Get Mystery Box with random crypto!

Жоғарғы қан қысымы Бакалаврда оқып жүргенде құрбым екеуміз ғы | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Жоғарғы қан қысымы

Бакалаврда оқып жүргенде құрбым екеуміз ғылыми жұмыс қорғадық. Тақырыбымыз – инсульт, оның ішінде ишемиялық инсульт. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында, Қазақстандағы инсульттан кейінгі оңалту орталықтарын, инсульт алған пациенттерді де көрдік. Алысқа бармай-ақ қояйық, кеше ғана апамыз инсульт алды деп естідік. Одан бөлек инсульт орталығында істейтін құрбым, 20 адамға арналған инсульт орталығында 40 адамның жатқанын айтты. Ауруханаға артериалдық кризбен түскен әр екінші науқасқа ( 220/120 мм.рт.ст) МРТ жасасақ, бастарынан микроинсульт анықталады. Бұны ойдан шығармадым. Инсульт орталығындағы әріптестерімнің сөзі, жүргізген статистикасы.

Өзім де стационарда жұмыс істеп көрдім. Тіпті қабылдау бөлімінде де болдым. Сонда істегенде қан қысымы түспей қойған науқасқа неврологты шақыртып, инсультқа тексеретінім есіме түсті. Бүгін «инсульт жоқ» деген нәтиже болғанымен, ертеңіне сол пациентім инсультпен оралғанда не істерімді білмейтінмін. Стационар жұмысы өте ауыр. Кеше күліп жатқан адам, ертең сөйлей алмай қалуы мүмкін. Тіпті таңертең оянбай қалуы да ғажап емес.

Енді сол инсульттың көп себебін былай ысырып қойып, қарапайым ғана бір себебін айтайын. Ол – қазір екінің бірінде кездесетін қан қысымы. Сізде қан қысымы бар ма? Сізге тұрақты түрде дәрі іш деді ме? ТҰРАҚТЫ? Онда тұрақты ішіңіздер! Иә, тұрақты дәрі ішкен қиын, иә, жанама әсері болуы мүмкін. Бірақ ішу керек. Ішілу керек. Әйтпесе соңы инсультке әкелуі ғажап емес.

Тағы бір сұраққа жауап. Қан қысымын дәрісіз тұрақтандыруға бола ма? Иә, болады. Ол үшін еңбектенесіз. Өттің жұмысын реттейсіз. Дұрыс тамақтанасыз. Холестеринді түсіресіз. Спорт қосасыз. Дефициттерді толтырасыз. Еңбектенгіңіз келмей ме, ең құрығында дәрі ішіңіз.

P.S Ал сіздің айналаңызда инсульт алған адам болды ма?