Get Mystery Box with random crypto!

Құрманың пайдасы Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Құрманың пайдасы

Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады.

Құрманың құрамындағы окситоцин деген химиялық зат медицинада босанатын әйелге жәрдем беретін препарат ретінде қолданылады. Окситоцин- босану процесін жылдамдатады. Сондықтан аяғы ауыр қыз-келіншектер құрманы көп жеңіздер,әсіресе босанар алдында және босанғаннан кейін жеу өте пайдалы себебі: құрма сүттің көп шығуына көмектеседі

- Құрма 50 пайыз қанттан құралған, бірақ семіртпейді. Ол ағзада тез таралады, қант шырыны жүйке жүйені тыныштандырады.  Құрма мидың қызметіне өте пайдалы, себебі 2.2 % ақуыздан тұрады. Ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады.

-А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады.

-В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді.

- Құрма В9 (фолиевая кислота) дәруменіне өте бай.Құрманың нәрлілігі тұқымдағы адам жасушаның түзілуіне қатысушы маңызды дәрумен.

- Жүкті әйелдерге керекті калий бар, ол болашақ ананың ағзасындағы судың тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі. Калий ағзаға миға қажетті оттегіні алуға көмектеседі және де ойдың сергектігін қамтамасыз етеді

- Қан аздықтың алдын алады және де баланың дұрыс жетілуіне көмек береді. Құрма темірге бай, сондықтан да күніне 15 құрмадан артық жеген адам ағзаға қажетті темірді алған болады.

- Құрмада кездесетін кальций және фосфат қаңқа мен тіреуіш әрі қозғағыш аппараттарының дұрыс қалыптасуын қамтмасыз етеді. Бұл жемісті үзбей жеу- ағзаны сынғыш сүйек пен остеопороздан сақтайды.

-Құрманың құрамындағы магний бүйрекке ең пайдалы зат. Күніне 2-3 тал құрма жеген адам ағзасына қажетті магнийдің тәуліктік мөлшерін алған болады.

Сіз тағы құрманың қандай пайдасын білесіз,бөлісіп кетіңіз.

Құрбыңызбен бөлісіңіз