Get Mystery Box with random crypto!

⠀ Еңбектеудің пайдасы ⠀ Еңбектеу кезінде баланың аяқ-қолдары | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥


Еңбектеудің пайдасы

Еңбектеу кезінде баланың аяқ-қолдары бір уақытта қимылдап, миы үнемі жұмыс үстінде болады. Оң қолы алға жылжығанда сол аяғы қимылдайды. Ал сол қолы қимылдағанда керісінше оң аяғы жұмыс істейді. Бұл кезде баланың қан айналымы жақсарып, денесі шынығады. Еңбектеген бала ширақ болып өседі.

Негізінде дені сау бала 6-7 айдан бастап еңбектеуді бастайды. Ал кейбір балалар төрт айында-ақ аударылып, артқа қарай қозғалады.

Ал кейбіреулер 1 жасына жақындағанда бір-ақ еңбектей бастайды. Бұл үшін алаңдаудың еш қажеті жоқ. Бастысы бала еңбектеуге талпынып, қозғалыста болса болғаны

Баланы еңбектеуге қалай үйрету керек?

1. Кеңістікті шектемеңіз.

Бала еңбектеуді үйрену үшін кең әрі таза жер керек. Манежге салып қоймаңыз. Өз еркімен бөлмеде жүруіне жағдай жасаңыз.

2. Еденді дайындаңыз.

Еденнің үстіне кілем төсеп қойыңыз. Линолеум мен паркетте баланың аяқ-қолдары сырғанап, еңбектеуге мүмкіндігі болмайды.

3. Мақтап ынталандырып отырыңыз.

Барлық бөлмелерге бір-бір ойыншықтан немесе баланы қызықтыратын заттар қойыңыз. Бала соған жету үшін талпынады.

4. Еңбектенуге үйретіңіз.

Егер бала жатса немесе отырса, онда қолы жетер-жетпес жерге ашық түсті ойыншық қойыңыз. Бала соны алу үшін әрекет етеді.

5. Қауіпті заттарды жоғарыға қойыңыз.

Бала еңбектейтін бөлмеде артық заттардың болмағанын қадағалаңыз.

6. Балаға қалай еңбектеу керектігін көрсетіңіз.

Оның көкірегінен ұстап жоғары көтеріңіз де қозғалуға үйретіңіз. Өзіңіз де еңбектеп көсетсеңіз, бала соны қайталайды.

7. Жаттығу жасаңыз.

Балаға міндетті түрде күн сайын жаттығу жасау керек. Ол баланың бұлшық еттерін қатайтады әрі тезірақ еңбектеуге, жүгіруге үйретеді.

Сіздің балаңыз неше айдан бастап еңбектеді

Құрбыңызбен бөлісіңіз