Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 52

2021-05-27 17:51:00 ​​Сүйгеніңе басыңды иіп өту,
Мәртебесін тек оның биік ету!
Бұл өмірден өткенше қандай бақыт,
Құдай қосқан жарыңды сүйіп өту!

Басқалардан жаныма жақынсың деп,
Айта аламын өзіңді ақылшым деп.
Балалардың анасы өзің болып,
Ақ сүтіңмен аялап жатырсың тек.

Ақын болып жүгімді келем артып,
Жан таппадым өзіме сенен артық!
Самайыңды ақ қырау шалғанымен,
Немереңді сүйесің менен артық.

Тарам-тарам жол жатыр тармақтылау,
Өмір болса барады қармап мынау.
Немереңді сүйгенің жақсылық қой,
Өкпелемен мен оған, ардақтым-ау!

Менің-дағы бойымда көп тілегім,
Сенің арқаң жадырап көп күлемін.
Балалардың бақытын бірге көру,
Ошағымның бірлігі деп білемін!

Демеймін-ау көңілді қалды неден?
Жақсы көрсем от болып жанды денем.
Жұмысымнан келгенде шаршаңқырап,
Қабағыма қарайсың алдыменен.

Болды қанша мен үшін жасымда сын,
Білдім талай тағдырдың ашылмасын!
Қуанышты сан бірге бөліссең де,
Қиындықта сен бірге қасымдасың.

Өткен сонау қарасам жолымызға,
Талай бақыт қонды ғой қолымызға.
«Көбі кетіп өмірдің азы қалды»,
Қарайықшы абайлап соңымызға!

Бәріне де куәгер уақыт екен,
Дей алмаймын өмірді жақұт етем!
Ойнап-күліп жүргенге не жетеді,
Жарды сүю бақыт па, бақыт екен!

Қиындықты қиядан қиып өтсек,
Махаббатты қашанда биік етсек!
Одан артық жарым-ау, бақыт бар ма,
Бірімізді-біріміз сүйіп өтсек!

// Сайлаубай Тойлыбаев - Жар сүю
163 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 17:51:00 ​​– Сәлеметсіз бе, қалайсыз? –
дедім бірде қарсы келген
ақсақалға абайсыз.
Қартым маған қарап тұрды шекелеп,
Содан кейін орнай қалды
Бір тыныштық қолайсыз.

Мұндай сәтте сабыр сақтап
Шыдағаның мақұл-ды.
Шыдам байғұс ширатылып
Қамшылады ақылды.
Торға түскен торғайдай боп тұрғанда,
Ашулы қарт ақырды.
«Ей, жетесіз, қырт неме,
Солай адам сұрайды ма саулықты?!
«Сәлемет» деп мен саған
Қатынмын ба жаулықты?
«Қалайсыз?» деп аурумын ба мен дертті?»
Шатынаған шақшадай шал
Осылайша даурықты.

Тура сөзден жалтармақ жоқ,
Шыдап бақтым тағат қып.
Бұғып тұрмын, ұғып тұрмын
Кеткенін бір ағаттық.
«Имандылық маған айқын,
Шәлдуарсың шалағай тым,
Үлкен көрсе жолын кеспей
Дегейсің «Ассалаумағалейкүм!»
Жүргін сөздің иесі боп,
Сәлем сөздің киесі көп.
Алла нұры әр пендеге
Айтылады тиесі боп».

Нұрдан қашсаң көргенің көр болмай ма?
Нұр жауғанда босағаң төр болмай ма?
Иманыңнан айрылма ей, азамат,
Имансыздар қашан да қор болмай ма?!

«Естіртпегін ескіні, пәлеңді» деп
Саясатқа салдық-ау сәлемді де.
Азат елде «Ассалаумағалейкүміңді»
Айту үшін кедергі ал енді не?!
Ағаларым – жанымды бағалайтын,
Дұшпандарым – сыртымнан табалайтын,
Қызғаншақтар – сандарын сабалайтын,
Жағымпаздар – нәндерді жағалайтын,
Бишаралар – бір іске жарамайтын,
Өсекшілер – ел-елді аралайтын,
Тәкаппарлар – бұрылып қарамайтын,
Абыздарым – сөзімді саралайтын,
Ақсақалдар – тау мүсін, Толағай тың,
Дегім келер, бәріңе құшақ жайып:
– Ассалаумағалейкүм!

// Рза Оңғарбай - Ассалаумағалейкүм – Алланың нұры жаусын
288 viewsedited  14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 05:44:30 ​​Толқып тұрмын гүлге толы құшағым,
Қазiр ғана кесiлгендей тұсауым.
Он жыл бұрын ертiп келген анашым,
Бiлiм алып, қанат қағып, ұшамын.

Естiп тұрмын қоңыраудың сыңғырын,
Сезгендеймiн таңғажайып бiр сырын.
Лүпiл қағып, тулап байғұс жүрегiм,
Билеп алды сиқыр сезiм құрғырың.

«Жолыңды тап, қалдың бүгiн ес бiлiп»,
Деген сөзi ұстазымның естiлiп.
Ыршып түстi бiр түйiр жас көзiмнен,
Қабақ түйдi қартаң кiсi сес қылып.

Бұл не деген шат-шадыман кеш едi,
Есейiптi ұл мен қыздар кешегi.
Бiреулерi мақтаны боп ауылдың,
Бiреулерi талантымен өседi.

Қаншалықты қуаныш боп тұрар күн,
Сан алуан тағдыры бар бұлардың.
Бəлкiм бiрiн мүмкiн ұзақ көрмесiм,
Бiреулерiн күнде көрiп тұрармын.

Ойлап тұрмын келешегiн достардың,
Ұстаздардың ақ тiлегiн қостадым.
Соңғы рет сыңғыр қақты қоңырау,
Қош бол, мектеп, жаңа өмiр бастадым.

// Нұрлан Қалқа - Соңғы қоңырау
184 views02:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 16:34:00 ​​Бір ауыз сөз арман болды айта алмай,
Бір ауыз сөз қалып қойды байқалмай.
Бір ауыз сөз жан түкпірін қозғайды,
Бір ауыз сөз көңіліңді қайтармай.

Бір ауыз сөз шабытты шақ жақсы айтам,
Бір ауыз сөз тыңдаушы жоқ, жат сойқан.
Бір ауыз сөз – ойлап тұрған періште,
Бір ауыз сөз – ойнақ қылған ақ сайтан.

Бір ауыз сөз, мұқтаж мүлде бастайды,
Бір ауыз сөз, ұстаз мүлде саспайды.
Бір ауыз сөз дүр сілкінтіп серпілтер,
Бір ауыз сөз желпіндіріп тастайды.

Бір ауыз сөз – тыныштықтың қорғаны,
Бір ауыз сөз – тіршіліктің орманы.
Бір ауыз сөз – жарым ырыс жан байыр,
Бір ауыз сөз – тылсым күштің арманы.

Бір ауыз сөз арқау етер дастанға,
Бір ауыз сөз дарқан еткен астарға.
Бір ауыз сөз қанат байлап көңілге,
Бір-ақ самғап көтереді аспанға.

Бір ауыз сөз жарып шыққан жаныңды,
Бір ауыз сөз қызған шоқтай жалынды.
Бір ауыз сөз өне бойды балқытып,
Бір ауыз сөз қуалайды тамырды.

// Төлеген Рахымжанұлы
165 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 09:27:12 ​​Алдыңда қилы жол жатар,
Адассаң өмір – ол қатал.
Орныңды əлден таппасаң,
Жалғанда саған сол батар.

Өмір деген – ол сынақ,
Алдыңда сансыз жол тұрмақ.
Жолыңды тауып, алға түс,
Адассаң шайтан тор құрмақ.

Күтеді талай белестер,
Тосады алдан күрестер.
Қиналсаң қинал, мойыма,
Шынығар батыр күресте.

Жығыларсың, тұрарсың,
Басыңды тасқа ұрарсың.
Пендеден қысым көргенде,
Алладан медет сұрарсың.

Қиындық өтер, күлерсің,
Өтпелі бəрі, білерсің.
Жер басып жүру – бір бақыт,
Жадыңа тоқып жүрерсің.

Тірліктен күдер үзбе тек,
Сабыр жолдас – сізге бек.
Адамдық ардан аттама,
Ар-иман керек бізге тек.

// Нұрлан Қалқа - Мектеп бітіруші түлектерге
229 views06:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 06:49:33 Күләш Ахметова - Талапкерге
233 viewsedited  03:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 05:40:00 ​​Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл демек,
Білімің мен ақылың, күйің бөлек,
Енді басқа жиын-той, киім керек,
Енді саған шынайы сүю керек.

Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.

Даусыз ол күн есіңде сақталары,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы,
Жаңа дастан күтеді, жазуыңды
Күтпейді тек кластың тақталары.
Енді сені күтеді барлық жолдар,
Күтпейді тек мектептің парталары.

Кездеседі дауыл да, дабыл да көп,
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Үлкен ойдан үлкен іс туар, ойлан,
Болашақтың тағдыры қолымда деп.

Уақыт та емтихан алар,
Ол сын қорқыта алмас.
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер, билет ал тәуекел деп.
Емтиханда, өмірде жолың болсын.

// Күләш Ахметова - Талапкерге
276 views02:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 17:51:00 ​​Бойжеткен қыз:
– Әке, әке, киім, – дейді,
Әке айтады:
– Қаражат қиын, – дейді.
Белі иіліп барады кәрі әкенің,
бірақ ағаш-аяғы иілмейді.

Ұлы да хат жазады астанадан,
астанадан қартқа әлгі қасқа, надан,–
жыласа ол да ақша деп көл – сиясы,
көл секілді әкенің пенсиясы
былай да ағып,
жатады былай да ағып,
қызыл, қоңыр ақша боп ылайланып.

Модыға еру – қызға да қиын еді,
қиын болса қайтеді – киінеді.
Ақша келсе – қуаныш сұрапыл, ә? –
ұл қуанып ішеді сыра-пыра.

Қартайды әке –
халі әлгі, күйін мейлің,
қартайғаны: «қаражат қиын» дейді.
Кемпір де ырза болсын деп салады ақша,
өзі ішпейді,
жемейді,
киінбейді,
белі иіліп барады, сағанақша,
тек аяғы – баяғы, иілмейді.

...

Қыз шықты бір сауықшыл жас балаға,
ұл үйленді – қалды о да астанада.
Түсіп кетсе кім-кім де, шүкір, оқыр,
оқығанға іс те көп бітіретін.
Әке – ауылда, күрсініп тереңірек,
ұлым, қызым қонаққа келеді деп,
пенсиясын жинақтап күтіп отыр.

// Жұмекен Нәжімеденов - Әке мен бала (1983)
172 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 16:34:00 ​​Жас отауға бата

Босағаларыңа жамандық жетпесін,
Төрлеріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың он шақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын,
Шаңырақ берік болсын.
Несібесі иіп келсін,
Құт-берекесін үйіп берсін.
Дастарқаның кең болсын,
Байларменен тең болсын.
Ауылың мерекелі болсын,
Өмірің берекелі болсын.
Жолдарың ақ болсын,
Молшылық тап болсын.
Сән-сәулетің ассын,
Бақ-дәулетің тасысын!
Әумин!
208 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 17:51:00 ​​– Бірге бірді қосқанда не болады?
– Онда өмірден бойдақтар жоғалады.
Алдында тұрған шақта асу-белең
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.

Өседі адам қияға қарап тұрып,
Қалықтайды қиялын қанат қылып.
Жалғыз өткен күндерден жалығады ол
Сенімінің жеңісін санап тұрып.

Алдында тұрған шақта асу белең,
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.
Көрші әне, айрылғандай сырласынан
Бір мұңлы күй төгілтіп тұлғасынан
Төсінде шөл даланың жалғыз ағаш
Тұрады қолын бұлғап қыр басынан.

Бұл өмірдің бір күн шаттық, бір күн егес,
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес.
Болсын мейлі көл жалғыз, терек жалғыз
Менің жалғыз болуым мүмкін емес.

Жалғыздық сезсе жаным күйінеді,
Бұл сезім мирас болып маған қалды.
Жалғыздық бөлшектейді дүниені,
Аяймын жалғыз қалған адамдарды.

Сен қайда жүрсің, құрбым, бұл күндері,
Толқытып, тербеуші еді-ау күлкің мені.
Екеуміз екі таудың елігі едік,
Тыңдадық өмір күйін тебіреніп.

Өзіңе жақын барғым келіп еді,
Сен қаштың, үркіп қаштың мені көріп.
Екеуміз екі таудың бұлағы едік,
Екеуміз екі арнамен құлап едік.

Еркелеп ұшқан құс пен ескен желге,
Жастық ән жарасты еді-ау жас кезеңге .
Мен сені сағындым ғой, аяулы әнім,
Қосылып кеттің бе әлде басқа өзенге?

Тербейді, тернетеді бір сыр мені,
Жүрегім тағы тулап дүрсілдеді.
Сен әлде жалғыз ағып зеріктің бе?
Сен мүмкін медеу тұтып жүрсің мені.

– Бірге бірді қосқанда не болады?
– Онда өмірден жалғыздық жоғалады.
– Жоғалсын, мәңгі көргім келмес оны,
– Білемін, аңсайсың-ау сен де соны.

Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес
"Екі" деген егіз сан аман болса,
Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!

// Мұхтар Шаханов - Арифметикадан басталған өлең
167 views14:51
Ашу / Түсініктеме