Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАМНЫҢ БАСЫН СҮЙСЕМ КҮЙІП ТҰР Температура өлшеуге ерінд | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БАЛАМНЫҢ БАСЫН СҮЙСЕМ КҮЙІП ТҰР

Температура өлшеуге ерінді емес градусник пайдаланамыз

Бастың ыстық болуы онда қанайналым жоғары болады. Баланың аяқ-қолы мұздаса да басы ыстық болып тұрады. Өйткені өмірлік маңызы бар органдар яғни бас-ми, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек сынды ағзаларға жылу кетіп жатыр.

Температураның нақты көрсеткішін балада қолтық астынан есептейміз.

⚕️ҚАЛЫПТЫ ТЕМПЕРАТУРА МӨЛШЕРІ

Қолтық асты
1 жасқа дейін 37.2-37.5 С
2 жастан жоғары 37.2-37.5 С

Құлағы, тік ішегі
1 жасқа дейін 38.2-38.5 С
2 жастан жоғары 37-37.9 С

Ауызы
1 жасқа дейін 37.7-38 С
2 жастан жоғары 35.5-37.7

Сонымен қатар температура түсіруші препараттарды 4 сағаттан жиі қолдануға болмайды.

Тырыспа(судорог) бар балалардың температурасын максималды деңгейге жеткізбей түсіру керек.

Алдымен сылау, қолтық, шат, бас, мойынын салқын сулы дәкемен сүрту арқылы түсіріп көріңіздер. Нәтежие бермесе ғана ыстық түсіретін дәріге жүгінеміз.

Баланы сылауға тікелей спирт, уксус қолдануға болмайды

Балада температура түссе де участкелік педиатрға көрсетіңіз.

Сіз балаңыздың температурасын түсіру үшін не істейсіз?