Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 55

2021-04-25 08:25:00 ​​- Мазалайды көңілді сұрақ талай.
Үмітімді күндерім жүр ақтамай.
Бақыт қайсы,
Өмірде барлығы да
Баянсыз өте шықса тұрақтамай?

- Қыс өтеді,
Ериді сүт - ақ қар да.
Көгереді жапырақ, бұтақтар да.
Уақыттың қанатты сусылынан
Жыртылады жыр толы кітаптар да.

Өзгереді осылай мұның бәрі:
Тартылады өзендер түбінде әлі.
Ақ аспан да кейде ашық, кейде бұлтты,
Күзгі күндей дүние құбылмалы.

Көрінбейді кешегі таныс ағай.
Ағарады күн өтсе әлі самай.
Тіршілікте бәрісі өзгереді,
Өзгереді,
өйткені заңы солай!

Тоқтамаса
тіршілік нәрін үзіп,
Ауырмасаң,
жүйкені дәрі бұзып,
Ащы-тұщы,
Шат-мұңды,
Барлы-жоқты
Аман жүрген күндердің бәрі қызық.

Жау шаппаса,
оқыстан іргеңді ала,
Жайқалады алқызыл гүлмен дала.
Бақытты ма?
Бақытты - дер кезінде
Бар нәрсенің қадірін білген ғана.

// Күләш Ахметова - Бақыт жайлы
928 views05:25
Ашу / Түсініктеме
2021-04-25 05:32:00 ​​Қазақ поэзиясының ақ гүлі 75 жаста. Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, журналист, аудармашы, әдебиетіміздің поэзия жанрында толымды еңбек еткен қазақ қыздарының ішіндегі шоқ жұлдызы Күләш Ахметованың дүниеге келген күні. Күләш Ділдәқызы Ахметова осыдан 75 жыл бұрын 1946 жылдың 25 сәуірінде дүниеге келген
669 views02:32
Ашу / Түсініктеме
2021-04-23 19:10:00 ​​Ғашық болсаң Естай менен Қорландай,
Ғалам нұры көкірегіңе қонғандай.
Сүйе білу – қос жүрекке бір бақыт,
Ғашық болып көрмеген жан – сормаңдай.

// Темірғали Көпбай
732 views16:10
Ашу / Түсініктеме
2021-04-22 11:26:53 ​​Бұйырса, Бұл да несібең.
Ақша бәрін шешеді.
(Солай демей не дейік)
Банкіден алған несиең,
Балаңнан бұрын өседі,
Балаңнан бұрын көбейіп.
Аламан сауда жан-жағың.
Күнелтесің құм санап.
Несиеңнің қалғанын
– Немерең берсе Бұл сауап.
Қарыздың тартып азабын,
Жүрегің сыздап аһ ұрса.
Бақыт деп біл ажалың,
Соттан бұрын шақырса...
Қарызсыз кірсең көріңе,
Жанарыңды ыстық жас шайып.
Пейіштің байтақ төріне,
Отырдым дей бер қасқайып.

// Жәркен Бөдешұлы - Несие
899 views08:26
Ашу / Түсініктеме
2021-04-22 06:22:47
Рүстем Жаңай - Сағыныш сазы
847 views03:22
Ашу / Түсініктеме
2021-04-21 19:10:00 ​​Сағынып кеттім...
Сағынып кеттім мен сені,
Сағынышымның
жоқ екен ешбір өлшемі.
Кеудеме менің
өшпеспей сезім қалдырып,
Өзіңмен кетті
жанымның жарты бөлшегі.

Аңсадым сені...
Жаныңа жақын жете алмай,
Жер менен көктің арасын
бұзып өте алмай.
Түсімде сені көргім - ақ келіп көз ілсем,
Сағыныш таңы
сарғайып лезде атардай.

Ойлаймын сені....
Ойымды онға бөлесің.
Аманат болып -
есімде қалған елесің.
Ішінен бұлттың күнім боп бір сәт
жарқ етші,
Нұрына жарқын -
жанымды менің бөлесін.

Сағындым сені...
Сағындым сені...
....Сағындым...
Жүрсем де күліп -
төгіліп тұрған жаным мұң.
Жұбанам тағы...
жете алмай ойдың түбіне,
Жалғыздық дейтін -
Жазуы шығар...
Жазуы шығар Тәңірдің.

// Сағыныш Оразайқызы - Сағынып кеттім...
881 views16:10
Ашу / Түсініктеме
2021-04-20 16:09:00 ​​Ұрпағына бабамыз
– Мұрамыз – деп қалдырған,
Жер ғой – біздің анамыз,
Ана үшін жан құрбан.
Анамызды сатпаймыз.

Арманың көп алдыңда,
Аштық жолын таңдама!
Өзегіңді талдырма,
Жүрегіғді жалға, ана!
Анамызды сатпаймыз.

Жерді басып алады,
Елді шапқан жау ғана.
Абыройын ананың
Салдырмаймыз саудаға! –
Анамызды сатпаймыз.

Анасындай өз жерің,
Сатуға қай жан шыдар?
Жарып шыққан өзегін,
Өз ұлдары бар шығар -
Анамызды сатпаймыз.

Жер сатуға болмайды
Сатса, – мен де сырқатпын.
Сату түбі – сор, қайғы,
Қайғысы ол ұрпақтың.
Анамызды сатпаймыз.

Жерім – менің Ай, Күнім,
Ай, Күннен нұр алармыз.
Сатсақ жердің байлығын
Қай қалтадан табармыз.
Анамызды сатпаймыз.

Қарлыққанша дауысым,
Айқайлайын жар салып.
Өгейіңнің аузын,
Ауыздықтар бар халық.
Анамызды сатпаймыз.

Жер сатқанша, Алланың,
Ақ өлімін таңдаған.
Ерлігіне ананың
Сүйсінемін, таң қалам.
Анамызды сатпаймыз.

Анасы алып халықтың
Болашағы – жарық күн.
Осыны анық таныттың
Осыған анық қанықтым.
Қанықтым да соны ұқтым:
Анамызды сатпаймыз!
Анамызды сатпаймыз!

// Мүбәрак Жаманбалинов - Анамызды сатпаймыз

(Парламентке жер сату мәселесі қаралады дегенде наразылық білдіріп, аштық жариялаған аналарға)
873 views13:09
Ашу / Түсініктеме
2021-04-19 14:13:14 ​​Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
— Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
— Аю құлағыма ақыл сыбырлады: "Екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма" деді, — дейді.

// Ыбырай Алтынсарин. Жаман жолдас
768 views11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 16:20:00 ​​Сен неткен тәп-тәтті едің,
керемет ең,
Санаңа нұр құям да, өрелі етем!
Сенің әлсіз болмауың үшін, ботам
Менің мықты болуым керек екен!

Сүйсініп қылығыңа, ерек, керім,
жаныңда күні-түні өбектедім.
Сен өмірдің жолында таймау үшін,
Саған тірек болуым керек менің!

Сен ешқашан жылама,
тыныш, күнім!
Жанарыңның өбейін нұр ұшқынын.
Сенің күліп жүруің үшін,
әркез,
Күзетейін, жаныңның тыныштығын.

// Айгүл Темірбайқызы
938 views13:20
Ашу / Түсініктеме
2021-01-30 17:36:00 ​​Адам бойында болмысынан келе жатқан он мінез бар, оның тоғызы – жақсы, біреуі – жаман. Жаманының басын бос қоя берсең, басқаларын бұзады.

// Хазіреті Омар
386 views14:36
Ашу / Түсініктеме