Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-24 17:40:00
Келетін менің келінім,
Артып тұр саған сенімім.
Құлағыңа сөзім бар,
Гүлі бол түскен еліңнің.

Сыйлай біл үлкен-кішісін,
Келіні болып түскесін.
Көлденең кеспе жолдарын,
Есітіп мұны өскенсің.

Иіліп қана сәлем сал,
Қариялардан бата ал.
Батамен өсіп-өнерсің,
Жадыңа соны сақтап қал.

Ұлтыңның салтын сақта да,
Үлкеннің атын атама.
Құрметке артық ие бол,
Келіндік атын ақта да.

Өсекке жақын жолама,
Қалмайсың сонда жалаға.
Орнына қызу еңбек ет,
Еңбегің кетпес далаға.

Сөздерің болсын бал-шырын,
Онда мол сиқыр жасырын.
Қылышпен алмас жауды да,
Сөзбенен алғын ақырын.

Ертерек тұрып, кеш жатсаң,
Әдет қып мұны ұнатсаң.
Тірлігің болар орнында,
Өзіңді өзің ширатсаң.

// Лала Жүнісқызы - Келініме
557 views14:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 17:44:00 Әрдайым татулықтан көңілі өскен
Ешқашан бір-бірінен бөлінбестен,
Ертеде бір ауылға аңыз болған
Бір үйде екі абысын өмір кешкен.

Екі әйел тату болған шынында да,
Жүз шайып ұрыспаған ғұмырда да.
Тел еміп екі ананың ортасында
Өсіпті еркін ерке - бір ұл бала.

Өскен ұл өзі ақылды, арманы асыл.
Көргенде келбетіне таңданасың,
Ер жетіп, аң аулауға шыққан кезде
Ажалдан құтқарыпты ол хан баласын.

Хан барып өжет ұлды көрмек болған,
Сый сұрап жігіт өзі келмепті оған.
Батырдың анасына алғыс айтып
Ғажайып сарай салып бермек болған.

Қайтар ма пейілінен бір ауса хан,
Қайтару жақсылығын құмар-саған.
Қайсысы екі әйелдің анасы деп
Уәзірден кешіктірмей сұрау салған.

Туғалы ешнәрсені бөліспеген,
Екеуі не істе десе соны істеген,
«Екеуі менің туған анам» десе
Хан жігіт жауабына келіспеген.

«Анаңмен - уәзір - ханға жүр» дейді екен,
(Бұл халық татуды да күндей ме екен?)
Туғанын екі ананың қайсысынан
Жігіттің өзі де анық білмейді екен.

Бұл жайлы тіс жармаған бәле тіпті
Айтпапты екі әйел де төрелікті.
Шынында қайсысынан туды екен деп
Сол кезде ел де гулей жөнеліпті.

Бұл сауал қос ананы қапа қылды
Жігіт те ханға талай апарылды.
Сыйдан да, сарайдан да бас тартып ол
Жалынды ханға «қой - деп - шатағыңды».

Бір кезде татулықтың өлшемі еді,
Енді ол үй қасіреттен теңселеді.
Өжет ұл туған әйел қайсысы деп,
Білуге жағдайды хан өршеленді.

Бір күні ханның үні жаңғырықты.
Ел жинап сарай алдын шаң қалыпты,
Жігіттің қол-аяғын байлатқызып,
Сол жерге екі әйелді алдырыпты.

Депті ол: «Қысқартыңдар бұлдануды,
Жалындым, айтпадындар шындарыңды.
Енді мен екі сарай салғызам да,
Екіге бөліп берем ұлдарыңды».

Екіге хан жігітті шабам депті,
Айбалта әкелуге адам кетті.
Сол кезде бірінші әйел «мен келісем
Жігіттің жарты жағын алам», - депті.

Еңіреп енді бірі зар жылаған
Бөліске түспесін деп сорлы балам.
« - Мен үшін бөле көрме, жер бетінде
Құлыным аман жүрсе болды маған».

Ол солай қолын жайып алға шықты,
Көз жасы ақ тілеуге жалғасыпты,
Босатқан қол-аяғын жігіт келіп,
Сол жерде анасына жармасыпты.

Сол жерде толқып кеткен халық қатты,
Сонда ана ұлын көріп талып қапты.
Тағында мәз-мәйрам боп отырған хан
Қулықпен ұл анасын анықтапты.

Шынымен хан бөліске салады деп,
Үрейден қалған екен бала жүдеп.
Өлшеусіз мейірім мен махаббатың
Өзгеден бөлексің-ау, ана жүрек!

// Ақұштап Бақтыгереева - Ана махаббаты
528 views14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 07:52:02
Аптыққан жалын дәуреннің
Өтетініне,
Бойдағы жігер дәрменнің
Кететініне,
Гүл теріп белден сағымды
Қайтпайтыныма,
Сүйікті жарға назымды
Айтпайтыныма
Сенгім келмейді.

Ән сал деп қимас құрбыны
Қыстамайтыныма,
Қаламды қайта бір күні
Ұстамайтыныма,
Арманшыл жүрек лүпілі
Тоқтайтынына,
Мамалап қызым бір күні
Жоқтайтынына
Сенгім келмейді.

Сағыныш лаулап бойымда
Жанбайтынына,
Құрбының қызық тойына
Бармайтыныма,
Тек ұрпақ мені өмірге
Жалғайтынына,
Жыр жолы болып көңілде
Қалмайтыныма
Сенгім келмейді.

// Ақұштап Бақтыгереева - Сенгім келмейді
483 views04:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 06:07:02
Ақ ерке Ақжайықтан қанат қағып ұшып шығып, бүгінде бүтін қазақ поэзиясы айдынының ақ шағаласы атанған күні көрнекті ақын Ақұштап Бақтыгереева бүгін 78 жасқа толып отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері 1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген.

Ақын өлеңдерінде көркемділікпен бірге толып жатқан асыл қасиеттер бар. Сол асылдардың асылы – шынайылық. Ақұштап жырларының қағидаға айналғандай тағы бір қасиеті – шынайы сезім мен әдемі де әсерлі ой бірімен бірі астасып, қатар өрбіп отырады. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры тағы басқа мәселелер ақын поэзиясының арқауы. Ақұштап Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді.
460 views03:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 17:39:00 ​​Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып,
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.

Санағанмен өлімнен өмірді артық,
Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып,
Тұла бойы құрыстап,
Шабыт қашып,
Денесі де кетіпті ауыр тартып.

Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұл тартпаған.
Қайран күндер:
Қиядан құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!

Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа —
Албасты басқырыңа.
Өткір еді-ау ақ алмас шеңгелі оның
Қайрап-қайрап алғандай тас қырына!

Бауырында таулардың пұшпағы аунап,
О, жастық-ай!
Ауылдан ұшқан аулақ!
Құрыш тырнақ қоладай қайырылып,
Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!

Сеңгір-сеңгір бұлттарды жарып өтіп,
Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп
Қалғаны ма?!
Ендеше
Бұл тірлікті
Қырандарша өтейін тәрік етіп!

О дүние, білсемші өтеріңді!
Деген оймен шaу бүркіт көтерілді.
Көтерілді,
Өртенген самолеттей
Қанатының астында от өрілді.

Көк аспанын —
Бұлт емес —
Мұң қаптаған
Кезде
Қыран қыран ба үн қатпаған?!
Шаңқ етті де шay бүркіт
Заулап келіп
Қойып кетті көк тасқа күн қақтаған!

Күрсінді тау ақ қарлы —
Ақ кебінді.
Кәрі қыран осылай тапты өлімді.
Жасын түскен дөңгелек шар айнадай —
Пай-пай, шіркін! —
Көк тасың қақ бөлінді!

Қыран еді бұл неткен құдіретті!
Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті.
Көрген кезде осыны
Шіміркеніп,
Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті!

Сабақ алып шежіре көне күннен,
Бәрін көздің өткізіп елегінен,
Қыранша өмір сүргенің —
Қандай бақыт!
Қандай бақыт —
Қыранша өле білген!

// Қадыр Мырза Әли - Кәрі қыран
@adebiett
507 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 17:42:00 Ғажап көп жер мен көктің арасында,
Біреу бай, біреу жарлы дүниясында.
Құдайым сауысқанға берсе бақыт,
Самұрық қызмет етер саясында.

// Әсет Найманбайұлы
40 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 17:39:00 ​​Өмір өзен ағысы зор иірім,
Адамдардың жұтып жатыр пейілін.
Жанарларға қарай берем жаутаңдап,
Көрем бе деп махаббат пен мейірім.

Құндылықтар құбылды да кей ұғым,
Арзандады, еңкіш тартты иығым.
Жер бетінде қалды ма екен қылаудай,
Мен іздеген махаббат пен мейірім?

Кие алмай тақуалық киімін,
Адастырдық абаданның үйірін.
Тау-тас кезіп іздеп жүрміз таба алмай,
Қайда кетті махаббат пен мейірім?

Тіршіліктің түсіне алмай түйінін,
Аралаймыз қаралай біз қиырын.
Адастырып кеткендей ме шынымен,
Қай жақта жүр махаббат пен мейірім?

Қайыршыдай санап теңге, тиынын,
Қорек қылып қара нанның түйірін.
Қара судан жұтып қойып, өмірім
Өтіп жатыр, салмайды көз қиығын
Мен іздеген махаббат пен мейірім.

Мен іздеген махаббат пен мейірім,
Жоғалған соң жабырқатты жиі мұң.
Лүпілі жоқ тас жүректе тарсыл көп,
Өмір бақи іздеп өтем мейілің.

Күмбірлейді көңілімнің күйі мың,
Көтерілер күн туа ма иығым?
Арып-ашып іздеп жүрмін, көзіңе
Түспеді ме махаббат пен мейірім?

// Мұнайдар Балмолда - Махаббат пен мейірім
@adebiett
63 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 17:50:00 Аллаға сенем!
Ғазал жыр жазып,
Мұңлықтың мұңын шерткенмен.
Өмірде азып...
Шалдыққан жоқпын,
Махаббат дейтін дертке мен...
Өзгелер сынап,өзінше мені еліткенмен,
Бұрыпта басым қараған жоқпын,
Болған соң берік сертке мен!

Жүректі қинап,
Мұңдарын сыйлап,
Сол бір жан жырақ кеткенмен.
Бұлда бір сынақ,
Бəріне шыдап,
Бойымды тіктеп келем мен!
Дертіне қоса шипасын берер,
Аллаға ғана сенем мен!

Сағымда сынып,
Іштей бір тынып,
Ақырын көзді сүртсемде.
Көңілім қалып,
Аңсарым ауып,
Мұңды еткен жанды күтсемде.
Қоңырау шалып,
Алдына барып,
Түсірмен қадірім(ді) өлсемде!
Себебі сенем Бір Аллаға,
Өмірде нелер көрсемде!

Тағдырға налып,
Шаршаумен талып,
Қиындық қанша көргенмен.
Биікке ғана қолымды созып,
Алладан күттім жəрдем мен.
Делебем қозып,
Тұлпарым озып,
Бəйгеден алғаш келгенмен.
Аллаға деген...
Сабырым бітпес тəубеммен!

// Гүлдана Сермахан
41 views14:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 09:05:37
Жазылмай жұбы
Жарасып,
Біреулер жүрсе
Бағы асып,
Сыңарын таппай әлі күн
Жүргендер қанша адасып?!

Жалқылық болса қонысың,
Жаныңа жалау жоғы шын.
Қарайды саған мүсіркеп,
Адамның бейне қорысың.

Өзгеден ерек дара, шың,
Талантсың ба сен, данасың,
Азаматпысың жаны асыл,
Оныңа кімдер қарасын?..

Қымбаттап
Бір күн
Бір күннен,
Бағасын уақыт білдірген.
Бойымды билеп қорқыныш,
Қалтырап құзда тұрмын мен.

Түбіне тартып құрдымның,
Барады матап
Шынжыр – мұң.
Не деген дәмі ащы еді,
Жалғыздық деген құрғырдың!

// Қатира Жәленова - Жалғыздық
65 views06:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 17:44:00
Қой маңырап, иттер үріп,
Қарауытып тау іргесі,
Тәтті түтін сүттей ұйып,
Тағы орнады ауыл кеші.

Шұрқырайды жылқы малы
Бара жатқан жоннан асып.
Құрбақалар жыртылады,
Мағынасыз хорға басып.

Қара шал жүр ет мүшелеп,
Қонақ сыйын бүтіндеген.
От басына жетті шелек,
Сүтке толып шүпілдеген.

Тал-терекке түн асылды,
Бұлт боп басты маса шамды.
Уыс-уыс мың асылды
Жомарт аспан шаша салды.

Таныс бәрі, мал иісі
Талдысайға келіп қонған.
Самаладай қара үй іші
Кіл қазақи көрік толған.

Қара мақпал тартқан алап,
Күйіңе кеп, өзгер енді.
Шежіре айтар қартқа қарап,
Жантаятын кез де келді.

// Бауыржан Үсенов - Малды ауылдың бір кеші
34 views14:44
Ашу / Түсініктеме