Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 61

2022-07-09 05:21:48
Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

"Қымбатты отандастар!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады", - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев құрбан айт мейрамының елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

"Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында.
Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деп түйіндеді Тоқаев.
1.1K views02:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 15:12:31
Алматыда наразылықтың жаңа оты тұтанғалы тұр.

"Крыша.кз" сайтында біреу Тереңқұрдағы 30 сотық жер сатылатыны туралы хабарландыру шығарды.

Бұл - күн сайын ондаған мың алматылық серуендейтін көне жаяу жүргіншілер бағыты. Өткен жылы оны аз ақша бөліп қайта жаңғыртқан, бұл алматылықтардың экс-әкім Сағынтаевқа ризашылығын білдіретін бір тұсы. Енді міне, Тереңқұрдың бір бөлігін 250 миллион теңгеге сатпақ.

Сонымен қатар мұнда тегін спорт алаңы бар. Белсенділер арасында Жерді бұрынғы Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамед сатады деген қауесет бар, бірақ хабарламаны сайтқа кім жүктегені әзірге белгісіз.

Дереккөз - @kozachkow

t.me/stankznews
1.3K views12:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:49:12
Естеріңізде болса, шамамен осыдан 25 күн бұрын Алматыдағы Алтын Орда базарында орын алған оқиғаны жариялаған едік. Өкінішке қарай, бүгін алған соққылардан кейін жігіт ауруханаға түсіп, 8 шілдеде жан тапсырды. "Жігіттің есімі – Қайнар. Жасы 24-те. Артында…
9.1K viewsedited  10:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:45:41 Естеріңізде болса, шамамен осыдан 25 күн бұрын Алматыдағы Алтын Орда базарында орын алған оқиғаны жариялаған едік.

Өкінішке қарай, бүгін алған соққылардан кейін жігіт ауруханаға түсіп, 8 шілдеде жан тапсырды.

"Жігіттің есімі – Қайнар. Жасы 24-те. Артында жүкті әйелі қалды. Сыныптасының айтуынша, ол "Көк базарға" барып телефонын сатпақ болған. Алайда ол жақта ер адам мен әйел "Алтын Ордада" телефон алатын таныстары бар екенін айтқан. Келген соң бас киімдегі ер адам телефонды көруге алып, қайтармай қойған. Алған соққылары салдарынан жағы сынған", – делінген желідегі ақпаратта. 

t.me/stankznews
2.5K views10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:13:54
Жамбыл облысында бала балабақшадағы өзге тәрбиеленушіні 19 жерден тістеп тастаған. Зардап шеккен Еркеназдың жақындары тәрбиешінің балаларды қараусыз қалдырғанына наразы. Айтуларынша, мұндай жарақатты 5 минутта салу мүмкін емес.

Видео «Информбюро» бағдарламасынан алынды.

t.me/stankznews
2.2K viewsedited  10:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 12:45:15
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес орын алды.

Видео авторының сөзінше, кадрда таңға жуық елордадағы клубтардың бірінен шыққан қыздар төбелескен көрінеді.

Видео - @zhest_kz_official арнасынан алынды.

t.me/stankznews
1.7K viewsedited  09:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 12:00:10
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ауруханада жан тапсырды. Айта кетейік, бүгін оған Нара қаласында көпшіліктің алдында сөз сөйлеп тұрған кезде қастандық жасалған. Қастандық жасаған Нара қаласының 40 жастағы тұрғыны көп ұзамай қолға түсті. Тоқаев саясаткердің жақындары мен туыстары көңіл айтты.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  09:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 10:58:05
Алматыда Қаңтар оқиғасына арналған ескерткіштің макеті таныстырылды.

Жобаны таныстырған Болат Әбіловтің сөзінше, ескерткіштің қақ ортасында ту ұстап тұрған – Берік Әбішев, ал жанындағы адамдар оқиға кезінде қаза болған балаларды бейнелейді. Оның ар жағында 6 қаңтарда кешке Республика алаңына шыққан "Қарапайым халықпыз, террорист емеспiз" деп ұзын баннерге жазып алған халық тұр. Тақтатасқа қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың тізімі жазылмақ.

Сонымен қатар алаңға жиналғандар Назарбаев даңғылының атауын «Қаңтар» деп өзгертуді ұсынды. Бұл көше 2017 жылға дейін «Фурманов» деп аталып келген.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  07:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 10:45:09
Украинаға өз еркімен келген бразилиялық модель Талита ду Валье қаза тапты.

Ол майдан шебінде мерген болған. Келгеніне үш апта енді өткен ол кезекті әуе шабуылдарының бірінде бункерге кіріп, қайта шыға алмай қалған. Салдарынан ол тұншығып қаза тапты.

Оны құтқармақ болған 40 жастағы жерлесі Дуглас Буриго да көз жұмды.

t.me/stankznews
1.1K views07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 09:07:25
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-Министрі Серік Ахметов мемлекеттік органдарға ресми хат жолдады.

Ол Жоғарғы соттан оны барлық айыптар бойынша ақтауды, ал оған жала жапқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді.

Бұрынғы шенеуніктің айтуынша, оны алып тастау операциясы Антикордың бұрынғы қызметкері және Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің басшылығымен жасалған.

t.me/stankznews
1.2K views06:07
Ашу / Түсініктеме