Get Mystery Box with random crypto!

БЖЗҚ миллиардтаған табысын қазақстандықтармен бөлісуден бас та | Жаңалықтар - Stan.kz

БЖЗҚ миллиардтаған табысын қазақстандықтармен бөлісуден бас тартты.

2021 жылы Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының пайдасы 211 миллиард теңге болған. Алайда қор пайданы тек өз қажетіне жұмсайды екен.

БЖЗҚ-ны Ұлттық банк басқарады. Ғалымжан Пірматов БЖЗҚ-ның коммерциялық емес акционерлік қоғам екенін мәлімдеді. Заң бойынша мұндай ұйым табысын жеке дамуына жұмсайды. Акция бойынша дивиденттер төленбейді. Сәйкесінше БЖЗҚ табысын ешкіммен бөлісуге міндетті емес.

Бұған дейін депутат Аманжан Жамалов БЖЗҚ пайдасын елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауды ұсынған еді.

t.me/stankznews