Get Mystery Box with random crypto!

Баланың арқасында тiкенек қалай пайда болады? Нәресте туыл | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Баланың арқасында тiкенек қалай пайда болады?

Нәресте туылғанда оның терісі қызарып тұрады. Терінің қызаруы кеткен соң орнында эпителий қабаты мен түктер түзіледі. Сол туктер сәбидің бір қалыпта ұзақ жатуы әсерінен ұйпаланып, түйіршіктеліп қалады.

Бұл жағдай кез келген нәрестеде бола бермейді. Егер белгілері нәресте дүниеге келген алғашқы айда білінсе, қажетті шараны жасау керек. Егер алғашқы айында «тікенек» байқалмаса, одан кейін пайда болмайтын көрінеді

Нәрестеде «тікенек» бар екенін қалай анықтайды?
Сәбиді жақсылап шомылдырып, оны екбетінен жатқызады да, арқасына арнайы маймен массаж жасап уқалайды. Егер 3 минуттық уқалаудан соң ештеңе шықпаса немесе түйіршіктелген түктер байқалмаса, «тікенек» жоқ деген сөз. Ал қолға түктер байқалса, демек алып тастауға тура келеді. «Тікенегі» бар баланың белгілері:

Жақсы ұйықтамау және түнде көп мазасыздану
⠀ Қыбырлап бір орында жатпай қимылдау беруі
Арқасынан немесе басқа да жерінен сипағанда қолға шаншылудың әсерін сезу
Уақытынан ерте - 2 апта бұрын өмірге келген нәресте
Шомылдырған соң массаж жасағанда ірі түктердің түйіртпектеліп пайда болуы

Сiздер қалай алдыныздар? Осындай жағдай болды ма?

Пайдалы кеңестер