне сыпырғышпен қар үйеді. Лас қарларды сыпырып тастап отырады. Тұзбен тазалау. Кілемге ірі түйіршікті ас тұзын сеуіп, сыпырғышпен мұқият сыпырып тастайды. Сыпырмастан бұрын сыпырғышты ыстық көбік сумен жуып алу керек.

Шаймен тазалау. Бұл әдіс ашық түсті кілемдерге қолданылмайды, керісінше, күңгірт кілемдердің ажарын аша түседі. Шай қалдықтарын (заварка) мәрліге орап, оны әбден сығады. Сосын шай түйіршіктерін кілемге шашып тастап, 15 минуттан кейін сыпырып алады. Шай шаңды бойына тез сіңіріп алатын қасиетке ие. Кілемге сағыз жабысып қалғанда, ең бірінші оны мұздатады. Тоңазытқыштан мұп-мұздай бір нәрсе әкеліп, сағызға қояды. Сосын пышақпен қырып тастайды. Кейін күнделікті әдіспен кілемді тазалайды.
2.0K views13:20
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 16:42:06 Арықтаудың тиімді жолдары

Диета ұстауға жігеріңіз жетпеді ме? Спортзалға баруға да уақыт таппай отырсаңыз, жағажай маусымына төмендегі тәсілдермен дайындалыңыз. Арықтаудың алты жолы сізге пайдасын тигізеді, деп жазады anabol.kz.

1. Спиртті сусындардан бас тартыңыз! 1 литр таза спиртте (96%) 7000 ккал бар. 100 гр шарапта 56-70 ккал болады. Ал оның бір бокалында, яғни 250 грамда 140-170 ккал бар деген сөз. Осындай ұсақ-түйектерді санайтын болсаңыз, артық майдың қайдан пайда болғанына оңай көз жеткізесіз.

2. Жаяу көбірек жүріңіз! Оның әсері мол. Бұл өз кезегінде арнайы арықтау жаттығуларымен айналысқанмен тең.

3. Тәттіге тәбетіңіз ашылса, ет жеңіз! Майлылығы аз сүзбе, тауық пен балық еті тәттіні ұмытуға көмектеседі.

4. Жиі қозғалыста болыңыз! Әсіресе, кеңседе күн ұзақ отыратындар үшін бұл ережені бұлжытпай орындау маңызды. Әр сағат сайын кемінде бір рет компьютер алдынан тұрып, 5-10 минут жүріп келіңіз. Қозғалыссыз отырғаннан гөрі тұрғанда, әсіресе, қозғалып, ары-бері жүргенде бойдағы майдың еруі жылдам болады.

5. «Бір қасық» ережесін ұстаныңыз! Тамақ ішкенде табағыңыздың түбіне бір қасық асты жемей қалдырып отырыңыз. Бір қарасаң, бір-ақ қасық. Ал негізінде сіз табақтың түбінде сол бір қасық тамақты қалдырмасаңыз, тағы екінші табақ ішуге тәбетіңіз де ашылып кетуі мүмкін емес пе?!

6. Жегіңіз келсе, су ішіңіз! Тамаққа тәбетіңіз ашыла қалса, бірден бір стакан су ішіп алыңыз. Бұл тәсілдің көмегі мол. Сондай-ақ күніне 1,5 литрдей су ішу керектігін есіңізден шығармаңыз.

Осы кеңестерге құлақ түріп, орындай жүрсеңіз, еш диетасыз-ақ артық салмақтан арыла аласыз!
2.1K views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 17:39:38 Пияздың пайдасы

Пияз бен сарымсақ бір-біріне ұқсас өсімдіктер және екеуі де иісі бірден білінетін күкірті бар компоненттерге бай. Сондай, компоненттердің бірі — инсулиннің секрециясын көбейтетін аллил пропил дисульфид (APDS). Бұл жағдайда ағзадағы инсулиннің көлемі артады.

Бұл әсіресе, жаттығудан шыққан соң тіскебасуға өте пайдалы.

Егер пиязды протеин іріткісінен, көмірсу және креатиннен дайындалған коктейльмен араластырса, ағзадағы пайдалы заттардың артуына көмектеседі.

Салатқа арналған пияз да алма секілді өте тәтті. Әрбір спорттық жаттығуға барған сайын бір бума пиязды алып кетуге тырысыңыз.

Егер жаттығудан соң, асүйге баратын уақытыңыз болса, жұмыртқаның ағы мен пияз және томатты араластырып омлет дайындасаңыз болады. Пиязда кверцетин өте көп саналады.

Дене шынықтырудан соң кішкентай пияз жеуге дағдыланған жөн.
2.1K views14:39
Ашу / Түсініктеме