Get Mystery Box with random crypto!

​​Ұғатын ұстаз болса құлақ салып, Айтайын ақиқатты бір ақтарып | Қазақ әдебиеті

​​Ұғатын ұстаз болса құлақ салып,
Айтайын ақиқатты бір ақтарып.
Қазіргі білім берер ізгі жандар
Былығын жоғарының жүр атқарып.

Сайлауда қылмыс істеп тапсырыспен
Ізгіліктен кетеді жыр ақталып.
Осындай сатқындықтың себебінен
Шірік жүйе әлі отыр тұрақталып.

Жұртым жүр іштен тынып таршылықта
Биліктің боданына шыдап бағып.
Ұрының ісін істеп ұлы есіммен
Ар алдында жауап бар ма сұраққа анық.
Лайық болыңдаршы баршаларың
Ұлағатты ұстаз деген ұлы атқа анық.