Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 53

2021-05-18 18:12:00 ​​Ауылдың аналары-ай кіл киелі!
Өмірге жарық берген күндей өңі.
Ұршығы қолға тисе, қоса ойлаған,
Ұршықтай шыр айналған дүниені.

Қолынан бір сәт тастап әлгі ұршығын,
Көтерер үйдегі бар жанның жүгін.
Еңбекке жаратады ертелі-кеш,
Ерітіп от үстінде қардың суын.

Үйге енсе түсіп қайбір адам аттан,
Тосатын алдына әкеп ғаламат дәм.
Қазақтың салтыменен қонақ күтіп,
Босамай бұрқырайтын қазаны астан.

Жүрсе де ұйқы көрмей қаншама түн,
Басында сол ошақтың ән салатын.
Қазы іліп, етін сүрлеп шошалада,
Табаға толған айдай нан салатын.

Мейірлі көздеріне күлкі тұнған,
Жымиса, төбеңнен мұң, бұлт ұшырған.
Ауылдың әр баласын бауырына сап,
Қолына уыс-уыс құрт ұсынған.

Төрт түліктен өнім ап, тыным таппай,
Адами құндылықтын бірін сатпай,
Ғұмырын өзгеге арнап жүрген жандар,
Ешқашан, ешкімге де мұңын шақпай.

Ауылдың аналары-ай,
Аналары-ай,
Жүрегі жарқын әлем, жанары арай.
Анадан туғанымыз бекер болар,
Сендерді өтсек егер бағаламай.

// Жұлдызай Ысқақ - Ауылдың аналары
341 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 16:46:00 ​​Райымбек батыр бала кезінен аң аулауға, саят құруға әуес болып өскен кісі екен. Күзде және қыс күндері ауық-ауық Іле өзенінің бойындағы тоғайды аралап, аң мен құс аулайды. Сондай саят құрып жүрген кездерінде кейде шөбі қалың тоғай ішін қыстап қалған абыз атасы Әлмеректің ауылына әдейілеп барып түсіп сәлем береді. Ұзақ әңгімелесіп, насихатын тыңдайды.
Бірде сондай әңгіме үстінде Райымбек батыр көкейінен орын таппай, ойына сіңбей жүрген кейбір жайлардың мән-жайын абыз атадан сұрап дүние сырына қанады. Көңілінде жүрген түйткілдерге анық ұғым табады.
Тағы бірде дүниенің қатпарларын ашып, ұзақ әңгіме айтқан атасын тапжылмай тыңдап отырған Райымбек:
– Абыз ата, айтыңызшы, дүниедегі ең қымбат не нәрсе?—деп сұрайды.
Абыз үнсіз ойланып отырып қалады да, біраз ойға шомады.
Содан кейін барып, көкейіне түйгенін айтады:
– Адам баласы тек жақсылықтардың ғана бола беруін тілейді. Ал сол игілік те, жақсылық та Алла Тағаланың рақымымен, шарапатымен пайда болады. Ол үшін өзің қайырымды істер жасауың керек. Сонда адамдар Алланың мейірінен төгілген шапағат нұрына бөленеді. Алланың әмірі, ананың ақ сүті, адамдар бір-біріне мейірімді болуы—ең қасиетті ізгіліктер саналады. Осылар ғана адамдығынды танытады.
Әлмерек абыздың өсиетін тыңдаған ел тіршілік әрекеттеріне де ықыласпен құлшынады.
450 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-16 18:12:00 ​​Талауға түскен жұртым бар,
Қанауға түскен құл сынды.
Сорлының сөзін кім тыңдар,
Сорасы көзден ыршулы.

Көзінің жасы кеппеген,
Жұртым бар жалтақ, жасқаншақ.
Кетпеген тепкі өкпеден,
Шыққанмен қанша аттан сап.

Құралған өңшең тобырдан,
Жұртым бар көнбіс, көшке ермес.
Еті өліп кеткен елім бар,
Езіліп жатсын - ескермес.

Езілсін қанша өкшемен,
Талауға түссін тіпті әбден.
Құдайға үні жетпеген,
Құлындай даусы шыққанмен.

Қойдан да қоңыр жұртым бар,
Қорадан шықпай қамалған.
Қойшының зарын кім тыңдар,
Қасқырға жыртқыш таланған.

Шешілді шүкір - тұяқ бау,
Еркіндік бірақ жоққа есеп.
Бір қимыл керек сияқты-ау,
Мал болып мүлде кетпесек.

// Серік Томанов
523 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-15 17:51:00 ​​Мен сені іздедім...
Шашылған күн нұрынын,
Бұлақтың сылдырынан,
Сұлулық, іңкәрлікпен
Сезімнің тұнығынан.

Мен сені көрсем дедім...
Рауандап атқан таңнан,
Ақ қанат армандардан,
Риясыз дос пейілден
Шығатын күліп алдан.

Мен сені іздеп жүрмін...
Көңілдің асқарынан,
Ақ жауын, ақ қарымнан,
Даламның жолдарынан,
Туған жер тастарынан...

Әлі де іздеп келем...
Сәбидің уілінен,
Жайқалған қыр гүлінен.
Көз жетер сұлулықтың,
Бәрінен мөлдіреген...
Бәрінен, бәрінен де
Тізсем деп мөлдір өлең...
Ұстатпай алыстайсың,
Сағымдай көгілдір ең..
Жанымның дауасы сен-
Мөлдір өлең...
Мен сені іздедім...

// Меңдігүл Мұханбетжанқызы
68 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 17:51:00 ​​Әулетімді шынайы сыйлайтұғын,
Тексіздікке тәртібін бұрмайтұғын.
Ашық мінез жәйдарлы жар іздеймін,
Тентектеу мінезіме шыдайтұғын.

Салт-дәстүрден сараң боп құр қалмаған,
Жақсы сөйлеп өтірік сырланбаған.
Жар іздеймін қазақы қылығымен,
Тектілігі ешқашан былғанбаған.

Жар іздеймін тек маған сене алатын,
Ашулансам сабырлық бере алатын.
Отбасылық өмірдің қиындығын,
Мойымай шыдамдықпен жеңе алатын.

// Марат Қабылбеков - Жар іздеймін
187 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 18:06:08 Абайдың қара сөздері. Жиырма сегізінші қара сөз
203 views15:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 18:05:25 ​​Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді – бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп. Жә, олай болса, біз құдай тағаланы айыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік. Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Әке-шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен. Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. Түзікті бейішке шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жаманшылыққа мейілдендіріп, өзі құдайлық құдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жамандылыққа бұрып жіберіп тұрады екен. Осының бәрі құдай тағаланың айыпсыз, мінсіз ғафур рахимдығына, әділдігіне лайық келе ме? Жұрт та, мүлік те – бәрі құдайдың өзінікі. Бұл қылғанын не дей аламыз? Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді. Оны айыпты болады дей алмаймыз десең, ол сөзің құдай тағаланың айыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес пе? Олай болғанда, пенде өз тырысқандығыменен не табады? Бәрін қылушыға қылдырушы өзі екен. Пенде пендеге өкпелейтұғын ешнәрсе жоқ. Кім жақсылық, кім жамандық қылса дағы құдайдан келген жарлықты қылып жүр екен дейміз бе? Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз енді ақылды еркіне жібермесек, құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады. Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан – құдай, бірақ қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан – құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ.

// Абайдың қара сөздері. Жиырма сегізінші қара сөз (1895 жыл)
218 views15:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 16:46:00 ​​Әзіл түбі дауға айналса – сол жаман,
Алғыр қыран шауға айналса – сол жаман.
Бала кезде тапқан досың
Бір күні
Жалт бұрылып жауға айналса – сол жаман.

Алған жарың доңыз болса – сол жаман,
Доңыз дауге негіз болса – сол жаман.
Құмыр бұлбұл ғашық болған өлгенше
Қызыл гүлге қоңыз қонса – сол жаман!

Жарыместі зерек десең – сол жаман,
Жаман ұлды өбектесең – сол жаман.
Әйеліңе,
Бала-шаға,
Туысқа –
Бір адамға керекпесең – сол жаман!

Ата жауың шалықтаса – сол жаман.
Өшігуден жалықпаса – сол жаман.
Шыбын жаны шырқыраған жері үшін
Шәйірлерін елі ұқпаса – сол жаман!

Иесіне ит абаласа – сол жаман,
Сүрінгенді табаласа – сол жаман.
Өзгелерден төмен тұрған ағайын
Өзін биік бағаласа – сол жаман!

Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман.
Өлім – бесік әлдилесе – сол жаман.
Бір жыл емес,
Бес жыл емес,
Ұзақ жыл
Ақымақ бастық ел билесе – сол жаман!

Мықты жырды мақтамасаң – сол жаман,
Мақтағанда ақтамасаң – сол жаман.
Сәтті бастап өлеңіңді,
Сөзіңді
Тоқтар жерде тоқтамасаң – сол жаман!

// Қадір Мырза Әли
218 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 18:36:00 ​​Өмірдегі ең бақытты адам сол:
Кім есіне Жаратқанды жиі алса,
Күнә түгіл күмәнді істен ұялса,
Раббысы үшін өз нәпсісін тыя алса.

Өмірдегі әділетті адам сол:
Хақтан басқа күшке тізе бүкпесе,
Оттан, тастан, судан көмек күтпесе,
Жайнамазда бойын күнде тіктесе.

Өмірдегі ең ардақты адам сол:
Раббысына амалымен ұнаса,
Керегін тек бір Алладан сұраса,
Сабыр етіп, қиындыққа шыдаса.

Бұл өмірде гүлденетін адам сол:
Қолда барын кедейлермен бөліссе,
Мәз-мейрам боп берген асын ел ішсе,
Керіспесе, туысымен келіссе.

Бұл өмірде ең ақылды адам сол:
Бес намазын қаза қылмай күндегі,
Тәһәджудпен өтіп жатса түндері,
Өзгелерге үлгі болса білгені.

Жаратқаннан шын қорқатын адам сол,
Өлім жайлы өңі қашып ойланса,
Көзіне жас, көңіліне қайғы алса,
Жүрегі оның тек мешітке байланса.

Дүниеде не жетеді осы бір,
Алла жайлы ілім оқып білгенге,
Рақымына лайық өмір сүргенге,
Жәннат сонда нәсіп болмас кімдерге?

// Қуаныш Қолхаев - Ең бақытты адам сол...
376 views15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 16:46:00 ​​Имансыз болма

Біреулерге Құдай бәрін береді.
Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан – бәрі бар. Төрт қыбыласы сай.
Бірақ Иман жоқ.
Ең сорлы адам сол.
Бір кем дүние.

// Шерхан Мұртаза
556 views13:46
Ашу / Түсініктеме