Get Mystery Box with random crypto!

Қан қысымының неге көтерілетінін нақты себебі әлі күнге дейін | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Қан қысымының неге көтерілетінін нақты себебі әлі күнге дейін анық емес.

Тек оған алып келетін қауіп факторлары белгілі.
Қауіп факторларының өзін 2 топқа бөліп қарастырамыз.

1. Өзгермейтін
Яғни, сіздің қолыңыздан оны өзгертуге келмейді.
Тұқымқуалаушылық. Егер сіздің ата-анаңыз, жақын туыстарыңыз қан қысымының жоғарлауымен зардап шегетін болса, онда сізде де қан қысымының жоғарлауы болуы мүмкін
. Жас. Жас ұлғайған сайын ауруда көбейе беретіні сөзсіз.

2. Өзгеретін

Семіздік. Тамақтану. Өмір салты.
Бәрі-бәрі әсер етеді.

Алкоголь. Тек қана қан қысымын көтеріп қоймайтыны анық.

Темекі. Тамырдың қабатын құртатын бірден- бір жау

Ас тұзын шектен тыс қолдану. Салатқа, тамаққа көп тұз салу.

Қандағы xолестерин деңгейінің жоғары болуы. Соңғы рет қашан тексеріп көрдіңіз?

Калиий мен магний жеткіліксіздігі.

Стресс. Кім өзін стресске түспеймін деп айта алады?

Міне, осы факторлар қан қысымының көтерілуіне алып келуі мүмкін. Сізде осы факторлар бар ма? Қан қысымының көтерілуінің алдын аласыз ба? Жоғарыда айттым, өзгеретін деп. Яғни, сіз қаласаңыз бұл факторлар сізде болмайды деген сөз