Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 51

2021-06-08 19:50:00 ​​Ұлтсыздану – үш ғасырлық жолдан өтті ирелең
Сондықтан да елімізді орыс тілі билеген.
Егемендік алдық дедік,
Арманға қол салдық дедік,
Ұлт тізгінін баяғыша орыс тілі сүйреген...
Жұрт көбейді ана тілін менсінбеген, сүймеген,
Және оның мұң-зарына мүлде жаны күймеген.
Басшыларды мақтан тұттық тілге басын имеген.
Олар барда тілді қорғау,
Ортақ ұлттық мұңды қолдау
Құдық қазу секілді бір абыройсыз іс инемен.
Елімізді әлі күнге орыс рухы сүйреген.

...

Қаншама рет айттық, жаздық, жағаластық талмастан,
Қарсылас кім?
Биліктегі өзіміздің қандастар.
Адам түгіл аң мінезін мүмкін боп тұр тойтару.
Тілін, рухын сыйламайтын,
Оған уақытын қинамайтын
Мәңгүрттерді мүмкін бе енді арнасына қайтару?

Иә, оларды қайтаруға дел-сал күйден әңгөдек
Тіл білмесе мемлекеттік қызметке алмайтын,
Елдік, ұлттық пайым-мақсат биігінде самғайтын,
Ресейдің заңына ұқсас қатал, қайсар заң керек!
Сонда әр адам айқын танып ұлттық мүдде есігін,
Қордаланған көп талаптар табары хақ шешімін.

// Мұхтар Шаханов
174 views16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 19:50:00 ​​Тыңда, қызым!
айтары көп Анаңның,
Балабақша кезегіне таяндың.
Балабақша – жылы орын десе де,
Сенің əрбір қадамыңа алаңмын.

Балабақша өзге тілде сөйлетер,
Күмəнім жоқ, бар білгенін үйретер.
Бальный көйлек кигіздіріп үстіңе,
Вальсті кеп ер баламен билетер.

Тыңда, қалқам!
қаламаймын мұндайды,
Сырт көздерден қыз денесін қымтайды.
Қорқынышты қылмыстар көп қоғамда,
Адамдардың жүздерінен нұр тайды.

Тыңда, Қызым!
Не болар деп заманың?
Көп ойланып, тарттым ойдың азабын.
Жолым түсіп, бара қалсам мектепке,
Көріп қалам бұзық қыздың мазағын.

Кітап емес, "айфон" екен сүйгені,
Бəсеке ме? Қымбат киім кигені.
Оқушы қыз деген аты, əйтеуір,
Шашын жайған, бірең-сараң түйгені.

Тыңда, қалқам!
Сен тұп-тұнық мөлдірсің,
Сені емес, тағдыр мені тоңдырсын.
Ақылы асқан дана емес, өзіңді
Жүрегінде иманы бар қыз қылсын.

Тыңда, қалқам!
Жылтырға көп қызықпа.
Қыздың ғажап сиқыры ол – қылықта.
Арманыңа өз күшіңмен жете біл!
Байлық деген көзсоқырға құнықпа.

Тыңда, қызым!
Тым қатыгез бұл қоғам.
Адамдар көп жақсылықты ұқпаған.
Сен – биіксің, биігіңде қала бер,
Қыз балаға жанарлар көп сұқтанған.

Тыңда, қалқам!
Сенсің менің намысым.
Əкешіңнің бойындағы арысың.
Əрбір басқан қадамыңа абай бол,
Тапталмасын адалдығың, намысың.

Тыңда, қызым!
Айтары көп Ананның.
Қыз өсіру – бақыты өзге ғаламның.
Болашақтан үзілмесін үмітің,
Сенің əрбір қадамыңа алаңмын.

// Сағыныш Оразайқызы - Тыңда, қызым
351 viewsedited  16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 19:50:00 ​​Бірімізді біріміз сүйеп қадамда әр,
Жүрегіміз жүрер алып содан нәр.
Өзгені қайдам, өмір деген мен үшін,
Мен сүйетін, мені сүйген адамдар.

Барлығын қайта бастасам басқа жолдармен,
Бәрібір тек соларды ғана таңдар ма ем.
Өмір маған қымбат, ыстық өйткені,
Өзім сүйген, өзімді сүйген жандармен.

Оларменен тағдыр жайлы толғандым,
Оларменен ойлы әндерге салғанмын.
Ортайып бір кететіндей оларсыз,
Жылуы да, жарығы да жалғанның.

Қателік жетіп артылады менде де,
Өкінем кейде жүрмедім деп жөн неге.
Айналамдағы аяулыларым болмаса,
Айналар ма ем, бәлкім, басқа пендеге.

Тіршілікте қайғы да сын, бақ та сын,
Тек әйтеуір жақындарың жақтасын.
Бәрі болып, түсінетін өзіңді,
Адамдарың болмағаннан сақтасын.

Бұл өмірде нақұрыс бар, надан бар,
Ақылдылар шегіп жатыр содан зар.
Аман-есен айналамда жүрсе екен,
Мен сүйетін, мені сүйген адамдар.

// Нарша Қашағанұлы - Мен сүйетін, мені сүйген адамдар
204 views16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 18:36:00 ​​«Сал былай!» деп газ бен мұнай құбырын,
Ресейдің дірдектеткен дүбірін
Естігенде,
«Оралар – деп – кешегім!»
Қорқынышпен қойындасты ғұмырым.
«Ортақ өгіз құрысын!» деп шоқ басқан,
Төнбесін деп бұрынғыдай кекті аспан,
Шын еркіндік аңсағанның бірімін!

// Софы Сматаев
352 views15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 18:33:22 ​​Сауысқан бір ағаштан бір ағашқа секіріп шықылықтай берді. Қарға ағаштың басында үндемей отырды. Оған сауысқан келіп айтты:

— Неге менімен кеңеспей томсарып отырсың? — деп. Болмаса менің айтқан сөзіме нанбайсың ба?

Сонда қарға айтты:
— Нанбаймын, не үшін десең көп сөйлеген кісінің сөзінің жартысы өтірік болады.

// Спандияр Көбеев - Сауысқан мен қарға
407 views15:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 07:14:45 ​​Күй тартылсын,
Барлық ойын ойналсын,
Ана күліп жақсы күнін ойға алсын.
Басқа тойды тойламасаң өзің біл,
Балалардың туған күні тойлансын.

Барыңды да, жаныңды да сал соған,
Осы тойда ата-бабаң аңсаған.
Баласына бір той жасап бере алмай,
Дүниеден өтіп кетті қанша адам.

Өтіп тұрған, жетіп тұрған шағыңда,
Шығын шығып кетеді-ау деп тарылма.
Аяғыңды батылырақ басасың,
Арман еткен балаң болса жаныңда.

Мейлі гүлдеп, мейлі көңілің тарықсын,
Ұрпағыңмен ұлан асыр халықсың.
Әкем мені жақсы көруші еді-ау деп,
Балаң ертең еске алғанда қамықсын.

Ән айтылсын, барлық ойын ойналсын,
Ана күліп жақсы күнін ойға алсын.
Басқа тойды тойламасаң өзің біл,
Балалардың туған күні тойлансын.

// Тұманбай Молдағалиев
412 views04:14
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 16:34:00 ​​Ашаршылық
Алдымен талғап жұтты.
Соңынан
түк қалдырмай
Жалмап жұтты.

Жұтты,
Жұтты,
Жұтты!

Құртты!

Ақылдасатын
Дана қалдырмады.
Құшақтасатын
Бала қалдырмады.

Алатау мен Арқаның,
Алтай мен
Атыраудың арасы
Қынадай қырылды,
Шалғындай жапырылып,
Шөптей жұлынды.

Жад пен ойымда
Қайғы мен қасiрет
Желдай ағылысты.
Ертiс пен Жайық,
Есiл мен Ойылда
Iсiнген өлiктер
Сеңдей соғылысты.

Құзғындар
Қара бұлттай қаптады.
Атқан күн батпады,
батқан күн атпады.

Бiздiң жерiмiздегiдей
Еш жерде
Құзғындар
Көп болған емес.
Бiздiң жерiмiздегiдей
Еш жерде
Құзғындар
Тоқ болған емес.

Шашылып жатты
Шоқыған, жегенi...
Содан ба елiмде
Құзғындар көп әлi.

// Темірхан Медетбек - Ашаршылық жылдар суреттері
161 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 06:09:00 ​​Ізетпенен жасамай ізгі қадам,
Қарындасын қорлайды
құзғын,
арам.
«Жалаңашкөл» жағасы – «АЛЖИР» лагерь –
Қазақша аты ол жердің – Қызжылаған.

Енді кімге кезігер долы дауыл,
Қаралы күн қаққанда қоңырауын.
«Жалаңашкөл» жанында қыз жылаған –
Орап алып сүт аққан омырауын.

Ғазауатқа кезігіп ғасыл қайық,
Қырдан асып кеткелі ғасыр ғайып.
Аза бойды қаза ғып Ана біткен –
Аңырайды АЛЖИР-де шашын жайып.

Адамзаттың аймаңдай ары осында,
Рахиль Плисецкая...
нанасың ба?!
Бейімбеттің қой бақса Күлжамалы –
Рысқұлов Тұрардың жары осында.

Айдыны жоқ аққудай расында,
Жазбай жатып үзілген жыр осында.
Сұлулық пен нәзіктік атаулының
Тілім-тілім еріні...
жүр осында.

Шығасыға басшылық иесінен,
Айырылмайын сөзімнің жүйесінен.
Адамзаттың аққуы аналар ғой –
Қорықпайтын қай қоғам киесінен.


Мұндай зұлмат кім көрген жеңіл ойлы,
Бастап кешіп келсек те не дүлейді.
Қазақшасы бұл жердің – Қызжылаған,
Қыз жыласа...
дүние еңірейді.

Арын төксе анаңның
құзғын,
арам,
Жүргеніміз не керек біздің аман?!
Көз жасына ескерткіш – «Жалаңашкөл» –
қазақшасы АЛЖИР-дің – Қызжылаған.
Қызжылаған...

// Ғалым Жайлыбай - Қызжылаған
253 views03:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 07:05:01
Фариза Оңғарсынова - Жүрмін, ана, көп жаннан сағым сынып...
490 viewsedited  04:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 07:03:53 Жүрмін, ана, көп жаннан сағым сынып,
қиналамын кетердей жаным шығып.
Мен ешкімге зұлымдық жасамадым,
қайта, қолымды ұсындым барымша ұғып.

Болмысымды зерттеп ап ол ақырын
тасаланып бастайды оқ атуын...
Біледі олар мені тек жалғандықпен
жаралауға, жасқауға болатынын.

Адамдарға сендім мен.
Таңдамадым.
Өкінемін кейіннен, алданамын.
Көре алмайды қатарға қосқандарым,
нысанасы болдым мен сан жаланың.

Алданбауға адамға күлімдеген,
сенбеуге де серт еткем, дірілдегем.
Тырыссам да, өзімді өзгерте алмай –
содан, ана, қажыдым бүгінде мен...

// Фариза Оңғарсынова
482 views04:03
Ашу / Түсініктеме