Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 57

2021-01-19 17:23:00 ​​Айырдан туған жампоз бар,
Жүгін нарға салғысыз.
Арғымақтан туған будан бар,
Күнінде көрінім жерді алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда
Бір аяқ асқа алғысыз!

// Шалкиіз жырау
759 views14:23
Ашу / Түсініктеме
2021-01-17 17:23:00 ​​Кей сәтте қаталдық танытқанда да,
Армандап,аңсатып, сағынтқанда да...
Жанымды сыр-мұңға малынтқанда да,
Сүйемін сені, Өмірім!

Қабақтан ұғынып мұң-кіреукемді,
Десем де, тағдырым еркелетпеді,
Сан ауыр басса да желкелеп мені...
Сүйемін сені, Өмірім!

Сүрінтіп, құлатып, шыңдағаның үшін,
Әйтеуір,тырмысып, тынбағаным үшін,
Майыса тұрып,сынбағаным үшін,
Сүйемін сені, Өмірім!

Кей сәтте қуантып шаттанғанымда,
Жүректің сырларын ақтарғанымда,
Қолымды созғанда тәтті арманыма,
Сүйемін сені, Өмірім!

// Меңдігүл Мұханбетжанқызы
1.6K views14:23
Ашу / Түсініктеме
2021-01-16 16:53:00 ​​Ұмытып жеңілгенді, егілгенді,
Мен сені құлай сүйдім дегім келді.
Сезімді айта алмаудың азабын-ай,
Күрсініп, бар сөзім сол демімде өлді.

Айтуға болмас армен өлшенгенді,
Бұзбадым, бұза алмадым ол шеңберді.
Мен саған қаншама өлең жаздым, бірақ,
Мен саған айта алмадым сол сөйлемді.

Жазғанмен, жазылмады жан дамылсыз,
Қанжұтып, қаншама рет қалғам үнсіз.
Тек сені құлай сүйдім дей алмадым –
Қайтейін, сезім де – аппақ, ар да – мінсіз…

// Жадыра Байбұланова
836 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2021-01-15 17:03:00 ​​Бір күні сен де шын қуанасың,
Шын қуанасың бір күні.
Арманың шыңнан бір құламасын,
Бұлжымас заң деп біл мұны.

Түнекке қарай бұрмашы басын,
Айдындай тұнық қалпыңның.
Бір күні сен де шыңға шығасың,
Өз шыңы болады әркімнің!

Таң қылып әппақ шырайың бәрін,
Өзгере салар бәрі әлі.
Бүгінгі кейбір уайымдарың,
Күлкілі болып қалады.

Жаныңның жазар уақыт жарасын,
Жалғанда бәрі өлшеулі.
Бір күні сен де бақыт табасың,
Ал, бүгін көтер еңсеңді!

// Рахат Әбдірахманов - Бір күні
827 views14:03
Ашу / Түсініктеме
2021-01-14 17:03:00 ​​Арман-ай, әкеттің-ау тым алысқа,
Әкеттің-ау!
Қайғы ма, қуаныш па?!
Әншейін әуре болып жүрмін бе, әлде
Әзіргі көңіл жықпас жұбанышқа?!

Арман-ай!
Орындалар болармысың,
Қолыма қалай етсең қонар құсың?
Әлде сен әр қиядан із соқтырған
Олжасыз, опығы мол сонармысың?

Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған,
Қайда бастап барасың, ғашық арман?
Пау, неткен жеткізбейтін жүйрік едің,
Солығың, сірә басылар ма?!

Ақ арман, аялдама, алысқа атта,
Серт еттім сеніменен табыспаққа.
Қайда апарсаң, сонда апар, жықпа жарға,
Үзбеген үмітімді алыстатпа!

// Мұқағали Мақатаев
826 views14:03
Ашу / Түсініктеме
2021-01-13 17:28:00 ​​Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Қара суды қай күн ішсең қайғысыз,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.

Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Сауап алсаң сау күніңе тəуба ғып,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.

Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Бір адамға қайыр қылып үлгерсең,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.

// Сабыр Адай – Әкемнің сөзі
818 views14:28
Ашу / Түсініктеме
2021-01-12 17:03:00 ​​Өткен, кеткен бұл фәниден сан алып,
Тарих үшін ол да емес жаңалық.
Дінмұхамед – Қонаевтың жай аты
Шын аты оның – мейірім мен даналық.

// Нарша Қашағанұлы
838 views14:03
Ашу / Түсініктеме
2021-01-09 17:36:00 ​​Жанталасып жүргізгенмен үгітті,
Депутаттар ақтамайды үмітті.
Қара халық парламентті сөккенде,
Сайлап алған өзі екенін ұмытты.

// Темірғали Көпбай
1.0K views14:36
Ашу / Түсініктеме
2021-01-08 16:43:00 ​​Ұғатын ұстаз болса құлақ салып,
Айтайын ақиқатты бір ақтарып.
Қазіргі білім берер ізгі жандар
Былығын жоғарының жүр атқарып.

Сайлауда қылмыс істеп тапсырыспен
Ізгіліктен кетеді жыр ақталып.
Осындай сатқындықтың себебінен
Шірік жүйе әлі отыр тұрақталып.

Жұртым жүр іштен тынып таршылықта
Биліктің боданына шыдап бағып.
Ұрының ісін істеп ұлы есіммен
Ар алдында жауап бар ма сұраққа анық.
Лайық болыңдаршы баршаларың
Ұлағатты ұстаз деген ұлы атқа анық.
1.0K views13:43
Ашу / Түсініктеме