Get Mystery Box with random crypto!

​​Арман-ай, әкеттің-ау тым алысқа, Әкеттің-ау! Қайғы ма, қуаны | Қазақ әдебиеті

​​Арман-ай, әкеттің-ау тым алысқа,
Әкеттің-ау!
Қайғы ма, қуаныш па?!
Әншейін әуре болып жүрмін бе, әлде
Әзіргі көңіл жықпас жұбанышқа?!

Арман-ай!
Орындалар болармысың,
Қолыма қалай етсең қонар құсың?
Әлде сен әр қиядан із соқтырған
Олжасыз, опығы мол сонармысың?

Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған,
Қайда бастап барасың, ғашық арман?
Пау, неткен жеткізбейтін жүйрік едің,
Солығың, сірә басылар ма?!

Ақ арман, аялдама, алысқа атта,
Серт еттім сеніменен табыспаққа.
Қайда апарсаң, сонда апар, жықпа жарға,
Үзбеген үмітімді алыстатпа!

// Мұқағали Мақатаев