Get Mystery Box with random crypto!

Тәттіден қалай бас тартамыз? ⠀ Ал енді неге біз тәттіге сонша | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Тәттіден қалай бас тартамыз?

Ал енді неге біз тәттіге сонша құмармыз? Егер сіз күнделікті тәтті жейтін болсаңыз, сізде психологиялық емес, физикалық тәуелділік пайда болады. Яғни, қант сіздің зат алмасуыңыздың құрамына кіреді.
Енді тәттіден бас тарту үшін сіз расымен "ЛОМКА"-дан өтуіңіз керек. Бұл оңай емес! Бірақ, қиын да емес!

Күнделікті тәтті жеу, аштық сезімін күшейтеді
Тәттіні жеген сайын, қарныңыз аша береді Сосын, салмақ жинайсыз

Өзіңізге 1 апта бөліңіз. Алғашқы 3 күн сізге өте қиын болатыны сөзсіз. Тіпті, басыңыз ауырып, денеңіз қақсауы мүмкін. Көңіл күйіңіздің төмен болатыны сөзсіз, елді жақтырмайсыз 100%
1 аптадан асқанда сіз тәттіні іздеуді қоясыз. Тек шыдап кету керек!

Ішіңізден мен тәттіні жақсы көремін, тәттісіз өмір сүре алмаймын деп ойлауыңыз мүмкін. Расында, ол сіз емес, сіздің денеңізде физикалық тәуелділік пайда болады. Сондықтан, сіздің кінәңіз жоқ

Ал, енді тәттіні жегім келген кезде не істеймін?

Жеміс

Көөөөп жейміз. Егер сізді тәттіге тартса онда сізге жеміс пен жидек жетпейді деген сөз. Сол себепті де сізді тәттіге тартады. Ал жемістің орны толған кезде, тәттіге құмарлықта азаяды.

Алма, апельсин, киви, малина, бүлдірген.... Не бар соның бәрін жей беру

Қазір барлығымыз үйдеміз. Соны пайдаланып, тәттіден бас тартып көрейік! Күннің соңында мені белгілеп, сториз салыңыз. Мен сізге мотивация беріп жігерлендіремін, қосымша кеңестер беремін
Және коментарийге +++ қойып кетіңіздер
Сіздің қолыңыздан келеді!

Ал, кім қосылады? Жекеме " Мен тәттіден бас тартамын" деп жазыңыздар, алғашқы 10 адам

P.S Қандай шоколад пайдалы екенін жазайын ба?