Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-10-11 15:16:55
Бүгін 18:00-де кезектен президент тыс сайлауынаа кандидаттардың құжатын қабылдау тоқтатылды. Орталық сайлау комиссиясына келесі азаматтар құжатын тапсырған:

Қасым-Жомарт Тоқаев – қазіргі мемлекет басшысы;

Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынған кандидат;

Мейрам Қажыкен – «Аманат» кәсіподақтар достастығы ұсынған кандидат;

Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы ұсынған кандидат;

Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" үкіметтік емес ұйымы ұсынған кандидат;

Жұматай Әлиев – «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған кандидат;

Нұржан Әлтаев – «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі ұсынған кандидат;

Талғат Ерғалиев – Қазақстан құрылысшылар одағы ұсынған кандидат;

Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған кандидат;

Қайролла Ғабжалилов – «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған кандидат.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  12:16
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 14:41:14
Теңге дизайнерлерінің бірі президент сайлауына қатысу үшін құжаттарын өткізді.

Қайролла Ғабжалиловтың кандидатурасын «Асар» бірлестігі ұсынған. Ғабжалилов ұлттық валютаны дайындау бойынша шығармашылық топ құрамында болған.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  11:41
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 14:09:46
Ақтауда 14 жастағы жасөспірім балапан жегені үшін марғауды қоршаудан асырып лақтырып жіберген. Көп ұзамай жасөспірім көпшіліктен кешірім сұрап, видео жариялады.

"Өзім бағып жүрген мысығым үйдегі балапанды жеген соң ашумен лақтырып жібердім. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды", – дейді ол видеода.

Ал полицейлер жасөспірімнің ата-анасына қатысты “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 127-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырып, 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салды.

Видео: Qumash Telegram-арнасынан.

t.me/stankznews
1.6K viewsedited  11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 13:20:59 Қазақстанға келген ресейліктер қандай жұмыс істейді?

Еңбек министрі Тамара Дүйсенованың сөзінше, жыл басынан бері 8 мыңнан аса Ресей азаматы Қазақстанда жұмысқа орналасқан. Олардың көпшілігі қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

«Бұл ресейліктердің 72%-ын құрайды. 16%-ы өнеркәсіп, шамамен 9%-ы құрылыс, 2%-ы ауыл шаруашылығы саласында қызмет етеді. Қазақстандағы ресейліктердің атқаратын қызметтері – есепші, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тасымалдаумен айналысатын тұлғалар және жүргізушілер", – деді Дүйсенова.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 13:18:16
Астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор соттан экс-министрді 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, Елжан Біртановқа жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған. сондай-ақ "2020 жылдың маусым айында санитарлық авиацияның ұшағын жеке мақсатта пайдаланған кезде" өкілеттігін асыра пайдаланды" деген айып тағылды.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 12:20:04
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері өзінің әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

@stankznews
1.3K viewsedited  09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 10:27:15
Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық студенттердің бірінің мәйіті 3 айдан кейін табылды. Құтқарушылар оны Ақсу өзенінің маңынан тапқан. Мәйіт сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне табысталды.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға 26 маусымда сағат 4-те болған. Ақсу каньонында Шымкенттегі медицина академиясында оқыған үндістандық екі студент суға батып кетті. Олардың денесін іздеу жұмыстары 3 айдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді.

t.me/stankznews
1.4K viewsedited  07:27
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 10:20:35
Үкімет Алматы облысындағы мектепке оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевтың есімін беру туралы қаулыға қол қойды.

"Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ақбейіт бастауыш мектебі бар Сарыжаз орта мектебі" мемлекеттік мекемесі "Ақбейіт бастауыш мектебі бар Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектебі" КММ болып қайта аталсын", – делінген 5 қазандағы үкімет қаулысында.

t.me/stankznews
1.4K viewsedited  07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 09:18:42
Қазақстан президенттігіне тағы бір әйел адам өз кандидатурасын ұсынды.

Белгілі құқық қорғаушы әрі қоғам белсендісі Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» респбуликалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған.

Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.

Айта кетейік, 10 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 9 кандидат өтініш берген.

t.me/stankznews
1.5K viewsedited  06:18
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 06:44:49
Атырауда 4-сынып орқушылары мектептегі әлімжеттікке шағымданды.

№25 мектептің оқушылары жоғарғы сыныптың ақша жинап, құрғақ ұнтақты жеуге мәжбүрлейтінін мәлімдеген. Бұдан кейін ата-аналары полицияға шағым түсірген.

Оқушылардың бірінің анасы жақында оның 4-сынып оқушысы баласының түрлі сылтаулармен ақша сұрай бастағанын және әкесінің әмиянынан рұқсатсыз белгілі бір соманы алып кеткенін байқаған. Әлеуметтік желіде әйел оқиға туралы жазыпты. Екі күн бұрын ол басы айналып, есінен танып қала жаздағанын айтқан.

Полицейлер бұл шағымнан кейін тексеріс жүргізіп, оқушыларды тергеген. Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оқушылар жеген ұнтақтың құрғақ сусын екенін анықтады.

Ата-аналар мектепке де шағымданған. Алайда ғимараттағы бейне бақылау камераларында күдікті ештеңе түспеген.

t.me/stankznews
566 viewsedited  03:44
Ашу / Түсініктеме