Get Mystery Box with random crypto!

Тершеңдік дегеніміз - тердің шамадан тыс бөлінуі. ⠀ Тер бөлін | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Тершеңдік дегеніміз - тердің шамадан тыс бөлінуі.

Тер бөліну арқылы біздің ағзамыздағы жылу бөлу реттеледі. Қарапайым тілмен айтсақ, егер ағзада жылу көп болса, сол жылуды шығару мақсатында тер бөлінеді.

Ал тершеңдік дегеніміз - сол тердің шамадан тыс бөлінуі. Көп жағдайда, тершеңдік өзі ауру болмайды. Ол бір аурудың фонында жүретін екіншілікті симптом болуы мүмкін. Кейде тек аяқ-қолдың, қолтықтың терлеуімен жүруі мүмкін. Кейде барлық денені тер басады. Кейде түнде тер бөлінуі күшейеді. Бұндай жағдайларда, мынандай ауруларды жоққа шығару керек:

1. Қалқанша безінің аурулары (гипертиреоз, тиреотоксикоз )
2. Қандағы қант құрамын тексеру (қант диабеті)
3. Орта жас әйелдеріндегі менопауза
4. Созылмалы стресс ( егер әрдайым стрессте жүре берсеңіз, біраз ауруға алып келуі мүмкін екенін ұмытпаңыз)
5. Жүйке-жүйесінің бұзылысы (әсіресе терморегуляция орталығының бұзылы)
6. Әртүрлі онкологиялық (ісіктік) аурулар
7. Туберкулёз, бруцеллез сияқты инфекциялық аурулар.

Гипергидрозды қалыпты тер бөлінуімен шатастырмағаныңыз жөн. Адамнан тердің бөлінуі қалыпты жағдай. Тер бөліну арқылы ағзадағы біраз керексіз дүниелер сыртқа шығады. Сондықтан тер бөлінетін пораларды бекітіп тастауға болмайды. Қарапайым қолтыққа жағатын дезодоранттың әсері 6 сағаттан аспағаны жөн.
Кез-келген аурудан құтылғыңыз келсе, ауруға не істеймін деген сұрақты бірінші қоймаңыздар. Аурудың себебінде не жатыр деген сұрақ мазаласын. Сонда ол аурудан айығуға болады

Ақпарат пайдалы болды ма? Әдеттегідей сұрақтарыңыз болса