Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-10-12 13:01:31
Атырау тұрғыны бір электронды темекіні кезек-кезек тартқан оқушыларды видеоға түсіріп алған. Тексерістен кейін оқушылардың Атыраудағы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінде оқитыны анықталды.

Қызу талқыға түскен видеодан кейін оқушылардың ата-аналарына 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.

t.me/stankznews
981 viewsedited  10:01
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 12:30:04
Әлеуметтіке желіде жергілікті тұрғынды әткеншекте тербеткен Павлодар қаласының әкімі Асайын Байхан қызу талқыға түсті.

Видеоға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі мұны «жай қойылым» десе, келесілері әкімнің жақсылығын айтып жарысты.

Көп ұзамай қала басшысы Асайын Байхан пікір білдіріп, жағдайды түсіндірді. Сөзінше, видео Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарын тексеру кезінде түсірілген. Ал әткеншекте отырған тұрғын одан тербетіп жіберуін сұрапты. Ал әкім бар болғаны оның өтінішін орындаған.

Видео: Обожаю Telegram-арнасынан.

t.me/stankznews
777 views09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 12:06:33
Шенеуніктер 400 миллион теңгені бұған дейін жөнделген жолды қайта жөндеу үшін жұмсамақ болған.

Ақмола облысында Қоянды ауылындағы жолды жөндеу үшін құны 2,2 миллиард теңгеге байқау жариялаған. Алайда жергілікті жолаушы транспорты бөлімі 400 миллион теңгені бұған дейін жөнделіп, ақшасы бөлінген жобаға жұмсамақ болған.

t.me/stankznews
828 viewsedited  09:06
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 10:30:37
Ақтау қаласында Каспий теңізіне белгісіз сұйықтықтың құйылып жатқан бейнежазбасы тұрғындарды шошытты. Ластанған суды көрген тұрғындар Каспийдің уланғанын айтып, дабыл қағуда.

“Әрине, у ғой! Балшық араласқан немесе лай су осыншама қоңыр түске боялмайды. Бұл жақын жердегі кәсіпорынның суы сияқты. Тексеріп, бұны тоқтату керек!”, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Айдана Әбіл.

Маңғыстау облыстық Экология департаментінің мамандарының айтуынша, судан сынама алынған.

“11 қыркүйек күні кешкі уақытта әлеуметтік желіде Приморский елді мекенінде орналасқан "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-не қарасты №1 ТЭЦ ағынды каналындағы судың ластануы туралы бейнежазба таралды. Сонымен қатар, аталған каналға "Каспий су тұщыту зауыты" ЖШС және "Орбита" спорт кешені төгінді жұмыстарын жүргізеді. Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары жедел түрде оқиға орын алған жерге барып, арна бойындағы ластану аймағына, шолу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлады экологтар.

t.me/stankznews
1.3K viewsedited  07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 10:09:53
Қарағанды облысында ер адам азаматтық некедегі жүкті әйелін ұрып-соғып, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Мұнымен қоймай пышақпен жарақаттаған.

Жағаұстатарлық жағдай туралы әйелдің туысы мәлімдеді.

"Қолына түскен темір, кілт, белдік, үтіктеуге арналған тақта, тоқ ұзартқышпен ұрған. Пышақпен жарақаттаған, дәл ішіне қарай сермеген. Ол жүктіліктің алтыншы айында болған. Сот-медициналық сараптама жарақаттар, бас сүйек-ми және пышақ жарақатын нақтылады. Ең сорақысы келесі күні болған. Ер адам әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Оның үстіне болған жағдайды видеоға түсіріп отырған", – дейді ол.

Олар полицияға шағым түсіргенімен, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Тек прокуратуға, кейін мамандандырылған сотқа жүгінген соң полицейлер іс қозғаған. Сонымен қатар ер адам денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 20 тәулікке қамауға алыныпты. Қазір тергеу жүріп жатыр.

t.me/stankznews
74 views07:09
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 08:33:43
Кентауда 167 адам фаст-фудтан уланып қалды.

Зардап шеккендердің барлығы суши, пицца мен тауық етін жеген. Барлығы 98 адам аурухана түсіп, 47 адам амбулаториялық емге жіберілген. Олардың ішінеде 5 жүкті әйел мен 33 бала бар. Жағдайлары орташа.

t.me/stankznews
276 viewsedited  05:33
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 07:50:21
Президенттіке кандидаттар тізімі қайта өзгерді. Кеше Орталық сайлау комиссиясына тағы 2 үміткер өз құжаттарын өткізген. Олар:

Бақыт Жаңабаев, 46 жаста. Оның кандидатурасын «Қазақстан футбол әуесқойлары лигасы» қоғамдыұ бірлестігі ұсынған.

Фатима Бизакованың кандидатурасын «Практикалық психология» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Сонымен Орталық сайлау комиссиясына барлығы 12 үміткер құжат өткізді. Олар қазақ тілі бойынша емтихан тапсырып жатыр.

t.me/stankznews
247 viewsedited  04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 07:33:50
Қаңтар оқиғасының қатысушыларына рақымшылық жариялау туралы заң жобасы Мәжілістің қарауына енгізілді.

Егер заң жобасы қабылданса, 4-7 қаңтар аралығында қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандар босатылады немесе сот тағайындаған жаза мерзімі қысқартылады. Дегенмен рақымшылыққа қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар ілікпейді.

t.me/stankznews
342 viewsedited  04:33
Ашу / Түсініктеме
2022-10-12 07:07:08
«Орыс әлемінің белгісі»

Киев орталығында Пушкинге арналған ескерткіш сүріліп тасталды. Ескерткіш 1899 жылы Киев-Печерск гимназиясының оқушылары мен мұғалімдерінің жеке қаржысына орнатылған.

Ескерткіштің сүрілуін Украина қарулы күштерінің лейтинанты Денис Антиповке арналды. Ол 2022дың мамырында көз жұмған.

t.me/stankznews
462 viewsedited  04:07
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 15:54:28
Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасының орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жақында "7-20-25" орнына әзірленіп жатқан жаңа ипотекалық бағдарламаның таныстырылатынын мәлімдеді. Қазір оның шарттары заң жобасы негізінде қаралып жатыр.

"Ең бастысы, алғашқы жарна және қолжетімді ставка болуы керек. Қолдан келсе, біз бүкіл халық үшін мөлшерлемені 7 пайыздан асырмаймыз", – деді Өскенбаев үкімет кулуарында.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  12:54
Ашу / Түсініктеме