Get Mystery Box with random crypto!

Цифрлық даму министрі Қазақстанда соңғы кездері не себепті инт | Жаңалықтар - Stan.kz

Цифрлық даму министрі Қазақстанда соңғы кездері не себепті интернет нашар екенін айтты.

Министр интернеттің нашарлауын кибершабуылдарға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен байланыстырды.

“Қыркүйек айының соңында Қазнетке кибершабуыл жасалғаны белгілі Қазір осындай кибершабуылдарға төтеп беру үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Біз төтеп беру үшін жағдайымызды түзетуіміз керек. Сол себепті осындай жағдай кезінде аздап проблема туындауы мүмкін. Қазір интернет қазақстандықтарда қалай ұстаса, менде де солай. Жұмыс істеп жатырмыз, кей кезде ақау болады, оны бәріміз сезіп жатырмыз. Жалпы алғанда интернет жұмыс істеп тұр, жоқ деп айтуға болмайды", - деді Мусин.

t.me/stankznews