Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 49

2021-06-30 17:06:00 Той болады. Көл-көсір той болады,
Киіз үйге толтырып айналаны.
Сол ауылдың баласы батыл сөйлеп,
Сол рудың ақыны бәйге алады.

Көңіліңді көп жайға бұрғызады,
Өтірікке шындықты ұрғызады.
Дай-дай болып бөлінген рушылдар
Бір ауылға үш мешіт тұрғызады.

Іске батыл болғанмен, ойға шорқақ,
Емес пе еді жақсының аты да ортақ.
Бөлінуге келгенде бәрі шебер,
Бірігуге келгенде бәрі жалтақ!

Отырғызып дербес ел талшыбығын,
Аяласақ жарасар ән шыбығын.
Ірі қазақ болуға, кім білдірер,
Ұлы қазақ болуға қарсылығын.

Сүйінетін дос түгіл, жатымыз да,
Өрге қашан домалар тасымыз да.
Асқындырып ауруды алсақ бүгін,
Көнбейді ертең көздегі жасымызға!

// Ханбибі Есенқарақызы
242 views14:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 08:49:24 Періште емес – пендемін,
Мәңгі емеспін – демдемін!
Көрдім талай мықтының,
Мықыны көктен келгенін!

Періште емес – пендемін,
Көкте емеспін – жердемін.
Бағаламас бақырға,
Бақ қонғанын көргемін!

Тасасында иықтың,
Шындыққа бас иіппін.
Шаужайына жармаспай,
Үзеңгісі биіктің!

Арман - өлмей, көктедің,
Сезімімді шектедім.
Шотын шауып біреудің,
Көтермедім кетпенін!

Періште емес – пендемін,
Астана емес, елдемін.
Билік айтпай, қоқаңдап,
Жәй жүрсем де, өлмедім!

// Ханбибі Есенқарақызы
271 views05:49
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 19:15:00 ​​Сүйдің екен шынымен
Күдіктенбе,
Сеніміңді биік қой іліп төрге.
У сорғалап тұрады уайымнан,
Жұлдыз жайнап тұрады үміттерде.

Сүйдің екен шынымен
Қапаланба,
Ақиқат қой: бір таңың атар алда.
«Сабыр түбі – сары алтын» деп үйреткен
Алғысыңды үйіп-төк аталарға!

Сүйдің екен шынымен
Шыда, күнім,
Кәрі құртын жей берме құлағымның.
Өмір өзі-ақ береді бір жауабын
Сенің түпсіз телегей сұрағыңның.

Сүйдің екен шынымен
Алшақтама,
Бір қалыпты бола біл бар шақта да.
Көп күйінген кетеді күлге айналып,
Жан сақтаймыз қосылып жансақ қана.

Сүйдің екен шынымен
Төз, маралым,
Онсыз сенің жоқ қазір өзге амалың.
Ақиқаттан аттайтын шарам қайсы,
Сыйғыза алар емеспін сөзге бәрін...

// Темірше Сарыбайұлы - Сүйдің екен шынымен...
308 views16:15
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 18:50:00 ​​Мен өмірге келген шығармын,
Барыңды сезіну үшін.
Армандап көз ілу үшін.
Түңлігін түріп түндердің,
Өзіңмен кезігу үшін.
Көзіңнің қарашығына,
Нұр болып берілу үшін..

Мен өмірге келген шығармын,
Жолымнан өзің күтсін деп.
Мұңдарым солай бітсін деп.
Аялы алақанымен,
Көзімнің жасын сүртсін деп..

Мен өмірге келген шығармын,
Азапты бұзып өтем деп.
Тірлікті қызық етем деп.
Қолымнан ұстаған жанның,
Түтінін түзу етем деп..

Мен өмірге келген шығармын,
Шыбықты шынар етсем деп,
Шындықты тұмар етсем деп.
Қураған тамырларды да,
Тірлікке құмар етсем деп.
Сезіммен сенген жүрекке,
Барыммен ұнап өтсем деп..

Мен өмірге келген шығармын,
Байыппен қарауым үшін,
Арманның алауы үшін.
Кездескен қиындықтарды,
Сынақ деп, санауым үшін.
Керқұла керім жырымның,
Кекілін тарауым үшін.
Өмірге келген шығармын..

// Мехнат Теміртасқызы - Жібек жүрек
227 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 19:50:00 ​​Күні кеше толған ай жүзің еді,
Сиқырлы қара нәркес көзің еді.
Мап-майда мамық қардай мінсіз денең
Бейне бір бақшадағы үзім еді.

Жел тимей, кірсіз тұрған кезің еді,
Жандыға жақсы дәру сөзің еді.
Басып кеткен пайғамбар іздеріндей,
Қадірлі аяқбасқан ізің еді.

Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ,
Ақмарал, аяғыңа дәлтиген оқ.
Өкіндің, жастық, мастық ісің өтті,
Аһ ұрдың, сыртың - жалын, ішінде - шоқ.

Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағаны, тез құпалдың.
Тап-таза ат, көркем көрік - бәрі кетіп,
Өміріңше құтыла алмас отта қалдың.

Таралды жұрт аузына жаман атың,
«Бұзылған!» дейді енді жақын, жатың,
Ызыңдап ол да, бұл да сол сөзді айтар,
Жас төкпей неғып сонда шыдар дәтің.

// Мағжан Жұмабаев - Алданған сұлу
115 views16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 17:06:00 ​​Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін.

Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмық жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай,
Білгені - қазан ошағы.
Жабайы ғана жарым бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол жарымды сүйемін!

Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол елімді сүйемін!

Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс-ақ кебін, жаз – сыры.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахрасы.
Сарыарқа деген жерім бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол арқамды сүйемін!

// Мағжан Жұмабаев - Сүйемін
161 views14:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 12:35:04 ​​Кердең-кердең жүресің сен, не таптың?
Мен айтайын – айнымайтын жар таптым.
Күндіз-түні жар қойнында жатамын,
Естімеймін уын-шуын жан-жақтың.

Қанша құшсам-дағы сусын қанбаған,
Жан жарым бар, неге керек мал маған!
Жұрттың бәрі-ақ: «Оңбаған жан!»- дей берсін,
Жан жарым бар, неге керек ар маған?!

Жарым күншіл, көз салдырмайд жан-жаққа,
Жібермейді жұмысқада мансапқа.
Сондай ерке, оны құшып, керіліп,
Күндіз-түні күңірене бер тек жат та.

Әкем маған: «Сауда қылып, мал тап!»- дейд,
Жарым маған: «Мал деген не, тек жат!»- дейд.
Елім маған: «Елге еңбек қыл!»- дегенде,
Жарым маған: «Жатқан адам бекзат!»- дейд.

Жар айтқан соң, жаннан жақын көрген жар,
Жардың тілін алмауға не дәтім бар?!
Тілін алдым – үйден, елден айрылдым,
Бірі де жоқ – мал да, ел де, намыс, ар.

Жар жат дейді, жатамын да жатамын,
Mac адамдай бос ойға ылғи батамын.
Ашылғанда ұйқыдан көз, бар ісім -
Қылжалаңдап, жоқты-барды шатамын.

Әрине, енді мені мақтар пенде жоқ,
«Жап-жақсы еді, жар аздырды-ау!»- дейді көп.
Жұрт сөзі не? Жан жарымның қойнында
Жата берем: «Жаным, жаным, жарым!»- деп.

Бұл жарым кім? Тапшы қәне.- «Денсаулық?»
Сен дейсің ғой:«Алма бетті, ақ жаулық...»
Жоқ, жолдасым, адасасың, айтайын:
Жарым менің – аты шулы жалқаулық!

// Мағжан Жұмабаев - Жарым
222 views09:35
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 18:50:00 ​​Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.

Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.

Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.

Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.

Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң -
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!

// Шәкәрім Құдайбердіұлы – Адамдық борышың
200 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 18:50:00 ​​Жағына сарт етіп тиген шапалағыңа жауап бермегеннен қауіптен, ішінде кегі кетуі мүмкін. Өзгелердегі ұнатпайтын қылықты өзіңнен табудан сақтан, қорқыныш ішіңді жалап жемі етуі мүмкін.

Бірақ қауіптене берудің де қаупі бар. Үрей билеген кезде ержүрек адамның жасқаншақ болып, жасқаншақтың батыл боп кететінін талай кездестірдім. Сондықтан да қорқынышқа бойыңды билетсең де, ойыңды илетпе, қандасым! Қорқақ иттің үруі көп те, ұмтылуы жоқ. Ал батырдың батылдығы оның үрейін жеңуімен ғана бағаланады. Ал батылдықты үрей туғызатынын менен артық білесің, Алаш азаматы. Бүгінгі үрей билеген төбедегі төрелердің қорқынышы ғаламат. Өйткені өзіне де сенбейтіндер өзгенің бәрінен қауіптеніп бітеді де, өзіндегі үрейді өзгеге күштеп қопара салуда ештеңеден тайынбайды. Ал қорқақ жанның үрей себем деп жанталасуы – оның әлсіздігінің айғағы. Алтынды отпен, ерлікті оқпен сынайтынын ұмытпасаң, ұрандасым, үнемі өлімнен қорыққан жанның дұрыстап өмір сүре алмайтынын да қатты ескер.

Арыңмен келіссең – берілмейсің. Батылдығыңа жүгінсең – жеңілмейсің. Тізесін бүкпей тік тұрып өлген бабалардың уағызы осы.

// Софы Сматаев
115 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 21:05:50 Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,
Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң,
Қырық жыл қашқан ажалдан
Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.

Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ,
Жігіттер, жас кезінде тәубаға кел,
Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ.

// Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)
256 views18:05
Ашу / Түсініктеме