Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 50

2021-06-20 17:06:00 ​​Ұзатылып барасың, балапаным,
Алла жазса арайлап атар таңың.
Ақ жол тілеп жатыр ғой үлкен-кіші,
Таусылмасын өмірде татар дəмің.

Ұзатылып барасың, қызым бүгін,
Басталады ертең-ақ қызықты күн.
Балалықты таста да байсалды бол,
(Жеңіл болған емес-ті қыздың жүгі).

Ұзатылып барасың, балам бүгін,
Толқып тұрмын, көңілім алаң, күнім.
Табыстадық өзіңді бір Аллаға,
Құдағи мен құдаға,
Саған ұлым!

Барған жерде ашылсын бағың, қызым,
Білем-білем, адалсың, ақылдысың.
Бар тілегім: өсіп-өн, ұрпақты бол,
Біле білсең, отбасың – бақыт құсың.

Қорған болар жарыңның қасындасың.
(Тек бақыттан айналсын асыл басың).
Ақ батамды бердім мен ақ пейілмен,
Құдай қосқан жұптарың жазылмасын!

// Нұрлан Қалқа - Отбасың – бақыт құсың
407 views14:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 18:50:00 ​​Арғымақ болар құлынды,
Желі басынан танисың.
Азамат болар ұлыңды,
Ел қасынан танисың.

Батыр болар балаңды,
Тұлғасынан танисың,
Жақсы болар балаңды,
Жолдасынан танисың.

Ырысты болар балаңды,
Мал баққаннан танисың.
Кедей болар балаңды,
Көп жатқаннан танисың.

Ұры болар балаңды,
Түн қатқаннан танисың.
Сараң болар балаңды,
Зар қаққаннан танисың.

Шешен болар балаңды,
Тіл қатқаннан танисың.
Епті болар балаңды,
Ым қаққаннан танисың.

Шаруа болар балаңды,
Шөп шапқаннан танисың,
Үйкүшік болар балаңды,
От жаққаннан танисың.

Ұста болар балаңды,
Балғасынан танисың.
Шебер болар балаңды,
Балтасынан танисың.

Қыздың қандай боларын,
Анасынан танисың.
Қасың менен досыңды,
Қарасынан танисың.

Ісмер болар қызыңды,
Бармағынан танисың.
Асыл менен жасықты,
Салмағынан танисың.

// Кенен Әзірбаев - Қалай танисың?
447 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 19:50:00 ​​Ей, рухыңды көтерсеңші, қазағым!
Үндемеуден тозады үн!
Кең далада ашымасын, боза-мұң,
Оянсаңшы, халқым-ау!

Семіріп ап, тасып, тойған мұз-қарын,
Кіндіктерін ашып қойған, қыздарың!
Бөтендерге жем қып, обал, түз тағын,
Оянсаңшы, халқым-ау!

Қасиеттіңді қастерлейтін кезің бұл,
Тағыңды алып, төске өрлейтін кезің бұл!
Шырқап кетсең – толастамас сазың бір,
Оянсаңшы, халқым-ау!

// Гүлнәр Шәмшиева - Оянсаңшы, халқым-ау
475 views16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 16:34:00 ​​Бір уақыт ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес,
Менің жайнап жүруіме
Ішінен
Біреу болса жер бетінде тілектес.

Кейбіреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болса екі жұлдыз ерекше,
Менің қиын бақытыма тілектес.

Қызғанбаймын тұстастарым болса озық,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Жұрт ішінде абайсызда сүрінсем,
Жүгіретін біреу болса қол созып!

// Күләш Ахметова
281 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-16 18:12:00 ​​Өз нәпсіңнің қалауы шығар мұның,
"Күйдім-сүйдім" жай ғана құмарлығың.
Қүнде көрген бір беттен көңіл қайтып,
Құмарлықтан ғашықтық шығарды кім?!

Әлің жетсе, нәпсіңе тиісіп қара,
"Құмарлық" сол ішіндегі үйшік дара.
Гүлден гүлге қонатын көбелектей,
Жануарда болатын түйсік қана.

Өзімшілде шын ғашық сезім болмайды,
"Тәкаппарлық" шайтаннан, көзін торлайды.
Ойнас құрып бекерге жүргеннен соң,
Нәпсісінде, тойымсыз, көңіл толмайды!

"Көру" деген сөзге терең бойласаңыз,
Көп сөздерге тіркеп кеп ой қосамыз.
Жақсы көру сезімі - ғашық қылу,
"Көру" деген таныммен ойласаңыз?!

Бар болса егер шынайы болашағы,
Ғашық болу махаббатқа жол ашады.
Ғашықтық ол, ізгіліктен бастау алып,
"Жақсы көру" дегеннен ұласады.

Ғашығыңа шынайы ұнап тұрып,
Сүюге де болады жырақ тұрып,
"Тұрлаусыз ғашық - тұл" деген Абай!
Ғашықтықтың талабы тұрақтылық!

// Қажымұқан Наурызбайұлы
153 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 16:34:00 Пәк сезім мөлдіреген сияқты арман,
Бұл күнде көп жастардан ұят қалған.
Ғашықтығы бір апта бар болғаны,
Мысықтың махаббаты сияқтанған.

// Рза Оңғарбай
192 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 18:12:00 ​​Қоғамның іші – көп қайғы,
Әділет іздеп жоқтайды.
Күн сайын бәрі қымбаттап,
Күн сайын бір бұлт қаптайды.
Мұңын айтқан жұртымды
Менттер аулап, соттайды.
Қараша Халық үстіне,
Қарақұсова оттайды.
Гей-леcбилерің төр асып,
Мұсылман Елміз деп жүрсек
Ар-намысымды таптайды.
Бұзылғандарға келгенде
Заң қайдасың деп сұрасаң,
Сызылғандарды ақтайды!..
Уа, билік қайда қарайсың,
Былығың қашан тоқтайды?!.
Байлығы бар, кені жоқ,
Ауруы бар, емі жоқ
Ел қорға дейтін Еріңде,
Бір метр тегін жері жоқ.
Тілі бар да, мұңы көп,
Ділі – біреу, діні – көп.
Қазақстаным дегенмен,
Құр мақтан, басқа дымы жоқ.
Астанасы бар, үйі жоқ,
Ақсақалы көп, үні жоқ.
Күн сайын жиын өткізген,
Пайдасы жоқ, күйі жоқ.
Теңгеде патша тұрғанмен,
Төңкеріп көрсең сыйы жоқ.
Тележәшік тола бос күлкі,
Қай жерімменен күлем деп,
Жұдырық жұмам жиірек!..
Қазынаға қарасаң,
Қабағы қар жауыпты,
Қара Халыққа қарасаң,
Аттап бассаң бір қадам,
Үсті-үстіне төбелеп,
Осының бәрі не керек?
Салып жатсыңдар салықты.
Игілікке жол таппай,
Игере алмай нарықты.
Жыл сайын газ-су қымбаттап,
Кәсіпорындар дәнікті.
Былай қарасаң жемқорлық,
Былай қарасаң жемқорлық,
Кім түзер байқап бағытты?..
Өсімге ақша таратып,
Өсер елдің жұртына,
Қалыңдатасың қамытты.
Ел іші қашан көктейді?..
Күн нұрын неге төкпейді?..
Ішкі шерімді тарқатсам,
Көл толы сия жетпейді!..
Құдайдан дұға қыламын
Бетсізге сөзім өтпейді!..

// Пернебек Нарымбетов - Халық мұңы
180 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 16:34:00 ​​Мықты елдер “Сен менің тауарымды сатып ал, міндетің сол. Қалған уақытыңды “Рухани байлық қайда кетті, тілдің халі негі мүшкіл?” деп өткізе бер. Осыны анықтау үшін жиналыс жаса, конференцияларды үзбей өткіз, даулас, таласқа түс, ойбайға сал. Бірақ, біреуің “гайка” бұрама, біреуің компьютер шығарма, көлік құрастыруды үйренбе. Мұның барлығын бізден алсаң болады” дейді. Өкінішке орай біздің зиялы қауым осыны түсінбей отыр. Бұл – қазаққа өте қауіпті нәрсе.

// Асқар Жұмаділдаев
61 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 14:25:48 Көмейіңде сөз тұрған соң оқтаулы,
Кейде өзіміз тудырамыз жоқ дауды.
Ең бір үлкен кемшілігі адамның –
Білмейтіні дәл қай жерде тоқтауды.

// Темірғали Көпбай
293 views11:25
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 16:34:00 ​​“Досым көп” деп мақтанасың, қарағым,
Қатарыңа сыйлысың-ау, жарадың.
Бірақ, бірақ, таңдай білген дұрыс қой,
Көп досыңның адамы мен адалын.

Жүрсің қазір жас дәуреннің тойында,
Қуатың мол, жалының бар бойыңда.
Мұндай шақта дос та саған көп болар;
Айналайын, сақта осыны ойыңда.

Дос көп тойлы дастарханның басында,
Қызық қусаң, шарап тұрса қасыңда.
Сөзде емес, істе таны оларды,
“Досым көп” деп кеуде керіп, тасынба.

Дос кездесер бақытыңды көпсінер,
Біреулері сәл нәрсені кексінер.
Біреулері дос көрініп көзіңше,
Былай шыға “ақымақ” деп көп күлер.

Ер жігіттің басында ылғи бақ тұрмас,
Бүгінгідей көңіл де әркез тоқ тұрмас.
Басыңа бір іс түскенде, қарағым,
Шынын айтам, кей достарың таптырмас.

Өмір ылғи ұсынбайды көктемін,
Сезіндірер суығы мен от демін.
Қысылса егер – сол досыңа демеу бол,
Досың сенің бола берсін өткелің.

Уақыт қалай бір орында тұра алар?
Кез де келер дос көмегін сұранар.
Бармақ тістеп қалмас үшін сол шақта,
Достарыңды осы бастан сынап ал.

// Темір Мыңжас - Ініме
401 views13:34
Ашу / Түсініктеме