Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-10-07 07:59:35
Алматы облысында әкесі мен үш ұлы газға уланып, көз жұмды.

Қайғылы оқиға Іле ауданындағы «Жомарт» бау-бақша серіктестігінде болған. Үйге келген әйелі жұбайы мен үш балаының мәйітін тапқан. Анықталғандай 25 литрлік газ баллоны қолдан жасалған газ-жылыту пешіне қосылған. Қондырғыны үй иесі өзі дайындаған.

t.me/stankznews
545 viewsedited  04:59
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 06:28:29
Алматыда қаңтарда өртеніп кеткен әкімдік ғимаратын мәслихат депутатына тиесілі құрылыс компаниясы жөндеп жатыр.

Қазір әкімдікті қалпына келтіру жұмыстарына «Атрикс-Строй» құрылыс компаниясы жауапты. Shishkin_like Telegram-арнасы ұсынған мәліметке сәйкес бұл компания мәслихат депутаты Әміржан Нәбиевке тиесілі.

Нәбиев 2013 жылы «Нұр-Отан» (қазіргі Amanat) партиясына қосылып, 2014 жылы Алматы мәслихатына сайланған. Бүгінгі күнге дейін оның басқаруындағы «Атрикс-Строй» құрылыс компаниясы әкімдіктегі басқармалармен 13,5 миллиард теңгеге келісімшарт жасаған. Ал әкімдікті қалпына келтіру үшін 10,3 миллиард теңге бөлінген.

«Атрикс-Строй» компаниясы қалалық құрылыс басқармасымен жұмыс істейді. Барлығы 6 келісімшарттың тек 2-і ғана бәсеке негізінде, байқаудан кейін жасалған.

t.me/stankznews
360 viewsedited  03:28
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 06:22:00
«Ресейлік төлқұжатты көрсет те, тегін кофе ал»

Астанада фаст-фуд мейрамханалар желісі ерекше акция ұйымдастырған. Мейрамханада ілінген хабарламаның суреті желіде тарап, қызу талқыға түсті.

Бірі “Мен енді бұл орынға бармаймын” десе, бірі “Олардың ақшасы жоқ дейсіңдер ме” деп өкпесін айтты. Енді біреулері “Тегін кофемен бірге, тегін әскери шақырту да таратылсын” деп пікірлерін жеткізді.

t.me/stankznews
379 viewsedited  03:22
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 16:58:13
Қазақстандық спортшылар Әбиба Әбужақынова мен Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Жарыс Ташкент қаласында өтіп жатыр. Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі, Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақта белдесті.

Отандастарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

t.me/stankznews
588 views13:58
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 14:41:30 Халықтық коалиция Қазақстан президенттігіне Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды: Мемлекет басшысы ұсынысты қабылдады

"Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді.

Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев бейсенбі күні коалициялық форумда сөйлеген сөзінде.

Тоқаев алдағы сайлауға Халықтық коалицияның атынан қатысуға келісімін берді.

t.me/stankznews
925 viewsedited  11:41
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 13:10:25
Түркістан облысында балалар түсірген видео ұрыны ұстауға көмектесті.

Жетісай ауданында ұры екі үйді тонап, үшіншісіне кіре алмаған. Көршілерінің есігінде қалып тұрғанымен, ауласында бөгде адамның жүргенін байқаған балалар күдіктіні видеоға түсіріп алған.

t.me/stankznews
542 viewsedited  10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 11:55:04
Таиландта бұрынғы полиция қызметкері балалар орталығына шабуыл жасап, 32 адамды өлтірген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ол тапанша және пышақпен қаруланған.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес ер адам есірткі тұтынған. Көз жұмғандардың 22-сі балалар. Құрбандар саны өсуі мүмкін.

t.me/stankznews
483 views08:55
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 10:19:58
Қазақстанда президент сайлауы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау үшін халықтық коалиция құрылды.

Ерлан Қошанов партияның кезектен съезінде бірнеше ұйымның Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президент сайлауына ұсынып отырғанын айтты.

"Өздеріңізге белгілі, бізден басқа да бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөнінде келісімге келді", – деп атап өтті ол.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауына белгілі партия атынан емес, коалиция атынан қатысуды жөн деп санайтынын айтқан еді.

t.me/stankznews
139 viewsedited  07:19
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 09:15:48
Ақтауда ер адам 8 жасар қызды аңдып, азғындамақ болған.

Оқиға туралы қыздың анасы баяндады. Сөзінше, қызы және оның туысы бірге мектептен келген. Ал ер адам балаларды аңдып, үйдің жанында күтіп тұрған.

"Ол қыздың жанына келіп, әурет жерін ұстай бастаған. Балалар үйге аң-таң күйде келді. Бірнеше күн үйден шыға алған жоқ. Мектепке бармағандықтан, ер адамды ұстап, түрмеге қамады деп өтірік айтуға тура келді", – дейді қыздың анасы.

Полиция шағымданғанымен, тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға асықпады, деп ашынады әйел. Тіпті бейнежазбаны да өзі тауып алғанын айтады. Бұл туралы пікір білдірген полицейлер күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

t.me/stankznews
560 viewsedited  06:15
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 09:06:17
«Дикий Арман» құрған қылмыстық топты Ұлттық қауіпсіздік комитеті «басқарған»

БАҚ беттерінде Арман Жұмагелдиев құрған қылмыстық топты ҰҚК бесінші бөлімінің бастығы Руслан Ысқақовтың қадағалап келгені туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар қаңтар оқиғасына дайындық 2021 жылдың жазында басталғаны көрсетілген.

«Время» басылымының дерегінше, ҰҚК «Дикий Арманның» тобын ұстамай, айналып өткен.

Сонымен қатар материалда қаңтар оқиғасына дайындықтың өткен жылдың жазында дайындалғанын және «Дикий Арманға» күзет мекемесін тіркеу, қару-жарақ табу және дене бітімі жақсы жігіттерді қатарға қосу сынды тапсырмалар берілгені көрсетіледі.

"Арман ҰҚК қызметкерінің нұсқауын орындап, 17 желтоқсанда Алматыға арнайы келіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен кездескен. Ал 5 қаңтарда Ысқақов Жұмагелдиевке нақты тапсырма береді: халықты жинап, алаңға шығып, мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен кездесіп, олар бірге өз жақтастарының әрекетін ұйымдастыра бастаған», - делінген ақпаратта.

t.me/stankznews«
574 viewsedited  06:06
Ашу / Түсініктеме