Get Mystery Box with random crypto!

​​Ұмытып жеңілгенді, егілгенді, Мен сені құлай сүйдім дегім ке | Қазақ әдебиеті

​​Ұмытып жеңілгенді, егілгенді,
Мен сені құлай сүйдім дегім келді.
Сезімді айта алмаудың азабын-ай,
Күрсініп, бар сөзім сол демімде өлді.

Айтуға болмас армен өлшенгенді,
Бұзбадым, бұза алмадым ол шеңберді.
Мен саған қаншама өлең жаздым, бірақ,
Мен саған айта алмадым сол сөйлемді.

Жазғанмен, жазылмады жан дамылсыз,
Қанжұтып, қаншама рет қалғам үнсіз.
Тек сені құлай сүйдім дей алмадым –
Қайтейін, сезім де – аппақ, ар да – мінсіз…

// Жадыра Байбұланова