Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 48

2021-07-05 18:47:48 ​​Имандылықты, мейірімді, асыл тәрбиені бұрын ауылдан іздейтін едік. Қазір соның бәрін ұйыстырып отыратын, табынатын, сөзіне, айтқан уәжіне тақ тұратын, алдында өзіңді баладай сезінетін қария жоқ. Бар болса да бірен-саран. «Қызға қырық үйден тыйым, болмаса қара күңнен тыйым» дегенді айтатын кемпір аз. Тәуелсіздік, нарық қазаққа бақ болып келгенмен, бізден алатынын да алды. Жан да, тән де жалаңаштанды. Ұят, ар сатыла бастады. Қомағайлар көбейді, ниет, пейіл тарылды. Қайта қазір қаладағы адамдар, қаладағы жастар имандылыққа ұйып, мешіттерге барып жүр. Ауылды қайтып баяғы қалпына келтіреміз? Осыны ойлап жылаймын. Қариялардың баласындай, немересіндей балалардың алдында арақ ішкенін қайтіп қойдырамыз? Тектіліктің іздерін қайдан іздеп табамыз? Ақынның жүрегінен осының бәрі өтіп жатыр.

// Әселхан Қалыбекова
143 views15:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 14:57:09
Қазақ КСР-нің халық ақыны, арқалы айтыскер Әселхан Қалыбекова 71 жасында дүниеден озды.

Әселхан Қалыбекованың өмірден өткені туралы айтыскер Жандарек Бұлғақов Іnstagram-парақшасында жариялады.

"Барлық ақын - баласы бір ананың" демекші барша айтыскер ақындардың анасы осы Әселхан апамыз еді. Бақұл болыңыз, Әсел апа! Бәріміз Алладан келдік және оған қайтушымыз. Барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды айтыскер.

Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет еткен. Айтыс өнеріне зор үлес қосқан, халықтың сүйікті перзенті.
173 views11:57
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 16:09:00 ​​Бәрі қымбат!
Тек арзан ар мен намыс...
Бәрі қымбат!
Тек құнсыз ұлт пен табыс...
Бәрі де бар!
Бірақ та береке жоқ...
Бәрі жақын!
Тек қана керек таныс...

Сатылады махаббат!
Ыстық құшақ...
Сатылады уәделер!
Пысыққа ұсақ...
Өз басынан аса алмас секіргендер,
Жиеркенішті көрінер!
Құсыққа ұқсап...

Төгіледі көз бояп,
Дүние желге...
Табыла ма бір тоят,
Жарлы елге...
Кім қуанып,
Кім тойлап жатыр екен?!
Зағип болған заңғарлары,
Зарлы елде...

Кім кінәлі!
Заман ба?
Жоқ адам ба?..
Қиыс кеткен!
Тәлім бе?
Жоқ аран ба?..
Деп сұрақты қойып қалсаң,
Мырс күледі!
Жылтыр өңді,
Боқ қарын,
Тоқ адамға...

Дүния кіріп жүрекке,
Уланбасын санамыз!
Өрге шыққан ұмытпай,
Төменге кейде қараңыз!
Жамандаудан бітеліп,
Жазылмайды жарамыз!
Иманды сатып ақшаға,
Қайда кетіп барамыз?...

// Біржан Досжан - Неліктен?!
164 views13:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 19:15:00 ​​Бұдан пәлен ғасыр бұрын Сократ қойған бір сұрақ
Әлі күнге адамдардың мақсат-күшін жүр сынап.
Оны айналып өтетіндей жоқ әзірге жол басқа,
Ол сұрақсыз тіршіліктің ой қазаны толмас та.
Тағдыр күрек тісін безеп, әлде саған күлсін бе?
«Мазмұнды өмір сүру үшін тамақ ішпей болмас та,
Ал сен тамақ ішу үшін өмір сүріп жүрсің бе?»

Неткен сезім еркіндігі, аттап бассаң — жын-ойнақ.
Адамзатты мәңгүрт қып аздырудың,
Оның арын, намысын тоздырудың,
Ұят қашқан нәпсісін қоздырудың
Шығарылды мыңнан астам түрі ойлап,
Ізгіліктің ұлы кәусар өзендерін ылайлап.

Қайда барсаң көз арбайды тойшыл мейрамханалар.
Түнгі клуб, түнгі күлкі — ойсыз сайранханалар
Шаршау білмес табыс көзі ретінде танылды.
Тек Байлық пен Қызықшылық басты мұрат саналып,
Ғасыр түпкі рухани компасынан жаңылды.

Көшелерде жұртты бұрар пендешілік арнаға,
Жан-жағыңнан анталайды,
Нәрсіз көзі қанталайды
Кілең арсыз, пайда-нарқы ақырған бір жарнама,
Көре алмайсың ізгілікке шақырған бір жарнама,
Жарнама емес, секілді бір Орнама не Торнама.

Кейбір өнер саңлақтары — ұрлыққа да ұраншы:
Ертелі-кеш тележәшік айнасынан түспейтін,
Ой-санасы, мешеуленіп, тек тамағы істейтін
Қалың елдің «ар-намысы» саналатын бір әнші
Даңқ пен ақша мүддесінен өзге түк жоқ ойында,
Ән салып жүр ұрылар мен рэкеттердің тойында.

// Мұхтар Шаханов - («Атлантиданы қиратқан алма» атты жаңа романнан үзінді)
82 views16:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 18:09:00 ​​Азиядағы ұлтсызданған,
Тiлге, рухқа құнтсызданған
Бағынымпаз, ең жағымпаз елге айналды қазақ.
Күшi зорға табынудан,
Үш жүз жылдық бағынудан,
Ұлттығы өшкен бұл халықты ояту бiр азап.
Ұят сөнiп намысында,
Жағымпаздар жарысында
Әншiлерi той қуалап әннен мадақ өрген.
Ақын, жыршы, ғалымдары,
Кейбiр жазғыш “қарындары”,
Тайталаса, қаумаласа орын алып төрден,
Ұлт мүддесi былай қалып,
Атақ үшiн ылайланып,
Басшысының қолын сүйiп, рухани “өлген”.

Телеарна мен баспасөз беттерiнде,
Адами болмысын сататын теп-тегiнге,
Жастар көп жағымпаздықты алдына мақсат қып қойған.
Намысын тойға,
Арнаған қойдай,
Бетi бүлк етпестен қасқайта бауыздап сойған.
Болар ма ендi ұлтымызға олардан қайран?
“Тисiн”, –деп – “қызметтегi ұлыма, қызыма пайдам”
Әр сөзiн жағымпаздық жiбiмен сабақтайтын,
Басшысын құдайға жеткiзе мадақтайтын
Қарттар тым көбейдi рухани дiңгегiн жойған.
Жағымпаздақ бәйгесi бұл күнде ең басты майдан.

Бар пәлекет телеарнада, баспасөзде жатыр ма?!
Ұлтсыз, рухсыз алаяқты балап нағыз батырға
Жиi-жиi мақтатсаңыз, жұрт сол мақтау сөзге ерiп,
Алаяққа ой-пiкiрi шыға келер өзгерiп.
Насихатқа байланысты қазiргi ортақ талғам.
Әккiленген билiк мұны әбден зерттеп алған.
Радионы ашып қалсаң,
Телеарнаны басып қалсаң,
Күнi-түнi кiлең “ТЖ”, – кiлең “Туфли жалау”.
Дәстүр болды ТЖ-лықты зор дәреже санау.
Өтер жаздар, өтер күздер,
Қашан кетер екен бiзден
Ұлтын сатқан жағымпазды хас батырға балау,
Ал шыншылға халық жауы ретiнде қарау.
Мiне, нағыз әләуләки әлау,
Халауләки хәлау!

// Мұхтар Шаханов - Бағынбаздықтан өрбіген жағымпаздық
101 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 14:38:10 Мұхтар Шаханов, Шыңғыс Айтматов. "Құз басындағы аңшының зары" кітабы
138 views11:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 08:05:53 Мұхтар Шаханов - Жігерлендіру
211 views05:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 08:05:20 ​​Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың:
Мен бірақ, селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басыңдағы бөрік пе,
Орамал ма?
Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нәресте көруге тиісті емес,
Әкесінің еңкілдеп жылағанын,
Әкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы бір-ақ адым.
Көз жасыңды көрсетпе сұранамын.
Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кәне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп, кім айтты саған?
Кім айтты саған,
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлекті кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген әлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше!

// Мұхтар Шаханов - Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап
219 viewsedited  05:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 06:12:45 ​​Бүгін қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 79 жасқа толып отыр. Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.

Ақын әкесі туралы былай сыр шертеді. “Анам он үш құрсақ көтеріпті. Менен басқаларының барлығы көз жұмды. Мен үйдің он екінші баласымын. Анам 1912 жылғы еді. Мені 1942 жылы, яғни 30 жасында дүниеге әкеліпті. Ал менен екі жас кіші інім Махамбет ата-анамның кенжесі болды. Мен мектепке барғанда ол да «барам» деп ұмтылды. Бірақ жасы жетпеген соң қайдан алсын? Махамбет сол кездің өзінде өте ерекше қабілетті, мықты бала еді. 6 жасында абайсызда құлап, сан сүйегі жарылған екен. Ол уақытта ауылда дәрігер деген атымен жоқ. Кейін ауруы асқынып, ақыры содан о дүниелік боп кетті. Әкем Шахан Досболов 9 жасымда қайтыс болды. Арғы-бергі тарихтан үлкен деңгейде хабардар, білімді, ескіше оқыған, молдалығы бар адам еді. Небір дастандарды, ертегілерді құлағыма құйып отырды. Бастысы өте таза адам еді. Әкемнің де, менің де туған жерім – Отырар ауданы, Шілік ауылы. Бірақ ол жерден біз ерте қоныс аударып кеттік. Кейін 11 жасыма дейін Төле би ауданының Қасқасу ауылында өстім. Негізі менің бет-әлпетім әкеме келеді. Ол кезде біздің ауылда суретке түсіретін адам жоқ еді ғой. Әкемнің суреті де қалмапты”,- дейді ақын.

Мұхтар Шахановтың анасы Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовты өз ұлындай көрген, екеуі де Шахановтың анасын өз анасындай құрметтеп өткен.
218 views03:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 17:06:00 ​​Қымбаттайды,
Әлі де қымбаттайды.
Қымбаттатам-демейді,
Ым қақпайды.
Татымайтын тиынға таңып тастап,
Түйедей ғып пұлдайды, тырнақтайды.

Қымбаттайды,
Әлі де қымбаттайды.
Оны ойласаң – бойыңа дым батпайды.
Қарыныңа қанжарын таяп тұрып,
Құбылады, көзіңе құр мақтайды.
Қымбаттайды,
Әлі де қымбаттайды.

Жаныңды жер жамалған жылдап қайғы.
Аларында – жабысып тас кенедей,
Берерінде – сынаптай сырғақтайды.

Көзсіз ғой ол, көздеген арманы үшін,
Жасырады кәрі жұт жалған ішін.
Ағашын да әрісі аспандатар,
Сөз бе сенің
Ақылың, Ар, Намысың?!

Шырпыға да зәруміз, шыныға да,
Ұлыққа да тәуелміз, ұрыға да.
Базар барсаң –
Бәрі асыл, бәрі қымбат,
Жерде жатқан адамның құны ғана.

// Темірше Сарыбайұлы - Қымбаттайды
145 views14:06
Ашу / Түсініктеме