Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-11-02 08:09:16
6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа деректер жарияланды.

Антикордың мәліметінше, Сатыбалды 300 миллион долларға шетелдік бағалы қағаздар сатып алған. Жақын арада бұл қаржы ел бюджетіне қайтарылады.

Сонымен қатар шет елдерде Сатыбалды мен өзге күдіктілерге тиесілі құны 230 миллион доллар болатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдар анықталып, елге қайтарылған.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  05:09
Ашу / Түсініктеме
2022-11-02 06:15:36
Теміртауда гаражда өмір сүрген "маугли-жасөспірім" табылды.

Анықталғандай, баланы асырап алған өгей анасы гараждан шығармай өсірген. 16 жастағы жасөспірімнің дамуы тежелген, ешкіммен сөйлеспейді, жаза да, оқи да алмайды.

"Бала патронаттық тәрбиеде өсті. Оның туған ата-анасы қайда екені белгісіз. Сондай-ақ, асырап алған адамдарда баланы асырап алу туралы құжаттар мен туу туралы куәлік те жоқ. Мектепке бармауының бір себебі осы шығар. Олар балаға ие бола алмаған соң гаражға қамап қойды", - дейді Теміртау тұрғыны.

Қазір полиция асырап алған әйелді ұстады. Ал баланың өзінің ата-анасы қайда екені анықталып жатыр.

t.me/stankznews
1.3K viewsedited  03:15
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 18:33:35
Қазақстандық чемпиондар енді өмір бойына ай сайын 300 мың теңгеден астам қаражат алады

Мәдениет және спорт министрлігі әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өскенін мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 100 АЕК 306 300 теңгеден алатын болды.  

Бұл өзгерістер спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады.
1.6K views15:33
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 18:24:16
Астана соты қызын ұрып-соққан Бас прокуратура қызметкерінің әйелін жазаға тартты

Астананың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызы Аяла Маматаеваны көшеде ұрып-соққаны үшін Бас прокуратура қызметкері Қадыржан Маматаевтың әйелі Алмагүл Маматаеваны жазалады.

"Сотта баланың соққыға жығылғаны бейнежазба арқылы расталды. Сот ананың әрекетін жөн-жосықсыз және жас баланың дамуына зиянды деп таныды. Заң бойынша ата-ана баланың физикалық, психикалық және моральдық қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға міндетті. Сот баланың анасын баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі), өйткені оның әрекетінде тәрбиенің заңсыз әдістері көрсетілген. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінің санкциясында 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза қарастырылған. Сот анасына ең жоғары баламалы емес жаза – 10 АЕК көлемінде айыппұл салды", - делінген соттың мәлімдемесінде.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
1.5K views15:24
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 14:52:24
2022 жылғы қазан айында жылдық инфляция мөлшері 18,8% құрады.

Ал Қазақстандағы кейбір тауарлар 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда қанша пайызға қымбаттады?

Кестеден көре аласыздар!

t.me/stankznews
1.6K views11:52
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 14:39:08
БЖЗҚ миллиардтаған табысын қазақстандықтармен бөлісуден бас тартты.

2021 жылы Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының пайдасы 211 миллиард теңге болған. Алайда қор пайданы тек өз қажетіне жұмсайды екен.

БЖЗҚ-ны Ұлттық банк басқарады. Ғалымжан Пірматов БЖЗҚ-ның коммерциялық емес акционерлік қоғам екенін мәлімдеді. Заң бойынша мұндай ұйым табысын жеке дамуына жұмсайды. Акция бойынша дивиденттер төленбейді. Сәйкесінше БЖЗҚ табысын ешкіммен бөлісуге міндетті емес.

Бұған дейін депутат Аманжан Жамалов БЖЗҚ пайдасын елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауды ұсынған еді.

t.me/stankznews
1.6K viewsedited  11:39
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 13:30:35
«Бұл біздің де соғыс»

Ұлыбританияда тұратын қазақтар Украина әскеріне 11 жол талғамайтын көлік сатып алып берген.

t.me/stankznews
1.6K viewsedited  10:30
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 12:29:03
Сайлауалды кампания 2022: Президенттікке үміткер Қарақат Әбден тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша ашуды ұсынып отыр. Сөзінше, ата-аналар балаларды қамтамасыз ету үшін күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшада бүлдіршіндер қауіпсіздікте болады екен.

Ал сіз балаңызды түнгі уақытта балабақшаға қалдыруға дайынсыз ба? Әлде халықтың әл-ауқатын жақсарту керек пе?

t.me/stankznews
1.6K viewsedited  09:29
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 11:40:22
Цифрлық даму министрі Қазақстанда соңғы кездері не себепті интернет нашар екенін айтты.

Министр интернеттің нашарлауын кибершабуылдарға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен байланыстырды.

“Қыркүйек айының соңында Қазнетке кибершабуыл жасалғаны белгілі Қазір осындай кибершабуылдарға төтеп беру үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Біз төтеп беру үшін жағдайымызды түзетуіміз керек. Сол себепті осындай жағдай кезінде аздап проблема туындауы мүмкін. Қазір интернет қазақстандықтарда қалай ұстаса, менде де солай. Жұмыс істеп жатырмыз, кей кезде ақау болады, оны бәріміз сезіп жатырмыз. Жалпы алғанда интернет жұмыс істеп тұр, жоқ деп айтуға болмайды", - деді Мусин.

t.me/stankznews
1.6K viewsedited  08:40
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 10:51:42
2023 жылы 1-сынып оқушылары планшетпен қамтамасыз етіледі.

Планшеттерді мемлекет қаржыландыратын операторлар береді. Қазір Цифрлық даму министрлігі шығындарды есептеп жатыр. Бұл – оқушылардың ауыр сөмкелерін жеңілдету үшін жасалған шара.

«Келесі жылы 1-сыныптың 200 мың оқушысына планшет беріледі. Қазір бұл тек ауыл немесе қала оқушылары бола ма, белгісіз. Әлі шешіліп жатыр», - деді Бағдат Мусин.

t.me/stankznews
1.7K viewsedited  07:51
Ашу / Түсініктеме