Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық чемпиондар енді өмір бойына ай сайын 300 мың теңг | Жаңалықтар - Stan.kz

Қазақстандық чемпиондар енді өмір бойына ай сайын 300 мың теңгеден астам қаражат алады

Мәдениет және спорт министрлігі әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өскенін мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 100 АЕК 306 300 теңгеден алатын болды.  

Бұл өзгерістер спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады.