Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-11-01 08:31:17
Қазақстанда диплом мен аттестат QR-код арқылы беріледі. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

QR-кодқа әр оқушының цифрлық профилі енгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп әлде колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы енгізіледі.

Ал ең қажетті қызметтер толығымен eGov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді болады.

t.me/stankznews
1.7K viewsedited  05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 07:54:18
Қазақстанда шетелдіктерден алым алу керек пе?
Anonymous Poll
73%
Иә, ел қазынасына түсетін ақша артық болмайды
26%
Жоқ, бұл Қазақстанға келгісі келетін туристердің санын азайтады
2%
Жауабымды пікірге қалдырамын
371 voters1.7K views04:54
Ашу / Түсініктеме
2022-10-13 12:37:51 Шымкентте екі студент асулы күйінде табылды.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте болған. Достық шағынауданындағы көлікжайлардың бірінен 17 жастағы политехникалық колледж студенті асулы күйде табылған. Ал 15 қыркүйекте колледждің тағы бір студенті өзіне қол салып, сарай да асылып қалған. Олар бір факультетте білім алғаны белгілі болды.

t.me/stankznews
284 views09:37
Ашу / Түсініктеме
2022-10-13 10:09:38
Түркістан облысында тұрғындар "ханның" әкімнің шығуын тізерлеп отырып сұраған видеосы тарады.

«Бізге әкім емес, хан келіпті. Ханнан тізерлеп отырып сұрау керек», - дейді видеодағы ер адам.

Әкімдік алдына жиналып, облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесуді талап еткендер шаруалар екен. Олар мақта бағасына қатысты мәселені реттеу үшін әкімге келген.

t.me/stankznews
623 viewsedited  07:09
Ашу / Түсініктеме
2022-10-13 08:49:21
-3 кандидат.

Орталық сайлау комиссиясы 3 үміткердің президент сайлауына қатыса алмайтынын мәлімдеді. Себебі талаптарға сай емес.

Қайролла Ғабжалиловтың мемлекеттік қызметті тәжірибесі жоқ екені анықталды. Сонымен қатар Қазақстанда туылмаған. Оның кандидатурасын "Асар" Оралмандар бірлестігі" ұсынған еді.

"Қазақстан құрылысшылар одағы" атынан саяси додаға түпек болған Талғат Ерғалиев те қойылатын талаптарға сай емес. Кандидат мемлекеттік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуі керек, ал Ерғалиев мемлекеттік қызметте тек 3,5 еңбек еткен.

Фатима Бизақова президент сайлауына кандидат ретінде тіркелмеді. Себебі мемлекеттік қызметте еңбек өтілі жоқ. Бизақова "Практикалық психология" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған.

t.me/stankznews
459 viewsedited  05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-10-13 07:46:07
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған үстел теннисін ойнады. Видео әлеуметтік желіде жарияланған.

t.me/stankznews
671 viewsedited  04:46
Ашу / Түсініктеме
2022-10-13 06:56:30
Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді.

Путин Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті, ТМД басшылары кеңесінің отырысы және «Ресей-Орталық Азияә саммитіне қатысады.

t.me/stankznews
113 viewsedited  03:56
Ашу / Түсініктеме
2022-10-13 06:03:27
Қазақстанды жаяу аралап шыққан 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев өз саяхаты туралы айтып берді.

Жезқазған тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев елімізді жаяу аралауды көп армандағанын айтады. Алайда туыстары ақсақалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін алаңдап, райынан қайтармақ болыпты. Алайда пандемия басталып, артынша 40 жыл бірге өмір сүрген жары да көз жұмған.

Саяхат кезінде Сәрсенбай аға 4 кг салмақ тастаған. Ал жүріп өткен 8 мың км жол жалпы денсаулығыма кері әсерін тигізген жоқ, дейді қария. Айтуынша, бұл саяхат керісінше оған қуат пен сергектік сыйлапты. Сонымен қатар жарты жылда 7 аяқ киім тоздырғанын айтады.

4 қазан күні Сәрсенбай Қотырашов өз саяхатын аяқтады. Туған Жезқазған қаласында оны сән-салтанатпен қарсы алды. Ал өңірдің басты қала құраушы "Қазақмыс" компаниясы тіпті оған екі бөлмелі пәтер сыйға тартты.

Толығырақ
СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз.

t.me/stankznews
416 views03:03
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 15:14:56
Еліміздің кей қалаларында пәтер жалдау бағасы төмендей бастады.

Krisha.kz мәліметінше, қазір бағаның төмендеуі жеті қалада байқалған. Олар: Ақтөбе, Павлодар, Орал, Астана, Қостанай мен Атырау. Бір аптада пәтер жалдау 10%-ға арзандаған.

Дегенмен Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен мен Шымкентте пәтер жалдау одан әрі қымбаттай түскен.

t.me/stankznews
115 viewsedited  12:14
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 14:06:23
Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болған тұста ұлттық саябақтың жері жеке қолға өтіп кеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді.

«Ақ жол» фракциясының жетекшісі 22 гектар жердің мемлекеттік табиғи саябақ аумағынан заңсыз шығарылғанын мәлімдеді. Бұл жер телімі қалың орман өскен Бутаковка шатқалында орналасқан.

"Сонда Медеу табиғи паркінің бақандай 20 процентін тұрғын үй қорына аудара салған, парк басшылығына да ескертпеген. Базарбектің мәліметіне сәйкес, жерді бөлу және мақсатын ауыстыру жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жобаларын келісіп жатыр дейді», - деп жазды ол.

Депутаттың мәлімдемесінен кейін Бас прокурор Берік Асылов жер теліміне қатысты тергеу жүргізуді тапсырды. Егер дәлелденсе, жауаптылар жазаға тартылады.

t.me/stankznews
519 viewsedited  11:06
Ашу / Түсініктеме