Get Mystery Box with random crypto!

​​Бір күні сен де шын қуанасың, Шын қуанасың бір күні. Арман | Қазақ әдебиеті

​​Бір күні сен де шын қуанасың,
Шын қуанасың бір күні.
Арманың шыңнан бір құламасын,
Бұлжымас заң деп біл мұны.

Түнекке қарай бұрмашы басын,
Айдындай тұнық қалпыңның.
Бір күні сен де шыңға шығасың,
Өз шыңы болады әркімнің!

Таң қылып әппақ шырайың бәрін,
Өзгере салар бәрі әлі.
Бүгінгі кейбір уайымдарың,
Күлкілі болып қалады.

Жаныңның жазар уақыт жарасын,
Жалғанда бәрі өлшеулі.
Бір күні сен де бақыт табасың,
Ал, бүгін көтер еңсеңді!

// Рахат Әбдірахманов - Бір күні