Get Mystery Box with random crypto!

БӘРІН ҚОЙЫП ШӨП ЖЕЙМІЗ БЕ? Жоңышқа - кәдімгі жайылымда | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БӘРІН ҚОЙЫП ШӨП ЖЕЙМІЗ БЕ?

Жоңышқа - кәдімгі жайылымда өсірілетін, малдың азығы. Бірақ біз мал жейді деп жүрген жоңышқаның қаншалықты емдік қасиеті бар екенін білмейді екенбіз.

Бұл өсімдік нағыз витаминнің қайнар көзі, иммундық жүйені күшейтіп, ағзаны қыздырады екен дейді халықтық ем.

Жоңышқа жерді құнарландыру мақсатында да егіледі. Оны тіпті жер санитары деп атаса да болады. Себебі жапырақ, сабағына құрт түспейтін таза өсімдік.

Қазіргі дүбелеңде дертіне шипа іздеп шабылғандар бір сәт табиғаттың бергенінен ем де алсын.

Жоңышқаның пайдасы мен қолдану әдісі:

Денені қуаттандыру үшін: жаңа көктеп шыққан жоңышқаның жапырағын шекер қосып жаншып жеп тұрса, қанды көбейтеді, денені қуаттандырады, сірке қышқылына жаншып, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.

Қолдың және аяқтың қалтылдағанына: жоңышқаның жапырағын мол алып қайнатып, қалтылдаған мүшеге күніне екі уақыт таңады немесе бұлаулайды, сондай ақ жоңышқа ұрығының майын қыздырып, әр күні жағып сылайды.

Асқазан-ішек жолдарын тазалауға (сау адамда) мамыр айының басында жаңа көктеген жоңышқа жапырағынан манты жасап жесе Іштегі жиналған қалдық заттарды (қыл-қыбыр және басқаларды) айдап түсіреді. Адам денесі сергіп, ас қорыту жолдарының жұмысы күшейеді.

Халық емшілерінің тәжірибесінде көктем мезгілінде жоңышқаның жаңа шыққан кезіндегі жапырағын көкөніс ретінде ет, майға араластырып тағам істеп азықтану денсаулыққа пайдалы. Ол кезде улылығы жоқ, жапырағы балғын болады.

Не болмаса ыстық суға шай етіп тұндырып ішсеңіздер де болады.

Басты құрамы: жабайы өскен жоңышқа мен екпе жоңышқаның дәрілік құны ұқсас. Құрамында А, В, С, Е витаминдері және белок, амин қышқылы бар.

Ескерту!!! Жүктілер мен балаларға
қарсы көрсетілім бар.

Пост пайдалы болса лайк басып сақтап алыңыздар. Жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Сіздер халықтық емге сенесізер ме?