Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-10-07 18:47:55
Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

"Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" үкіметтік емес ұйымы қоғам қайраткері Қарақат Әбденді Қазақстан президенті сайлауына кандидат ретінде ұсынды.

48 жастағы Қарақат Әбден – 4 баланың анасы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, ҚМДБ мүшесі. Ақмола облысының тумасы.
Мемлекеттік қызметте, оның ішінде Салық комитетінің орталық аппаратында, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. VI шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болды.

Қарақат Әбден Астанада "Қазақ қызы" еліміздегі тұңғыш әйелдер мәдени-адамгершілік ағарту институты ашты.  Ол сондай-ақ "Сен қазақсың. Мақтан тұт" кітабының авторы.

Еске салсақ, 20 қарашада Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
791 views15:47
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 16:56:04
Жезқазған мыс балқыту зауытындағы беделді қонақ: Министр зауыт жұмысшыларымен не туралы сөйлесті.

Жезқазған мыс балқыту зауытындағы әдеттегі жұмыс күні ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың келуімен ерекшеленді. Министр Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында қала құраушы ірі кәсіпорынға бас сұқты.

"Kazakhmys Smelting (Қазақмы Смэлтинг)" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытына сапары кезінде Тамара Дүйсенова кәсіпорындағы жұмыс процесімен танысып, зауыттың еңбек ұжымымен пікірлесті. Жұмысшылармен кездесуде министр оларға қазіргі таңда әзірленіп жатқан жаңа әлеуметтік кодекс, зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі бастамалар, сонымен бірге халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік жобалар туралы әңгімеледі. Одан бөлек зауыт жұмысшылары еңбек министріне өзін қызықтыратын сұрақ қойып, ведомство басшысының өз аузынан тиісті жауап алды.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар

@stankznews
1.0K viewsedited  13:56
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 13:47:41
Украинада ресейлік әншілердің әнін тыңдауға тыйым салынды. Тыйым радио және телевизияға да қатысты.

Заң жобасы 7 қазаннан бастап күшіне енді. Заңға сәйкес 1991 жылдан бастап Ресей азаматтығын алған әншілердің шығармаларына Украинада тыйым салынады.

@stankznews
1.3K viewsedited  10:47
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 13:47:39
Балқашта "Бертіс" айлағына екі жүз мың балық шабағы жіберілді.

Балқаш көлінің "Бертіс" айлағы бір күнде екі жүз мың балықпен толықты. Бұл экологиялық шараны "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС мен балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Балқаш филиалы өткізген.

Балық жіберу Қазақстанның су айдындарындағы түрлік балық санын реттеуде маңызды рөл атқарады. Бірақ экологиялық шараның мақсаты – балық санын арттыру ғана емес, елдің табиғи құндылығы саналатын Балқаш көлінің экожүйесін жақсарту. Соңғы жылдары жағалау тұрғындары көлдегі балықтар саны жыл сайын азайып бара жатқанын айтып, наразы болуда. 

Тұқы тұқымдасына жататын сазанның алты айлық (биылғы шабақтар) 200 мың шабағын Алматы облысынан Балқашқа екі арнайы жабдықталған автокөлікпен жеткізген.  Әр балықтың салмағы 9-дан 97 граммға дейін. 

Толығырақ мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар

@stankznews
1.2K viewsedited  10:47
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 12:58:23
Қазақстанда әрбір алтыншы әке өзгенің баласын тәрбиелеп отыр - Зерттеу

Қазір елімізде ДНҚ сараптамасын жасайтындар саны көбейген. 2020-2021 деректерге сәйкес сараптама жасағандардың 78%-ында "иә, әкесі екені расталды" деген нәтиже шықса, 22%-ында әкелікті анықтау тесті теріс нәтиже көрсетеді екен. Бұл әр алтыншы әкенің өзгенің баласын тәрбиелеп отырғанын көрсетеді.

Зерттеу нәтижесімен қаншалықты келісесіз?

@stankznews
1.2K viewsedited  09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 11:58:19
Астанада темір жол ауруханасы 22 қабатты қонақ үй ғимаратына көшіріледі.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің сөзінше, бұрынғы ғимаратты бұзып, жаңасын салу үшін 60-65 миллиард теңге керек. Ал Ramada Plaza қонақ үйі бірнеше жылдан бері бос тұр.

@stankznews
1.3K viewsedited  08:58
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 11:10:02
Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен 7 жылға сотталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін Шайхутдиновке қатысты мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекетке сатқындық жасау бойынша тергеу жүргізген.

@stankznews
352 viewsedited  08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 11:05:45 Алматы ҰҚКД бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов қамауға алынды.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол алаяқтық жасады деп күдіктелуде.

"Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық жедел – тергеу тобы мен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұхановқа және басқа да адамдарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген хабарламада.

@stankznews
401 views08:05
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 10:22:06 Бүгін Тоқаев ТМД елдері басшыларының Санкт-Петербургтегі бейресми кездесуіне қатысады.

Кездесу Константиновск сарайында өтеді. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 7 қазандағы келіссөз келесі аптада өтетін ТМД саммиті алдындағы маңызды кезең екенін айтқан.

@stankznews
567 viewsedited  07:22
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 09:44:50
Қазақстанда 18 жылдан кейін су тапшылығы байқалуы мүмкін.

Экобелсенділер ауыз суға қатысты дабыл қақты. Сөздерінше, елімізде алдағы жылдары су тапшылығы байқалуы мүмкін. Тапшылық ауыл-аймақтармен қатар Астанада да білінеді екен.

Сонымен қатар су тапшылығына көрші елдерден бастау алатын өзендер де әсер етеді. Қазір Қытайда су электр станциялары көптеп салынғандықтан, Ертіс өзені елімізге жеткілікті деңгейде жетпейді. Ал Қырғызстаннан бастау алатын Талас өзенінің тартылуы оңтүстіктегі шаруаларға зиянын тигізеді.

t.me/stankznews
569 viewsedited  06:44
Ашу / Түсініктеме