Get Mystery Box with random crypto!

​​Кімге керек кіммен қалай жүргенің, Қанша ғұмыр, қайда барып | Қазақ әдебиеті

​​Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Қара суды қай күн ішсең қайғысыз,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.

Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Сауап алсаң сау күніңе тəуба ғып,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.

Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Бір адамға қайыр қылып үлгерсең,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.

// Сабыр Адай – Әкемнің сөзі