Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 54

2021-05-04 18:36:00 ​​Жүргенде адам қайғысы ішінен жеп,
кей жандарды ұғар деп, түсінер деп,
ақтарылғың келеді ойды қағып
иықтағы салмақты түсірер деп.

Қалсаң одан ұғынған қабақ танып,
қапелімде кетесің қанаттанып.
Еңсеңді езген қайғыңды жайратуға
шығардайсың бар қару-жарақты алып.

өз-өзіңнен жүргенде мысың құрып,
жаның қуаттанғандай түсің жылып,
томағасын сыпырған қаршығадай
жалын атып жанарың ұшырды үміт.

Сен кетесің бойыңда сенім-бекіп,
қысыр деген үмітті желіндетіп.
Тек осылай жүрсе ғой адам шіркін
бір-бірінің өмірін жеңілдетіп.

Жаны қасаң жандардан жасқан бірақ,
одан сайын шығандар қашқан мұрат.
Сен алдынан шығасың жер бауырлап,
шамың сөніп, төбеңе аспан құлап.

Қадап қойған аспанның төсіне Күн
табиғаттың ілеспес көшіне кім.
Адамда да құпия күштер қанша
өсіретін бір-бірін, өшіретін.

// Фариза Оңғарсынова
685 views15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 18:36:00 ​​Біз қандай едік?

Арымас аттар мінетін,
Тозбас тондар киетін;

Қара тастарды қақ жарып,
Қарағайлардай қаптап өсетін;
Қара нарлары
Шудалары желкілдеп,
Қара бұлттардай көшетін;
Айғырлары
Күнге қарап кісінеп,
Биелері айға қарап құлындаған;
Кетіссе –
Бұрылмаған;

Сөздерін
Тасқа қашаған;
Алыпсоқтарының итаяғын
Оюлап жезден жасаған;

Алтайды жастанып жатса,
Аяғы Үрімге жеткен;
Керілсе,
Үрімнен де өткен;

Кермелеріне
Тайбурыл мен
Керқұла байланған;
Алты айшылық жолды
Алты күнде айналған;

Қамалдары
Құлжалар шыға алмас
Ақар-шақар құз болған;
Қағандары
Күн астындағы
Күнікей қызды алған;

Тәңірден басқа
Қайтпаған ешкімнен;
Ібіліс, жындарға
Қара тастарды түттіріп,
Дию мен періге
Құмнан арқан естірген;

Күн жағы күміс діңгекті,
Ай жағы алтын діңгекті
Ордада отырған;
Сол жақтан келгенді
Жапырған;
Оң жақтан келгенді
Опыраған;

Желдей аңқылдап,
Сұңқардай саңқылдап сөйлейтін;
Даладай кең,
Таудай биік халық едік, –

Алып едік!

Сол елді
Алқымынан сыға-сыға
Шымшық торғайдай
Шиқылдап сөйлейтін
Төменшік етті.
Төбесінен ұра-ұра
Таудай денесін шөктіріп,
Төбешік етті...

Шүкір!

Қайтадан көтеріліп келем!
Баяғы Айым
Қайта туардай.
Баяғы Күнім
Қайта шығардай.

// Темірхан Медетбек
873 views15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 07:15:00 ​​Күнге айналып кететұғын күлгенде,
Қыз дегенің қазына ғой білгенге.
Қыздар үшін жалпақ әлем жайқалып,
Қыздар үшін өседі екен гүлдер де.

Көзді салып қыраттарға, көк белге,
Қыз арқылы ораламыз өткенге.
Қыздар үшін тұтас әлем түрленіп,
Қыздар үшін келеді екен көктем де.

Махаббаттан асқан сірә, күш бар ма,
Не жетеді сұлулықты құшқанға.
Қанат қағып қоңыр күзде аттанған,
Қыздар үшін оралады құстар да.

Арайланып асылғанда таң белге,
Бірер сәтке ойланып көр мән бер де.
Қыздар үшін мынау әлем жырланып,
Қыздар үшін шырқалады әндер де.

Қолаң шашты, қос бұрымды, кекілді,
Қызға айналар мына ғалам не түрлі.
Шартарапты құйқылжытқан құс үні,
Сыңғырлаған қыз күлкісі секілді.

Көңіліңнің кермесінен күн шығып,
Дүниеге кірісесің құлшынып…
Қыздарменен қайырлы екен дүние,
Қыздарменен көрікті екен тіршілік.

// Әлібек Шегебай - Қыздар үшін…

@adebiett #поэзия
802 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 19:25:00 ​​Ақ орамал, әдемі ақ орамал,
Пәле менен жаладан пана болар.
Отбасыңа бақ тілеп, анам тақсын,
Құтты болсын, ырымдап ал, орап ал!

Әдеп-ғұрпын қазақтың саралап ал,
Сәлем етсең, ол дағы бағаланар.
Анам саған тапсырған аманат қып,
Отбасыңның байрағы ол – ақ орамал.

Қыздар деген – құдды бір ақ орамал,
Жігіттер де жақсысын қарап алар.
Орауы бар сыртында сыйлық сынды,
Орамалды қыз қымбат бағаланар.

Бес жүз түрлі базарда бар орамал,
Құны қымбат, бағалы қалы орамал.
Қалың, жылы, шашақсыз салы орамал,
Ақ түбіттен тоқылған шәлі орамал.

Қыз жігітке сыйлайтын шәйі орамал,
Алтын түстес парша мен пайы орамал.
Шаршы орамал, шыт, шұға, дабы орамал,
Көңіліңе жағады қай орамал?!

Ақ орамал, киелі бақ – орамал,
Ар-ұятты әйелге ғана қонар.
Анаңдай бол, сен дағы әжеңдей бол,
Мәңгі-бақи жарына адал олар.

Қап-қара ғып бұл күні бәрі оранар,
Ұлтымызға бір күні бәле болар.
Араб емес, қазақтың қызысың ғой,
Қара емес, біздікі – ақ орамал!

Жан болмасын өсектеп, жала жабар,
Түспесінші басыңнан ақ орамал.
Тартқызбасын қан жұтып, қайғы-уайым,
Таққызбасын Құдайым қара орамал!

// Алмас Темірбай - Ақ орамал

@adebiett #поэзия
755 views16:25
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 16:20:00 ​​Жастық шағым екеуміз кездескенде,
Жанымызда болған жоқ өзге еш пенде,
Ол – көз көрген қалпында,
Мен – өзгерген,
Қара үзіп-ақ кетіппіз қозы көш жерге.

Ол мөлдіреп қарады, мен – елжіреп,
Оқ тескендей қан жылап берен жүрек,
Тұла бойдан тоғаяр түр іздедім:
"Қандай болдым мен, міне, көр енді! – деп».

Түк таппадым бойымнан мақтанарлық:
Баяғыдай мінбеймін атқа қарғып.
Баяғыдай қарадай қаным қызып,
Қойып кетіп, түспеймін отқа барлық.

Тауға ұрмаймын басымды, тасқа ұрмаймын,
Жасын түсіп жатса да бас бұрмаймын.
Көлеңдеген көлденең көк аттыға
Көкжалдығын көрсетпес қасқырдаймын.

Баяғыдай... емес қой... баяғыдай...
Жүйрігін-ай уақыттың... аяңын-ай!
Онда – қылыш болғанда, мұнда – қалқан,
Сабалақпен кездескен хан Абылай...

Жастық шағым екеуміз жолыққанда,
Жүрдек уақыт жүрекке соғып таңба...
Бұдан былай екеуміз бірге болып,
Бірге аттанып жүрер ме ек жорықтарға!

...Түсіп келем ол шыққан Көктөбеден...
Ол ма, мен бе – тағдырға өкпелеген?..
Ол айтты ма, білмеймін мен айттым ба? -
Үн естілді жаңғырып:
– Кетпе!!! – деген...

// Ұлықбек Есдәулет - Жастық шағым екеуміз

@adebiett #поэзия
707 views13:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-28 18:46:11 ​​Тыпырлап туғанына ол анадан,
Алпыстай асып кеткен жылдар одан.
Толтырып көз жанарын табиғатқа,
Туғанда тұңғыш, ақтық бір қараған.

Күн көзі енді оған жабылардай,
Өксіген өтетіндей бағы жанбай.
Келбетін көкірегіне орнатқалы,
Қараған көкке, жерге дамыл алмай.

Содан соң көзі кеткен қорасаннан,
Дүние жарық күнін жаба салған.
Көр ауыл ойламаған емдетуді,
Әуелден етті ғой деп қор жасаған.

Екі көз ұйқысынан оянбаған,
Тек қана көкірегі ояу қалған.
Ұмытпай естігенін еске сақтап,
Елінің шежіресін баяндаған.

Бұлақтай көзі ашылған кеудесінен,
Бір сәуле саңылау тапқан зердесінен.
Сыпылдап саусақтары ойнай берген,
Айырылмай домбыраның пернесінен.

Келмейтін өнер де жоқ екі қолдан,
Ауылдың көзі менен көркі болған.
Жалғыз-ақ жарық күнді бір көре алмай
Келеді көкірегінде дертіп арман.

Өмірдің алпыс жылын алып ұрып,
Келеді ол жер бетінде әлі жүріп.
Жоқ болған туа сала бұла дала,
Көрінбей келеді әлі сағындырып.

Түсетін жанар оты көш жыраққа,
Шіркін-ай, не жетеді қос шыраққа.
Айнала жапан дала жаңғырғанда,
Арманы – бір қараса осы шаққа.

// Сырбай Мәуленов - Соқыр
661 views15:46
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 19:10:00 ​​Таңнан да сұлу,
Балдан да шырын.
Жүрек іздеген,
Шырқырып, құлын.
Гүлге ауыстырар, көңілдің мұңын,
Сенің махаббатың ғой.

Дүниеден қымбат,
Бақыттан қымбат,
Сені іздеп жүрер,
Жақұт жан, жылдап.
Еріп кеткенім – сазыңды тыңдап,
Сенің махаббатың ғой.

Алау таң болып,
Атып келемін,
Қызыл Күн болып,
Батып көремін.
Алтын уыстап, ақық теремін,
Сенің махаббатың ғой.

Жанып алғанда,
Жырымды көкпен,
Қарып алғанда,
Үнімді шоқпен.
Бөлісіп жүрсем, нұрымды көпке,
Сенің махаббатың ғой,

Шырын ішінде
Шомылып жүрсем,
Жаз гүлдеріне
Көміліп жүрсем.
Мен жоқпын, - деп, жеңіліп жүрсем,
Сенің махаббатың ғой, Ием!

// Гүлнәр Шәмшиева - Сенің махаббатың

@adebiett #поэзия
712 views16:10
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 16:20:00 ​​Жақсы өткен күн – алдағы күннің азығы. Босқа өткен күн келесі күнге кесірін тигізеді, көлеңкесін түсіреді. Алдағы күніңді аясаң – бүгінгі күніңді бос өткізбе. Өмірің де күндеріңнің қалай өткеніне байланысты.

// Нарша Қашағанұлы
714 views13:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-25 19:25:00 ​​Хақ Тәңірлік қалыппен, ұлы үлгіңмен,
Құзырында жаратқан құлыңмын мен.
Қалауыңа лайық болмыс біткен,
Әлхамдулилла, әсеммін, сұлумын мен.

Өмір бердің, Көз бердің, Көрік бердің,
Есім бердің, Ес бердің, Ерік бердің,
Һауа ана, Адам ғалейксалам нұсқасымен
Ғашық еттің, ғұмырлық серік бердің.

Отан бердің, От бердің, Қорек бердің,
Бесігіңді тербет деп, бөбек бердің,
Саясында тынықтым теректердің
Сенің Рахымыңды медет көрдім.

Тыңдасын деп әлемнің сазын бердің,
Жырласын деп өлеңнің тәжін бердің,
Раббым, сенен бөлек осыншалық
Нығыметтерді мен үшін әзірлер кім?!

Шаттықпенен қарсы алам Күн шуағын,
Махаббатыңмен нұрланды тіршілігім!
О, Жаратқан! Өзіңе - шүкірлігім
Жарылқауыңа - мәңгілік құлшылығым.

Қуат бердің, Тіл бердің, Рух бердің,
Тілегімді хусни, тұнық бердің,
Күллі адамзат баласын жарылқаған
Рахметіңнен үздіксіз үміткермін.

// Күләш Ахметова - Жаратқанға жалбарыну

@adebiet #поэзия
859 views16:25
Ашу / Түсініктеме
2021-04-25 16:46:00 ​​Ғашықпын мен өмірге, ғашық екем,
Ұлты бөтен демеймін, жасы бөтен.
Адал жанды адамның бәріне де
Жүрегімді – қақпамды ашып өтем.

Жақсылықтың бәріне үйір екем,
Тілі бөтен демеймін, күйі бөтен.
Көздерінде мейірім мен тазалық бар
Адамдарды құрметтеп сүйіп өтем.

Құмармын мен тірлікке, құмар екем,
Құмар етпей қоя ма мына мекен.
Ұрпақтарға қалатын ұлы жерге
Жасағаннан тыныштық сұрап өтем.

// Күләш Ахметова

@adebiet #поэзия
751 views13:46
Ашу / Түсініктеме