Get Mystery Box with random crypto!

ХОДУНОК БАЛА ҮШІН БЕ ӘЛДЕ АНА ҮШІН БЕ? Маған жиі қойылатын | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ХОДУНОК БАЛА ҮШІН БЕ ӘЛДЕ АНА ҮШІН БЕ?

Маған жиі қойылатын сұрақтың бірі баланы ходунокке қашан отырғызсам болады?

Дамыған елдерде ходунокты базардан да басқадан да таппайсыз. Зиянын дәлелдеп, қолданыстан алып тастаған. Ресей педиатрлары осыны үнемі үндеу жасап айтып жүреді.

Біз әр нәрсеге құмартып белі қатпаған баланы ходунокқа салбыратып отырғызып қоюға бейімбіз.

Бала алдымен жүруді үйрену үшін аяқ-қолының бұлшық еттері жақсы дамуы керек.

Ол үшін бала алдымен ұзақ еңбектеу керек.
Ал ходунокке отырған бала еңбектей алмайды. Өзін тік ұстай алмайды.

Егерде бала ешкімнің көмегінсіз, өзі тұра алмайтын болса, яғни баланың аяғы мен омыртқасы аяғын басуға дайын емес деген сөз
Ал ходунокке отырған бала, өзін зорлап, аяққа тұруға мәжбүр болады.

Денесі қатаймаған баланы ходунокке отырғызған кезде, омыртқаға салмақ түсіп, қисаюы ықтимал.

Ходунокке отырған бала, аяққа салмақ түскеннен кейін аяқтың ұшымен жүріп, аяқты ішке/сыртқа басу, майтабандылық т.б пайда болуы мүмкін.

Ходунок тек аналардың қолын ұзарту үшін жасалған. Балам әр жерде емес ходунокта отыр, еш жерге құлап қалмайды, қауіпсіз деп қолдарын босатып тірліктерін жасап жүре береді.

Балаңыздың денсаулығына алаңдайтын көзі ашық, оқыған ана ретінде балаңызды ешқашан ходунокке отырғызбаңыз! Тіпті қанша жерден ортопедиялық болса да.

ХОДУНОКТЫҢ ЕШҚАШАН ПАЙДАСЫ БОЛҒАН ЕМЕС!
Бала табиғи жолмен, өзі еңбектеп, өзі отырып, өзі жүруі қажет

Ал сіз балаңызды ходунокқа отырғыздыңыз ба? Осы жазбаны оқығаннан кейін отырғызасыз ба?