Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 33

2021-08-31 17:07:04 Нәресте күтімі

Әрбір ананың ең бақытты кезеңі - ол сәбидің өмірге келуі.
Нәрестені үйге әкелгеннен кейін көпшілік аналар не істерін білмей қалады. Осыдан көп сұрақтар туындайды: не істеу керек? осы мен дұрыс жасап жатырмын ба деген сияқты.
Ең алдымен нәрестелік кезең дегеніміз не соған тоқталайық.
Нәрестелік кезең деп - ол туылғаннан бастап 28 күн аралығын айтады. Осы уақыт аралығында нәрестеде сыртқы ортаға бейімделу процесі жүреді.
Енді күтімнің негізгі ережелері:
Сәбиді қолға алар алдында барлығы қолын жуу керек.
Күнделікті көз тазалығы
Күнде таңертең стерильді мақтаны қайнаған суға малып алып көздің сыртқы жағынан ішіне қарай бағыттап сүрту керек. Әр көзге жеке мақта!
Мұрын тазалығы. Физ. ерітінді тамызуға болады.
Қатты етіп байламау. Еркін жату керек.
Подгузникті үнемі ауыстырып отыру керек. Әр 2-3 сағат сайын ауыстыру. Жуындыру.
Кіндікке қатты мән беру қажет. Кіндікті подгузникпен жаппау керек. Зеленка жағудың қажеті жоқ. Максимум сутегінің асқын тотығымен сүртуге болады.
Нәрестені суға күнде түсіріп отыру қажет. Үй температурасы 27 гр төмен болмау қажет. Ал су температурасы 37 гр. Сабынмен күнде жуудың қажеті жоқ - аптасына 1 рет жеткілікті.
Тек қана ана сүтімен емізу қажет. Су берудің қажеті жоқ.
Сәбимен сөйлесіп денесін уқалап жеңіл массаж жасау қажет.
Ауа райына қарай серуендеуге болады.

Ал сіздерде нәрестелік кезең қалай өтті?
550 views14:07
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 17:03:37 ТЕМПЕРАТУРА КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕЙСІЗ?!

Қызу көтерілуімен барлық ана кездеседі. Қанша тәжірибесі болса да, бала ауырған кезде бәрін ұмытып, не істерін білмей дал болып қалады.

басып, әрі қарай не істеу керегін оқыңыз!

Температура - ол ағзаның қорғаныс реакциясы. Сондықтан онымен күресудің қажеті жоқ.

Температураның қандай көрсеткіштерінде түсіреміз?

38,5 көрсеткіште температураны түсіру қажет.

Егер, баланың жасы 2 айдан кіші болса!
ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) патологиясы бар болса!
Алдыңғы жолы фебрильді тырысулар болса!
Жүрек және бүйрек аурулары болатын болса!
Онда температураны 37,5 болса да түсіреміз.

Қандай препараттармен түсіру қажет?
Педиатрияда осы мақсатта 2 препарат қолданылады: ПАРАЦЕТАМОЛ
ИБУПРОФЕН

Қандай жиілікте беру қажет?
Парацетамолды тиімділігі 4-6 сағат, ал ибупрофен 6-8 сағат сақталады.

Температура қашан түсе бастайды?
Тек 30-40-60 минуттан кейін

Препараттарды кезектестіру қажет пе?
Ондай қажеттілік жоқ. Яғни бір препаратпен түсіруге болады.

Температура қалыптыға түспеген жағдайда, не істеу керек?
Ол қалыпты. Ағзамыз бірден 36,6 дейін түсірмейді. Тек 1-1,5 градусқа түсіреді.

Білуіңіз керек тағы бір жағдай!
Қызбаның 2 түрі бар.
Екеуін ажырата білу өте маңызды. Себебі, баланың дене температурасы көтерілсе, екі жағдайда дене қызуын түсіру- екі түрлі болмақ.

1.Ақ қызба(белая лихорадка) - денесі, басы ыстық, аяқ-қолдары мұздай болады.
Бұл кезде баланың аяқ -қолына массаж жасап, дереу орап, көп мөлшерде сұйықтық беріп, ыстық түсіретін дәрі беруіңіз керек.

2.Қызыл қызба(красная лихорадка)
бала денесінің жылы немесе ыстық болуы
аяқ-қолдары жылы болады
терісі қызғылт, беті мен құлағы қызарған
дене қызуы жоғары болады.

Бұл жағдайда
баланы барынша жеңіл етіп шешіндіресіз, көп жылы су ішкізесіз, маңдайына салқындау шүберек қоясыз, дене қызуын түсіретін дәрі беру керек.

Балаңыздың қызуын түсіру үшін қандай әрекеттер жасайсыз? Нәтижелі методыңызбен бөлісіңіз!
501 views14:03
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 15:37:33 Тұмау кезінде мұрынды немен шаю керек?

Ең алдымен балалар мұрнының анатомиясына тоқтала кетсек:
төменгі мұрын жолы 4 жасқа қарай қалыптасады, сондықтан вирус түссе мұрын бітеледі, құрғақ болса да мұрын бітеледі.

Мұрын қуыстары нашар дамыған, олар 5-6 жаста дамып, жетіледі. Сондықтан 5-6 жасқа дейін балаларда гайморит, синусит болмайды.

Ал тұмау кезіндегі ринит- балалар арасындағы ең көп тараған жағдай. Ол кезде мұрынның шырышты қабаты ісініп, көптеп шырыш бөліп, демалу қиындайды. Осы кезде теңіз суы ерітінділерімен мұрынды шаю керек.

Мұрынды шайған кезде не болады?
Мұрында жиналып қалған шырыш тазаланады.
Микробты күштеменің деңгейі төмендейді.
Қабыну медиаторлары шайылады.
Қабыну медиаторы дегеніміз- инфекциямен күрес кезінде иммунды жасушалардан бөлінетін зат. Осылар шырышты қабатты ісінуін туындатады.
Мұрынның шырышты қабатындағы түктер өз жұмысын жақсы атқара бастайды. Тыныс алу жолдарындағы шаң-тозаң, бөгде заттар өтпеуін осы түктер қорғайды.
Егерде тұмау басталғанда мұрынды тұзды су ерітіндісімен тазалап отыратын болсаңыз, аурудың жеңіл өтуіне және тез жазылуына ықпал етесіз.

Мұрынды шаюға болатын ерітінділер:
Физ. ерітінді (0,9%NaCl) тек натрий мен хлор иондарынан тұрады. Антисептикалық тазалаушы эффект көрсетеді.
Теңіз суы ерітіндісі (аквамарис)- күнделікті баланың мұрнын тазалауда мұрынның шырышты қабатын ылғалдандырады, шырышты қабаттағы микроағзалардан тазалайды, тұмаудың алдын- алуда және емдеуде қолдануға болады.

Егерде үйде Аквамарис, физ ерітінді болмаса, үй жағдайында тұзды суды дайындап қолдануға болады. . Ол үшін 1л ыдысқа қайнаған су құйып, 1 шәй қасық тұз салып араластырып ерітінді дайындайды. Сол ерітіндімен мұрын шая беруге болады.

Постым пайдалы болды ма? Ендеше осы постты өзіңізге сақтап алуыңызға болады. Және де осы ақпарат қажет болады деген құрбыларыңызға репост жасауды ұмытпаңыз.
851 views12:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 17:13:02 ТЕМІР ЖЕТІСПЕУШІЛІК АНЕМИЯ

Бұл балаларда жиі кездесетін аурулардың бірі. Бұндай жағдай гемоглобиннің төмендеуімен (гемоглобин- оттегіні тіндерге тасымалдаушы) көрінеді.

Енді толығырақ тоқтала кетейін.
Балада темірдің қоры ананың құрсағында жатқанда, әсіресе 3- триместрде қорға жинала бастайды. Бірақ оның мөлшері анасындағы қордың мөлшеріне байланысты болып келеді. Сондықтан анасында жүктілік кезде темірдің қоры аз болса, онда балада да темірдің қоры аз болады. Уақытынан ерте туылған балалар қорға жинап үлгермейді.

Туылғаннан кейін темір балаға ана сүті арқылы түседі.
Ана сүтінде темір аз болғандықтан бала ана құрсағында жатқанда жинаған қорды пайдаланады.
Қалыптыда бұл қор 4-6 айға жетеді. Қосымша тамақты 6 айдан бастап берудің бір себебі - осы.

Темір жетіспеушілік анемия кімдерде пайда болуы мүмкін?
⁃ уақытынан ерте туылған балаларда
⁃ анемиясы бар анадан туған балаларда
⁃ 6 айдан жоғары тек ана сүтін еметін балалар
⁃ сиыр сүтін тәулігіне 500мл көп ішетін 1 жастан асқан балалар
⁃ шектелген диета ұстауға мәжбүр балалар ( аллергия т. б)
⁃ ет және балықтағамдарын жемейтін балалар
⁃ жиі ауыратын балалар
⁃ балалардың белсенді өсу кезеңінде (1 жасқа дейін, пубертат кезеңінде)

Неліктен сиыр сүтін көп мөлшерде ішу темірдің төмендеуіне әкеледі?
• сиыр сүтіндегі темір басқаларға қарағанда нашар сіңеді
• 1 жастан асқан балаларда сиыр сүтін көп мөлшерде қолдану темірге бай басқа тамақтың орнын алмастырады, бұл оның жеткіліксіз түсуіне әкеледі.
459 views14:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-21 16:36:08 Жатырлық қан кету

Жатырлық қан кету - эндокринді жүйелердің регуляциясының бұзылысы.

Жатырлық қан кетуге жатады:
Етеккір циклінің 10 күннен асатын көп мөлшерлі қан кетуі.
Етеккір циклі бұзылысы 21 күн сайын қайталанып келуі.
Қан кету мөлшері 80 мл жоғары болуы

Себептері:
Жатыр аурулары(миома, полип, эндометриоз)
Жүктілік, жүктілікті тоқтату шаралары
Ісік
Күйзеліс ( стресс )
Эндокринді жүйе аурулары
Жыныс мүшелерінің қабынулық аурулары
Инфекциялық аурулар
Қан жасау жүйесінің аурулары
Қалқанша безі қызметі бұзылуы
Эктопиялық жүктілік (жатырдан тыс жүктілік)
Пузырный занос (ұрық қабығының хорионның цистаға айналуымен сипатталатын ұрық жұмыртқасының бұзылысы)
Бауыр аурулары

Жатырлық қан кету- анемияға алып келеді!

Егерде жатырлық қан кетуге жататын 3 белгі болса, жоғарыда айтылып кеткен, міндетті түрде гинеколог дәрігерге қаралып, себебін анықтау Себебіне қарай еміде әр түрлі болады! Үй жағдайында емделмеңіз!

Анализдер тапсыру керек:
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Биохимиялық қан анализі + сарысулық темір, ферритин
Коагулограмма - қан ұю жүйесін бағалау
Тағы қосымша инфекцияларға анализдер

Зерттеу:
УЗИ - кіші жамбас қуысын
ЭКГ- жүрек қызметін тексеру
УЗИ- қалқанша безін түсіру

Консультация:
Терапевт
Гинеколог
Эндокринолог

Жатырлық қан кету кезінде халық емін қолданудан бас тартып, дәрігерге жүгінгеніңіз дұрыс болады!

Жатырлық қан кетудің алдын- алу шаралары:

Спорт - денсаулық кепілі! Спортпен айналысу.
Вакуум жаттығуын үйреніп, күнделікті жасап жүру: кіші жамбас қуысындағы мүшелердің қанайналымын қалпына келтіреді.
Артық салмақты тастау.
Интимді гигиенаға көңіл бөлу: сусабындарды, төсемелерді қолдану критерийлерін ұстану.
Жүктіліктен қорғану дәрілерін сақтықпен қолдану.
К және Д витаминдерін тағамдар мөлшерінен қабылдау.

Вакуум жаттығуы жайлы білесіздер ме?
591 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-19 07:52:54
Сәлеметсіздер ме!

Мен сіздерге керемет ұсыныс білдірсем деймін

Үйде бала-шағаңыздың, отбасыңыздың жанында отырып-ақ ешқандай шығынсыз оффициялный жұмыс жасап табыс тапқыңыз келеді ме?

Орифлэйм емес
Феберлик емес
Балл жинап, отрыв ұстамайсыз
ИП ашу керек емес
Лидерный бонус, премия ай сайын




Шынын айтсам өте ыңғайлы, ақша керек деген әрбір адам қиналмай жасайтындай жұмыс. Маған тек сылтау іздемейтін , арман- мақсаты нық, жұмыс жасап табысқа жеткісі келетін адамдар болса, мен барынша көмектесемін


Мына ссылканы бассаңыз ватсап чатка тіке шығасыз. Толық ақпарат аламын десеңіз, жұмыс жасап , табысқа жетемін десеңіз, сізді жекемде күтемін

Подробнее:




https://wa.me/77023915297?text=Салеметсізбе!%20Бизнес%20жайлы%20ақпарат%20білгім%20келеді
422 views04:52
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 15:24:26 Мукалтин туралы.

Мукалтинді барлығы жақсы көреді. Ингаляция жасайды. Ішеді. Жөтелге ем ретінде қолданады.

Мукалтин алтей өсімдігінен жасалады. Мукалтиннің әсер ету механизмі: бронхтармен бронхиололарды рефлекторлы ынталандыру арқылы кірпікшелі эпителий қозғалысын үдетеді. Бронхиола бездерінің шырыш бөлінуін жоғарылатады. Осының әсерінен жөтел пайда болады.

Егер сізде жөтел басталса мукалтин ішіп оны үдетудің қажеті жоқ.
Адам ағзасы уникальный бронхтардағы қақырықты өзі шығарып тастайды.

Ал, егер сізде пневмония, бронхоэктаз, обструктивті бронхит болса, мүлде бөлек мәселе. Кейбір жағдайда қақырықты жібіту керек болады. Мукалтин қақырықты жібіте алмайды.
Сол себепті, жөтел кезінде дәрігер тағайындауымен ішкеніңіз абзал.

Қарсы көрсеткіштері:
Дәрілік затқа жоғары сезімталдылық.
Асқазан және он екі елі ішек жарасы.
балалар 12 жасқа дейін.

Балаларға мукалтин брожоми мен ингаляция жасамаймыз.
Балаларға мукалтин бермейміз.

Балалардың бронхтары өте жіңішке, сіз мукалтин берсеңіз, ол бронхтағы шырыш бөлінуін жоғарылатып керісінше қақырық көбейіп кетеді. Кішкентай балалар қақырықтарын шығаруды білмейді. Сол үшін қолдап баланың ауыруын ұзартпаңыз

Қандайда бір муколитик ішер алдында жөтел не себепті қалай пайда болды анықтап алыңыз.
Келесі жазба жөтел түрлері туралы жазбақпын....
Бала жөтелсе беталды муколитик беру дұрыс емес. Ол баланың ауруын ұзартып жібереді. Аналар еще сұрақ қоядығой неге жөтелі басылмайды деп?  Муколитик түр түрін беріп алып.
Муколитик жөтелдіреді өйткені құрметті аналар!!!

Қандай муколитик қолданасыз? Комментарийге қалдырыңыз..
573 views12:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 16:36:44
Сәлеметсіздер ме!

Мен сіздерге керемет ұсыныс білдірсем деймін

Үйде бала-шағаңыздың, отбасыңыздың жанында отырып-ақ ешқандай шығынсыз оффициялный жұмыс жасап табыс тапқыңыз келеді ме?

Орифлэйм емес
Феберлик емес
Балл жинап, отрыв ұстамайсыз
ИП ашу керек емес
Лидерный бонус, премия ай сайын




Шынын айтсам өте ыңғайлы, ақша керек деген әрбір адам қиналмай жасайтындай жұмыс. Маған тек сылтау іздемейтін , арман- мақсаты нық, жұмыс жасап табысқа жеткісі келетін адамдар болса, мен барынша көмектесемін


Мына ссылканы бассаңыз ватсап чатка тіке шығасыз. Толық ақпарат аламын десеңіз, жұмыс жасап , табысқа жетемін десеңіз, сізді жекемде күтемін

Подробнее:




https://wa.me/77780065773?text=Салеметсізбе!%20Бизнес%20жайлы%20ақпарат%20білгім%20келеді
605 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-16 15:49:51 Басыңыз жиі ауырады ма? Қан қысымы төмен бе?

Қан қысымы қалыптыда АҚ 139/90 мен 100/70 мм.сын.бағ. аралығында болса қалыпты.
110/70 болса қан қысымым төмендеп кетіпті деп ойлайды, ол қате пікір

Қан қысымы төмендеуі АҚ 90/60 мм.сын.бағ. тең және төмен болуы.

Қан қысымы төмендеу белгілері:

Әлсіздік, шаршағыштық.

Бастың солқылдап ауырсынуы.

Терморегуляция бұзылысы- аяқ-қолдың суық болуы.

Ұйқышылдық.

Бас айналу, жұмыс істеу қабілеті төмендеуі.

Естен тану болуы мүмкін.

Қан қысымы неліктен төмендейді?

Сусыздану. Күніне 1,5-2 литр су ішу керек. Су ішу техникасын ұстану керек.

Гемоглобин 120дан төмен, анемия салдары. Жалпы қан анализін тапсыру керек. Анемияны емдеу.

Қалқанша безі аурулары, гипотиреоз.

Қан кетулер. Етеккір циклі кезінде.

Диета ұстау, ашығу.

Қанайналым бұзылысы.

Бұлшықет және тамырлардың тонусы төмендеуі. Спортпен айналысу керек. Йога, гимнастика, би өзіңізге ұнаған спорт түрімен.

Қан қысымын көтеру үшін
Цитрамон ішпейміз
Кофе ішпейміз себебін анықтап емделеміз

Цитрамон бауырға зиян
Бауыр керек болса

Қан қысымы төмендеген жағдайлар болды ма?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
637 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-15 15:04:03
Супер супер СУПЕР

24 мыңның кілемі небәрі 3мың теңгеге алғың келеме

АҚШАЛАЙ АЛСАҢДА БОЛАДЫ
ЛОХОТРОНГА ЖОЛ ЖОҚ
Адамды жалғыз тіркемейсің
ОРЫН САНЫ ШЕКТЕУЛІ
АСЫҒЫҢЫЗ
ТОЛЫҒЫРАҚ:
https://chat.whatsapp.com/CzfIHtMmwTCIacaYFWHkli
645 views12:04
Ашу / Түсініктеме