Get Mystery Box with random crypto!

​​Кей сәтте қаталдық танытқанда да, Армандап,аңсатып, сағынтқа | Қазақ әдебиеті

​​Кей сәтте қаталдық танытқанда да,
Армандап,аңсатып, сағынтқанда да...
Жанымды сыр-мұңға малынтқанда да,
Сүйемін сені, Өмірім!

Қабақтан ұғынып мұң-кіреукемді,
Десем де, тағдырым еркелетпеді,
Сан ауыр басса да желкелеп мені...
Сүйемін сені, Өмірім!

Сүрінтіп, құлатып, шыңдағаның үшін,
Әйтеуір,тырмысып, тынбағаным үшін,
Майыса тұрып,сынбағаным үшін,
Сүйемін сені, Өмірім!

Кей сәтте қуантып шаттанғанымда,
Жүректің сырларын ақтарғанымда,
Қолымды созғанда тәтті арманыма,
Сүйемін сені, Өмірім!

// Меңдігүл Мұханбетжанқызы