Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 56

2021-01-29 16:30:01 https://telegra.ph/ARYLU-01-29
427 views13:30
Ашу / Түсініктеме
2021-01-29 12:07:35 Қарт Ананың өкпе назы
431 views09:07
Ашу / Түсініктеме
2021-01-28 11:27:37
Фариза Оңғарсынованың өзі оқыған өлеңі
563 views08:27
Ашу / Түсініктеме
2021-01-27 16:53:00 ​​Құлыным, ботам, жан балам,
Ізімді менің жалғаған.
Құлағың салсаң сөзіме,
Азырақ енді толғанам.
Ақ болсын жолың таңдаған,
Арамның бағы жанбаған.
Сабырға жеңдір өзіңді,
Ашуың аспай арнадан.
Мақсаты биік, арлы адам,
Мақтанға құмар болмаған,
Атақты сатып алсаң да,
Абырой, бірақ, Алладан.

Өрен бол өрге ұмтылған,
Өмірі гүлдей құлпырған.
Өкпесін артып ісіңе,
Сөкпесін елің сыртыңнан.
Намысы бой да бұлқынған,
Нар тектес талай ұл туған.
Қазағың, халқың – қазынаң,
Қасиет сіңір жұртыңнан.
Өзгеріп тіл-дін, түр-тұлғаң,
Жеріме əдет-ғұрпыңнан.
Емендей бой шаң болсаң да,
Емессің биік ұлтыңнан.

Қабағың түссе сəл мұңға,
Қайғыға бойды алдырма.
Азырақ күтсең Күн шығар,
Айналып ақ бұлт жаңбырға.
Даурығып бекер дау қума,
Досыңды сатып жау қылма.
Кішірмей сөйлеп əркімге,
Кісінің көңілін қалдырма.
Сан соғу оңай тағдырда,
Сан түрлі сынақ бар мұнда.
Байыппен жүрсең асқынбай,
Бақытың тұрар алдыңда.

// Қуаныш Қолхаев - Әке өсиеті

@adebiet #поэзия
594 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2021-01-26 16:53:00 ​​Бұл қоғамды не дейін,
Атауы айқындалмаған.
Байлығын билер бөліп жеп,
Біреуді біреу алдаған.
Күллі дала күңіреніп,
Жемқорлық пара жайлаған.

Бетіне көңді жамаған,
Ұяттан безіп сан адам.
Дәулетін тартып алған соң,
Төрелер ұзап қарадан.
Еркіндікті күткен ек,
Отырмыз жұтап санадан.

Жүйесі қалыптаспаған,
Ұраны бірақ асқақ ән.
Жұртына деген жүрегі,
Ханымыздың да тас қаран.
Аққұлаққа жалтақтап,
Жалтақ күн кеше бастаған.

Мұңлы бір күйді шертемін,
Қоймайды-ай деп ел тегін.
Дені сау есі барында,
Паналап барар ертеңін.
"Қорлық жоқ деп сақтықта"
Ойлағаны да серкенің.

Төрелерге ұқсап жайғансаң,
Еліңе қарап қайғы алсаң,
Көште де қалмас береке,
Көшбасшы жолдан тайған соң
Алдыңғы арба елбасы,
Артқысы халқы ойлансаң.

Бірақ та бірақ, бірақ та
Жетемін десең мұратқа
Әділдік даңғыл жолды тап,
Кететін мініп пыраққа.
Таптатпа халқым құқыңды,
Бас ие беріп "Нұр" атқа.

// Зұқай Шәрбақынұлы - Қырсығы көп қоғамның

@adebiett
574 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2021-01-25 18:02:03 ​​Жастық шақта, сірә, нені аңғардық,
Жүруші едік әрнені бір арман ғып.
Жылдар әрең жылжитындай көрініп,
«Уақыт неге өтпейді» деп таңғалдық.

Білім қудық.
Көп іздендік.
Көп білдік.
Жастыққа тән аңғалдық һәм өткірлік.
Қарсы алғанда
Жаңа келген жылды да
«Келмей қайда кетуші еді?!» - деп күлдік.

Жастық дәурен көрген түстей жоғалды,
Сағынышпен еске алмасақ обал-ды.
Бір ғажабы -
Жер ортадан асқанда
Уақыт енді зырлайтұғын боп алды.

Мосқал тарттық.
Арагідік жиналып,
Төрде отырып сөз сөйлейміз диланып.
«Жылдар қалай заулайды?!» - деп таңғалып,
Бурыл бастар отырамыз қиналып.

Жаңа жылда кетер думан басталып.
Ал сен болсаң өз-өзіңнен жасқанып:
«Осы жылым - соңғы жылым болмасын!»
Дейсің іштей...
Жанарыңды жас қарып...

// Қайрат Жұмағалиев - Өз-өзіңнен жасқанып...

@adebiett #поэзия #әдебиет
617 views15:02
Ашу / Түсініктеме
2021-01-24 16:22:40 ​​Ауа болып енейінші өкпеңе!..
Өтінемін, «Кет» деме!
Меніменен тыныстасаң болғаны,
Маған басқа керек емес ештеңе!

Аптап күнде, шөл далада, қос басы,
Сусын болам, таңдайыңмен астасып!..
Сол сәтте сен рахаттана жұт мені,
Өзіме де керек емес басқасы!

Бұ Дүниеде қоғам – ала, жан – ала,
Суық ойлар ұйтқып соғар санаңа...
Тіпті, желден жаурасаң да, маған кел,
Менің ыстық алақанымды панала!

Бақыт деген – қияндағы сый-көмбе,
Бас аяқты, қиындықтан именбей,
Соқпағың боп, еміреніп жатам мен,
Табанынан періштенің сүйгендей!

// Ақберен Елгезек
635 views13:22
Ашу / Түсініктеме
2021-01-22 16:53:00 ​​Жат жұрттықтан өз арманын іздеген,
Қолыңдағы құс екен ғой қыз деген.
Алыс жолды аңсап қанат қағады,
Өз анасы бақыт тапқан ізбенен.

Ұшып жетер биік жартас, құзға да,
Бұйрық етер алда дәм мен тұз ғана.
Ақ кептердей ел мен елді жалғайтын,
Қолыңдағы қонақ екен қыз бала.

Артта қалып ерке күнгі мекені,
Екі ғашық қол ұстасып кетеді.
Ауылдастар өскен бірге достасып,
Бауырластар қимай қалар қоштасып.

Құс жолымен жеткен жаңа тұрағы,
Екі жастың сол аңсаған жұмағы.
Жаңа төрде жанып тұрар жарқырап
Ата-ананың жел тигізбес шырағы.

// Кәкімбек Салықов - Қонақ екен қыз бала
771 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2021-01-21 16:53:00 ​​Өзгерісті байқармыз талай әлі,
Басы болған нәрсенің бар аяғы.
Түнде жауған аппақ қар
Алматыда
Түске дейін түтінмен қараяды.

Сұрқы түнде үйлердің сұр балшықтай,
Әйнектері жылтырап тұрған шықтай.
Ақ көйлегін күйеудің күнде жуып,
Ақ жем болды қос қолым судан шықпай.

Болу қиын қалада шын ханшайым,
Қанып ішпей газдағы құмған шайын.
Газ бен бензин иісінен безер болам,
Терезенің пердесін жуған сайын.

Табиғатпен кете алмай мол ұғысып,
Сұлулықпен суреттен жолығысып...
Құс секілді құс та жоқ,
жетім торғай
Балкондарда жүреді қонып-ұшып.

Жетім торғай жабығып ұшар одан.
Түк бітірмей шаршайды түс ауа адам.
Күннің көзі кірбиіп көрінеді,
Газ бен түтін кірлеткен ыс ауадан...

// Күләш Ахметова - Ыс ауа
735 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2021-01-20 17:23:00 ​​Барлығы да, Тәңір, сенің еркіңде!
Алқызыл боп күн ойнаса, көркімде.
Адалдығым алауласа сертімде.
Алып- ұшқан аңсарымда Сен барсың.
Сенің еркің-өкінішім, өртім де…

Барлығы да, сенің еркің, Тәңірім!
Таң атқанда, жанды құшса, жарығым.
Тазалықтан бастау алса, тамырым.
Таңғажайып тілегің деп білемін,
Тұл бойымда тұмарланған бар ұғым.

Сенің еркің,сенім артып, сүйінсем!
Сүйіп тұрып, сағыныштан иілсем.
Жылап тұрып, жазмышыма күйінсем.
Теперіште тәубе айтқызып тағдырға,
Құдіреттің сездіресің күйін СЕН!

Мынау әлем ,
ең ғажайып сезіммен.
Әр күн сайын шуақ шашса,көзімнен.
Бір сағыныш самалы ессе,сөзімнен
Қарашықта мөлтілдейсің Үміт боп,
Оңашада күбірлейсің өзіммен!
Барлығы да сенің еркің,
О,Тәңір!
Өтінемін,айырмашы, Төзімнен!

// Толқын Қабылша
747 views14:23
Ашу / Түсініктеме